І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 14 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Тарихтың шертіп пернесін

І. Есенберлин «Қаһар» романы

Оқу бағдарламасына сілтеме

Б/С3 Әдеби эссе

11.3.3.1 шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы әдеби эссе жазады

Оқушылардың көбі шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссені жақсы жазады

Оқушылардың кейбірі шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссені терең талдап жазады

Бағалау критерийі

  • Шығарманың идеясын талқылайды
  • Көркемдік –эстетикалық құндылығына баға береді

Құндылықтар

Отансүйгіштік, өз еліне деген құрмет, елін, жерін қорғау

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: т.с.с

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

Менің ойымша....; себебі......; Оны мен былай дәлелдеймін..... Қрыта келе,......

Алдыңғы білім

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6мин

Қызығушылықты ояту:

«Ойланып көрейік» әдісі.

Жазушы оқырманын қалайша баурап алды?

Пейзаждың романдағы рөлін автор қалай береді?

Кейіпкер кескіні қалайша сомдалды?

Оқырманды кейіпкерге еліктету әсері қандай?

Оқырман қай кейіпкерге еліктегісі келеді? Оның сыры неде?

Сабақтың ортасы

Мағынаны ажырату

ЖЖ.

Тапсырма1

  • Шығарма идеясы қандай?
  • Шығарма идеясын берудегі автордың көркедік-эстетикалық құндылығын талдаңыз. Талдау барысында төменде ұсынылған тірек сөздерді қолданыңыз.

а)пейзаж

ә)портрет

б)сюжет

в)диалог

г) монолог

ғ) шешендік өнер

Ж

Тапсырма2

Шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, « «Қаһар» романының көркемдік-эстетикалық құндылығы» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Жазу барысында төменде берілген сөйлемдерді қолданыңыз.

Қолданылатын сөздер мен ойлар:

  • авторлық баяндаудың өзі шешендік сөзбен өрілген
  • Тарихи тұлғалар ғана емес, қарапайым кейіпкерлер де шешен тілмен келісті сөйлейді.
  • Бітімге, келісімге келуді үлгі тұтқан қазақтың әрекетін баяндағанда жазушының алмас қылыштай жарқылдап, көл-көсір төгілгенін байқау қиын емес.
  • Автор ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітірген қазақ болмысын ашу үшін ғана емес, асқан келісті сөзді, тау суындай арындаған қуатты сөзді басқа ұлт өкілдерінің де аузына сала білген.
  • Аласапыран, қанды оқиғалар болсын, келімге келу болсын, махаббат мәселесі болсын, бәрінің көркемдік-эстетикалық қызметін мінсіз атқару арқылы шығарманың бүкіл негізгі идеясын шебер қиюластыра алаған.
  • Жаны сұлу, мінезі мəрт көшпенділер
  • Қаламгер қолданған көркемдік-эстетикалық ізденістер жүйесі автордың жетекші идеясын алдыға шығарады.
  • Бүкіл сюжеттік желілердегі кейіпкерлер іс-əрекеті, сөйлеген сөзі, дүниетаным, көзқарасы — бəрі де осы жетекші идеяға бағындырылған.

Бағалау критерийі:

  • Идеяны талқылайды
  • Көркемдеуіш құралдардың берілуін талдайды
  • Эстетикалық мәінін саралайды
  • Эссе құрылымын сақтайды

Кері байланыс

«Бүгінгі сабақта мен(маған)...» әдісі

Тапсырманы толық орындай алдым,

Түсініксіз/түсінікті болды

Қиын/ оңай болды

Көмкек керек/ көмек керек емес

https://kitap.kz/audio-book/koshpendiler_iii_kitap

«Қаһар» романы

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Көңіл-күй рефлексиясы арқылы оқушылардың сабақтан кейінгі көңіл-күйін анықтау

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу