Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.
1-тапсырма. ТЖ.
Оқушылар Л.Толстой эпопеясының «Соғыс және бейбітшілік» деп аталу себебін оқып, М.Әуезовтің роман-эпопеясын «Абай жолы» неліктен осылай атағанын ғаламтор деректері, ғалымдардың пікірлері арқылы зерттейді, атаудың тарихи құндылығын танып біледі.
Эпопея атауларының мәні, тарихи құндылығы
Смысл названия романа «Война и мир» | «Абай жолы» атауының мәні |
… в русском языке XIX века существовало два написания слова “мир”: “мир” — состояние отсутствия войны и “мiр” — человеческое общество, община. В название романа в старом написании входила именно форма “мiр”. … слово “мир” в произведении явно имеет значение “общество”. | |
На примере нескольких семей в романе показана жизнь всей России в тот трудный для нее период. Кроме того, Толстой подробно описывает жизнь самых различных слоев русского общества: крестьян, солдат, патриархального дворянства (семью Ростовых), родовитых русских аристократов (семья Болконских) и многих других. | |
… Не стоит забывать и о том, что слово “мир” в XIX веке использовалось и для обозначения патриархально-крестьянского общества. Вероятно, Толстой учитывал и это значение. | |
«Война» означает не только военные действия враждующих армий, но и воинственную враждебность людей в мирной жизни, разделенной социальными и нравственными барьерами. Понятие «мир» тоже раскрывается в своих разнообразных значениях. Мир - это жизнь народа, не находящегося в состоянии войны. Мир - это окружение человека, которое всегда рядом с ним, где бы он ни находился: на войне или в мирной жизни. …Мир - это и весь свет, вселенная. … Мир - это братство людей, независимо от национальных и классовых различий. Мир - это жизнь. Мир - это и мировоззрение, круг идей героев. Повествование в романе невидимыми нитями связывает в единое целое картины войны и мира. Мир и война идут рядом. Основная мысль: мир отрицает войну. |
2-тапсырма ТЖ.
«Керемет пікірталас»
Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді (қанша топ болатынын мұғалім белгілейді).
Əр топтан 1-2 өкіл шығып, «Соғыс және бейбітшілік» романындағы кейіпкерлер мен соған қатысты тарихи оқиғаны таңдап алады. Өздері «Абай жолы» роман-эпопеясынан осыған ұқсас оқиғалар тізбегін табады. Екі шығармадағы ұқсастық пен айырмашылықты тауып, концептуалды кесте толтырады. Кейіпкер бейнесін жасаудағы автор шеберлігі мен шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, сыни тұрғыдан баға береді.
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Әкелер мен балалар, үлкендер мен жастар арасындағы қарым-қатынас мәселесі (Болконскийлер отбасы: әкесі мен ұлы)
2. Неліктен адамға білім керек? Ата-аналар жас ұрпақтың ой-санасын қалай қалыптастырады? (Князь Болконский және қызы Мэри немесе Ростовтар отбасы)
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас қандай болуы мүмкін? (Болконскийдің інісі мен қарындасы)
4. Адам өміріндегі достықтың рөлі (Андрей Болконский және Пьер Безухов немесе Ростовтың графтығы және оның досы Анна Михайловна Дубецкая)
5. Заманына сай болу мәселесі (Пьер Безухов)
6. Адам тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі. (Ростовтар отбасы)7. Адам өміріндегі еңбектің рөлі (кәрі ханзада Николай Андреевич Болконский)
8. Үздіксіздік мәселесі. Балалар қандай өмірлік тәжірибеге, ата-аналар қандай маңызды құндылықтарға ие? (Болконскийлер: әкесі мен ұлы).
Концептуалды кесте
Негізгі мәселе | «Абай жолы» | «Соғыс және бейбітшілік» |
Эпизодтардағы ұқсастықтар | ||
Эпизодтардағы айырмашылықтар (кемі 3) | 1. 2. 3. | 1. 2. 3. |
Кейіпкер бейнесін жасаудағы автор шеберлігі | ||
Эпизодтың тарихи құндылығы | ||
Эпизодтың көркемдік құндылығы | ||
3-тапсырма ТЖ. «Тыңдайтын үшбұрыштар»
Оқушылар үш адамнан тұратын топқа бірігеді.
Спикер эпопеядағы тарихи шындықтың бейнеленуінен бір тақырыпшаны таңдап алып, талдау жасайды, Л.Толстой шығармасынан ұқсас мысал келтіре алады.
Интервьюер мұқият тыңдайды және жазып отырады, егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
Хатшы үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.
Келесі қадамда басқа оқушылармен ауысады, рөлдерді де ауыстырып орындайды.
Эпопеялардағы тарихи шындықтың бейнеленуі:
- Халқымыздың көші-қон, салт-дәстүрі;
- Ұлттық менталитетке тән жоқтау, ас беру рәсімдері:
- Тұрмыстағы күндес әйелдер ортасындағы хал-ахуал;
- Зере мен Ұлжан аналардың жас Абайға берген тағылымы;
- Абайдың Шөжеден ақындық; Бөжейден ақылға жүгінер қайраттылық; әкесі мен Алшынбайдан байлық жайлы ұғымдарды түсініп, тануы, түйсінуі. Осылардан ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстайтын толық адам, яғни, жан-жақты дамыған кемел адам туралы қорытындыға келуі.
4-тапсырма ЖЖ., ТЖ.
«Тоғыз бриллиант»
Оқушылар екі шығармадағы «Тоғыз бриллиантты», яғни
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын тарихи және көркемдік құндылығы жағынан әлемге әйгілі 9 жетістігін әуелі жұбымен ақылдасып жазады, соңынан тобымен талдайды. «Галереяны шарлау» әдісімен жазғандарын тақтаға іледі, толықтырулар мен түзетулер енгізеді.
5-тапсырма ТЖ. «Соңғы сөзді мен айтайын»
Әр топқа Сабина Зәкіржанқызының абайтанушы Т.Жұртбаевпен сұхбатынан үзінді беріледі. Топ оқиды, өзара талқылайды, «Соғыс және бейбітшілік» шығармасынан осы оқиғаға ұқсас үзінді табуы мүмкін. Автор пікіріне өз ойларын «ПОПС формуласы» арқылы білдіреді, сұхбатта айтылған деректердің қазіргі таңдағы маңыздылығын сыни тұрғыдан бағалайды.
1-топ.
– Өзгеріске ұшыраған кейіпкерлерге толық тоқталып өтсеңіз...
– Мұхтар Әуезов романды жазу барысында өзі қаламаған көлеңкелі оқиғаларды күншуаққа шығарып, Абайдың өзіне қарама-қарсы майданда болған тартыс иелерін жағымды жан етіп суреттеді. Біріншіден, Абай мен Базаралы өмірде дәл романдағыдай етжүрегі езілген дос болмаған адамдар. Бірақ Базаралының кітаптағыдай өте келбетті, бір елдің бетке ұстар, өжет адамы болғаны шындық. Базаралы негізінен өзінің басына түскен қиындықтарды өзінің өжет мінезінен тапқан.
2-топ.
Екіншіден, Әмір мен Үмітей арасындағы махаббат – үлгі тұтатын махаббат емес. Бірақ Әуезов Абайдың образы жағымды шығуы үшін өзі жақсы білген Әмір мен Үмітей тағдырын да өзгеше сипатта берген. Әуезов мұнда да көркемдік шындықты шебер пайдаланған. Ол: «Менің көркем шығарма жазып отырғанымды оқырмандардың ескеруін сұраймын. Өйткені тарихи оқиғаға көркемдік көзқарас болады» – деп жазады. Ол кітапта суреттелген көркемдік шындықты кейіпкерлердің ойы арқылы өрбіткен. Тарихи шындық пен көркем шындықты жарастырудағы шеберлік деп осыны айту керек.
3-топ.
Үшіншіден, 1-кітапта басталып, 2-кітапта өзінің ілгері дамуын күтіп отырған Абай мен Ділдә арасындағы оқиға да басқа мазмұнда баяндалған. Бірақ бұлай етпесе, «Абай» романының жарық көрмейтінін біліп, Абайды еріксіз Әйгерімге ғашық еткен. Ал, өмірде Әйгерім мен Абайдың ортасындағы жарасым өте күрделі болған.
4-топ.
Төртіншіден, Абай мен Оразбай әуелде дос-жаран болған. Оспан Семей қаласына дау қуып келген Оразбайды күйменің артында салып, 200 шақырым жерге дейін қол-аяғын байлап апарып, азапқа салған уақытқа дейін олардың арасында ашық дүрдараздық болған емес. Тіпті, Абай сабалғанда Оразбай 40 ақботаның айыбын әкелген. Сонда Абай: «Оразбайдың ашуланса, ашуланатындай маған сақталып қалған ескі кегі мен ызасы, көрген әділетсіздігі бар еді. Сол бүгін судың бетіне шыққан ғой. Мәңгілік достық болса да, мәңгілік жаулық жоқ, кештім» – деп, татуласып, бесік құда болған. Абай бауырына басқан немере қызы Ақылияны Оразбайдың немересі Сәниязбекке атастырып, екеуі бесік құда болған.
5-топ.
Мұхтар Әуезовтің қаламгер ретіндегі шеберлігі осы тарихи, өмірлік, көркемдік шындықтың арасындағы үйлесімдікте жатыр деп ойлаймын. Көркем шығарма – тарихи тұлғаның өмірбаяны емес, оның көзқарастарының жиынтығы. «Абай» романы арқылы «Абай – қазақтың ғана емес, иісі адамзатқа ортақ ұлы гуманист ақын» деген ұғым қалыптасты. Демек, жазушы өзінің авторлық идеясын толығымен орындап шыққан. Ол өмірлік және тарихи шындықты көркем шындыққа жығып бере отырып, ұлы ақынның бейнесін абсолюттік мінсіз кейіпкер деңгейіне көтере білді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру