Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.


Дидактика №1

«Бес қадам»

  • Абай жолы шығармасында көтерілген 5 мәселе
  • Көтерілген мәселелердің 5 себебі
  • Мәселелердің 5 салдары
  • Осы мәселелердің 5 өзектілігі

Дидактика №2

Проблеманы айқындау кезеңі:

  • Шығармада көтерілген мәселелердің қандай өзектілігі бар?
  • Ұрпақтар арасында көзқарас алшақтығы болады. Қалай ойлайсыздар, бұл құбылыс не себепті заңды?
  • Ұрпақтар арасында көзқарас алшақтығы кейінгі ұрпақтың дамуына және қоғамның дамуына қалай әсер етеді?

Дидактика №3

1-тапсырма. Суретте. Абай өмір сүрген ортадағы мәселелерді көтеріп, сурет түрінде сипаттай отырып, постер жасаңыз.

2-тапсырма. Салыстыр. Абай өмір сүрген қоғамдағы және қазіргі қоғам құндылықтарын, өзекті мәселелерін салыстырыңыз. Тапсырманы Венн диаграммасы түрінде ұсыныңыз.

3-тапсырма. Зертте. Шығармадағы Құнанбай мен Абай образдарын ұсынудағы тарихи шындыққа зерттеу жасаңыз. Автор шешіміні пікір білдіріңіз. Шығармадағы мәселелер қаншалықты өзекті? Қаншалықты шынайы? Тарихи оқиғалармен байланысты ма? Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, қаншалықты шындыққа жанасады? Тапсырманы кесте, сызба түрінде ұсыныңыз.

4-тапсырма. Қолдан. Шығармадағы тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдерді қолданып, толық адам моделін жасаңыз. Тапсырманы ментальді карта түрінде ұсынуға болады. (Деңгейі жоғары оқушылар бұл тапсырманы жекелей орындауы мүмкін)

5-тапсырма. Дәлелде. Романдағы Құнанбайдың әділ, көшбасшы, адал, ақылды, парасатты, дана адам екенін шығармадан үзінділер келтіре отырып, дәлелдеңіз.

6-тапсырма. Талда. Шығармадығы көркем тіл қолданысына талдау жасап, шығармадан дәлелдемелер ұсыныңыз. Жұмысыңызды кластер, кесте түрінде ұсыныңыз.

Дескриптор:

  • Тапсырманы креативті түрді ұсынады;
  • Шығарма үзінділерін қолданады;
  • Шығармада көтерілген мәселелерге сілтеме жасайды;
  • Жұмысты қорғау барысында топ мүшелері белсенділік танытады.

Дидактика №4

Дескриптор:

1. Жазылымның кімнен екендігін нақты көрсетеді;

2. Жазылым аудиториясын айқын ұсынады;

3. Жазылым жанрының құрылымын сақтайды;

4. Тақырыптан ауытқымайды;

5. Жазылымды 170-180 сөзбен ұсынады;

6. Жазылым барысында кем дегенде 5 көркем тәсіл қолданады.

Рөл/

Кімнен?

Аудитория/кімге?

Форма/қандай формада?

Тақырып/не жайында?

Абай

Құнанбай

хат

Қодар оқиғасына қатысты наразылығы

Құнанбай

Абай

Монолог

Билікке араласу маңыздылығы, білімді өз мүддесіне пайдаланудың қажеттілігі

Ділдә

Абай

Диалог

Абайдың тоқал алуына қатысты өкпесі

Қодар

Құнанбай

хат

Болған оқиғаға қатысты ақталуы

Кәмшат

Бөжей

Ой толғау

Салт-дәстүрдің құрбаны болған сәби мұңы

Дидактика №5

«Блоб» ағашы

Сабақтың басындағы көңіл-күйім ....

Сабақтың ортасындағы көңіл-күйім ....

Сабақтың соңындағы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу