Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.


Дидактика №1

Топқа бөлу: Сыныптағы оқушылар қағаз қиындыларын таңдау арқылы, 4 топқа бөлінеді.

1-топ. Əдебиеттің негізгі объектісі — өмір. Ал əдеби сынның негізгі мақсаты — бүгінгі күн əдебиетінде,əдеби процесте болып жатқан сипатты жаңалықтарды, ондағы жетістіктер мен кемшіліктерді уақтылы ашып көрсету.

2-топ. Сын көбіне, бүгінгі əдеби процесті зерттейді; оның ертеңгі даму қамын ойластырып, жол нұсқап отырады. Бұл ретте сынды əдебиеттің келешегіне бағыт сілтер ғылым деп шартты түрде атауға болатын секілді.

3-топ. «əдеби сын дегеніміз — əдебиеттану ғылымы мен қоғамдық ғылымдардың тоғысқан түйінінен пайда болып, күнделікті əдеби процесті зерттейтін, оған баға беріп, оқырманның рухани əлемі аясында қызмет атқаратын əлеуметтік сананың сан қырлы саласы»

4-топ. Əдеби сынның тарихына көз жібергенде, оның пайда болу, даму жолдарының əдебиеттің өсіп-өркендеу бағытымен сəйкес келіп отырғандығы байқалады. Əріге бармай-ақ, ХІХ ғасырдағы орыс əдебиетінде А.Пушкин, Н.Гоголь, Л.Толстой сияқты алыптардың кезінде əдеби сын да шарықтап, шырқау биігіне көтерілді. ХХ ғасырдағы əдебиеттің сыны күні бүгінгі биігіне шықты. Қазақ əдебиетінде үстіміздегі ғасырдың алғашқы кезеңінде Абайдың, Ахметтің, Мағжанның, Шəкəрімнің, Жүсіпбектің, тағы басқалардың шығармаларының жарық көруі əдеби-сыншылық ой-пікірлердің жаңаша қарқынмен дамуына түрткі болды

Дидактика №2

Дескриптор

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннің негізгі идеясын анық көрсетеді;

Әңгіме сюжетін креативті түрде ұсынады;

Әңгімеде көтерілген 1 мәселені көрсетеді;

Мәселенің өзектілігін дәлелдеп, талдайды;

Қорғау барысында топ мүшелері толық қатысады.

Дидактика №3

«Инсерт» әдісі

«V» - «Білемін»

«-» «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»

 АННОТАЦИЯ-сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Латынша ескертпе деген сөздің мағынасын беріп, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеологиялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.

 «Аннотация» латын тілінен аударғанда «annotatie» - «ескертпе» деген мағына береді, кітаптың, мақатаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама». Бұл жанр туралы да әртүрлі тұжырымдар бар: «Аннотация сол шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді»,-дейді профессор Тұрсынбек Кәкішев. Осындай анықтаманы академик Мұхаметжан Қаратаев пен профессор Тауман Амандосов та айтқан. Сайып келгенде, аннотацияға мынадай сипаттама беруге болады: «Аннотация - бір ғана шығарманың қысқаша мазмұны». Аннотацияның кітапқа жазылатын еңбектің бірінші бетінде берілетін өте шағын түрі және баспасөзде басылатын шығарманың қысқаша мазмұнымен бірге қосымша пікір, үгіт-насихат жасауға құштар авторлардың мақаласы кездеседі. Аннотацияға қойылатын талаптардың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни, аннотацияға бірдей талап қойылмайды. Кітаптың алғашқы бетіне берілетін аннотация мен баспасөз беттеріндегі аннотацияның өзара айырмашылығы бар. Қазақ баспасөз беттерінде аннотациялір көп кездеседі, және ол үлкен өзгеріске ұшыраған түрде кездеседі. Аннотацияның басты қызметі кітапқа қысқаша сипаттама беру десек, кейде аннотация жазушылар кеңейтіп жазу барысында басқа жанрға ауысып кетіп жатады

Дидактика №4

Дидактика №5

Тапсырма №2. Жеке жұмыс

Оқушыларға аннотация үлгісі беріледі. Осы үлгі негізінде оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясына аннотация жазады.

Үлгі:

 Жазушы Қ.Түменбайдың «Қобыз мұңы» атты әңгімесі – ұлттық таным тұрғысында жазылған туынды. Мұнда автордың баса назар аударатыны – жалғыздық мәселесі. Жалғыздық сипатын өзгеше көрсету үшін, онда әкелі-балалы екі ұрпақ өкілінің көзқарас алшақтығы негіз етілген.

 Желтоқсан оқиғасының солақай саясатын жазушы отбасындағы әке мен қызы арасындағы түсініспеушілік арқылы көрсетеді. Әңгімеде прокурор Хайдар Алпамысов пен оның қызы Бэланың күнделікті күйбең өмірдегі және қоғамдағы көзқарастарының әртүрлілігі көрініс табады. Әкесі өзінің қалауымен қызын скрипка мамандығы бойынша оқуға бергенімен, қызының қалауы қобыз мектебіне түсу болатын. Әкесінің пікірінше, қызы тартқан скрипка үнімарқұм әйелінің үні іспеттес. Ал қызы қобыз сарынын о дүниелік болған анасының даусымен байланыстырады. Әкесі үшін қобыз екі аяқтың ортасына қыстырып отырып тартатын ыңғайсыз аспап болса, қызының ойынша, әуез шығару үшiн барлық аспап адам денесіне жақын болуы керек. Әкесі қобызды ескіліктің қалдығы деп санаса, қызы оған қызығып, зерттеуге кіріседі. Алаңдағы бас прокурор сынды әкемнің де қазақшасы шала ма деген ойға шомады, өзінің, халқының өткеніне деген қызығушылығы артады. Әкесі үшін қызметі сондай маңызды болса, қызы «Жалғыз қызын тәрбиелей алмаған бейшара. Органнан кетсең өлем дейсiң бе?» деп іштей кінә артады. Қызы жастармен бірге алаңға шықты, «Менiң Қазақстанымды» шырқап‚ әндетiп‚ көше аралады. Әкесі таныстарына ортаға салып, қызын тізімнен өшіргізіп тастады.

 Көп ұзамай әкесі үлкен кісінің айыбын мойнына қоя алмағаны үшін, бұлтартпас айғақ таба алмағаны үшін жұмыстан ығыстырылып‚ жай тергеушi болды. Одан соң тіпті жұмыстан шығуға мәжбүрледі.

 Қызы тиынды сом ғып тiрнектеп жинап жүрiп, дүкеннен қобыз сатып алды. Қобызды әкелген бетте шешесiнiң жансыз бейнесiмен қатар қағылған шегеге iлiп қойды. Әкесі жұбайының көптен көрмеген күлiмсiреген портретiне қарап селт тұрып қалды да‚ шегеде салбыраған қоңыр қобызды көргенде шалт бұрылып кеттi.

 Бэла алабұртып тұрып, қара радионы бұрап қап едi‚ атақты қобызшының орындауында концерт берiлiп жатыр екен. Күңiренiске толы мұңлы сарын бiткен кезде, Бэла қобызды қолына алды. Әкесi зарлы әуенге шыдай алмай, етпеттеп жатып, жастықты жасқа шылады...

 Дескриптор:

  • Кітапты кім, қашан жазғанын көрсетеді;
  • Кітаптың не туралы екендігін баяндайды;
  • Кітапты оқыған адам қандай әсер алатынын жазады;
  • Туындының басты кейіпкерлеріне тоқталып өтеді;
  • Кейіпкерлердің ерекшеліктеріне баға береді;
  • Қорытындыда тұжырымды сөйлем ұсынады.

Дидактика №6 «Өзін өзі бағалау»

Дескриптор

Төмен

Орта

Жоғары

 Кітапты кім, қашан жазғанын көрсетеді;

 Кітаптың не туралы екендігін баяндайды;

 Кітапты оқыған адам қандай әсер алатынын жазады;

 Туындының басты кейіпкерлеріне тоқталып өтеді;

 Кейіпкерлердің ерекшеліктеріне баға береді;

 Қорытындыда тұжырымды сөйлем ұсынады

Дидактика №7

«Блоб» ағашы

Сабақтың басындағы көңіл-күйім ....

Сабақтың ортасындағы көңіл-күйім ....

Сабақтың соңындағы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу