Оралхан Бөкей «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Қырықбаева Ж.Қ.

Сыныбы: 11 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Оралхан Бөкей «Атаукере» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау

Сабақ мақсаты

Көркемдегіш құралдардың шығарманың идеясын ашудағы рөлін анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • әдеби терминдерді ажырата алады;
  • көркемдегіш құралдарды тауып, түрін ажыратады;
  • көркемдегіш құралдардың шығарманың идеясын ашудағы рөлін анықтайды.

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Кілт сөздер мен фразалар:

Менің ойымша,_________________________________________

Оны былай түсіндіремін:_________________________________

Оны мына мысалдармен дәлелдеймін.

1._______________________________________________________

2._______________________________________________________

3.________________________________________________________

Ойымды__________________________деп қорытындылаймын.

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта «Атаукере» романының мазмұнын талдады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«5 қадам» стратегиясы

Шығармадағы 5 кейіпкерді атаңыз.

Ерікті сипаттайтын 5 түрлі қасиетін атаңыз.

Айнаны сипаттайтын 5 түрлі қасиетін атаңыз.

Тағанды сипаттайтын 5 түрлі қасиетін атаңыз.

Ортасы

32 мин

Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин

Миға шабуыл

  • Көркемдегіш құралдардың қандай түрі бар?
  • Шығармада қандай көркемдегіш құралдар кездестіруге болады?
  • Шығарманың көркемдік құндылығына берер бағаңыз қандай?

Мағынаны тану кезеңі

Әдеби терминдерді анықтамасымен және мысалымен сәйкестендіріңіз (бағдарсызық арқылы)

Троп түрі

Анықтамасы

Мысалы

Метафора (ауыстыру)

Заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. 

1. Шоқпардай кекілі бар, қамыс кұлақ.

2.Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты...

Эпитет

Затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

1.Көп сөз – көмір,

Аз сөз – алтын.

2. арыстанмын , арыстаным, 3. қасқыр едің.

Теңеу

Заттың сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап, бір затты екінші затқа балау.

түсті (алтын күз); әдемілікті (алтын қасықтай); құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ); атақ-дәрежені (алтын жаға); қазына-байлықты (алтын сандық); жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі), т.б. берілуі

Тапсырма: Оралхан Бөкейдің «Атаукере» романындағы әдеби тілді құбылту түрлерін ажыратып талдаңыз.

Дескриптор:

  • үзіндіден көркемдегіш құралдарды табады;
  • олардың түрін анықтайды;
  • беретін мағынасын ашады;
  • көркемдегіш құралдардың романда атқарып тұрған ызметін анықтайды;
  • көркемдегіш құралдардың идеяны ашудағы рөліне талдау жасайды.

Үзінді

Троп түрі, білдіретін мағынасы

Көркемдегіш құралдың қызметі, идеяны ашудағы рөлі

Еріктің былтырдан бері ауылға келгені осы. Өзгермеген. Өзгергені өзі ғана секілді, көшеде көрген жұрттың бәрі бұған үрке қарайтындай сезікті сезінді. Бұрынғыдай емес, бұл ауылдың адамдары бұлдана есендесетіндей, бейне бір кісікиік көргендей көздерінің астымен сүзе қарайды, не болмаса байқамағансып, байырқаламай асығыс өте шығады.

Тек алға, алға ғана тура тартқан: жасықтық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қыңқ етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көк беттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба деген күнәлы ой түрткілеп мазаны алар еді. 

Көтерем сиырдай орнынан әрең көтерілген. Көтерілген соң буынын мықтап тұрып бекітіп алды да: — Танымай тұрмысың, Қарабауыр.

«Иттің ішіне сары май жақпайды» деген-ау. Дегенмен, осы Қарабураны өзі айтқандай көк есек ретінде пайдалансам қайтер еді». Омарташы өз ойына өзі қуанды.

Күн шалмай қағаздай ағарған, әбден әжім айғыздаған жүзі сазара қатып, ерні дірілдеді. 

Түпсіз ойдың тұңғиығына тұншыққан Айна қайтадан бетіне қалқып шыға алмай ұзақ отырды. Көзден де, көңілден де баяғыда қашаңдап кеткен жастық дәурен — қыз кезі, бірге өсіп, біте қайнасқан достары, туған-туысқандары есіне түсті. 

Екеуі қолтықтасып қатар келе жатқанда көлде жүзген аққудай аса жарасатын, дос-жарандарының бәрі қызыға да қызғана қарайтын. 

Рас, Айнаның жан сарайы азанда жауған қардай таза, тұманың суындай мөлдір, балиғатқа толмаған баладай аңқау да адал, жақсы мен жаманның, сұлулық пен сұмдықтың ара жігін ажыратып, өмір екеш өмірдің өміршеңдігі мен өшпенділігін де саналай алатын зейін бар, өзіндік көзқарас пен пайымы да жетерлік; олай болса неге ғана арқандаулы аттай өзімшілдігі басым өгей өмірді таңдады екен; неге ғана бұйығы тірліктің бұйдасын үзіп, мынау бәрі бар, бірақ еш нәрсе жоқ шыңырауда шыңғыра бермей, шырқау биікке ұмтылмайды екен; неге ғана... неге ғана... 

Оқушылар жұмыстарын жауап кілтімен тексереді.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиындық тудырды ма?

Оқылған, тыңдалған ақпараттардың көмегі тиді ме?

Қай оқушының жазғаны ұнады? Неге?

Өз жұмысыңызда нені толықтыру керектігін байқадыңыз?

Таратпа қағаз

Соңы

3 минут

Рефлексия

«3-2-1»

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу