Абай Құнанбайұлы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Абай Құнанбайұлы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
Сабақ мақсаты: | Бағалау критерийлері |
1. Әдеби шығарманың құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну. 2. Шығармадағы көркемдегіш құралдарының қызметін талдау | 1. Құрылысын талдау арқылы автордың идеясын ашады; 2. Көркемдегіш құралдарды талдауда теорияға сүйенеді; |
1-тапсырма: Сөздікпен жұмыс
Мақсаты: Көнерген сөздермен таныстыру.
- Қиық қағаздардағы сөздер мен олардың түсініктемелерін сәйкестендіріңіз;
- Сәйкестендіруді жауап кілтімен тексеріңіз.
Дескриптор:
Сөздердің мағынасын дұрыс анықтайды;
2-тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу
Мақсаты: Әдеби шығарманың құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.
- Өлеңді жұпта оқыңыз;
- Сұрақтарға жауап беріңіз:
Өлеңнің фабуласы қандай?
Автор өлеңді нешінші жақта жазған? Оның мәні неде деп ойлайсыз?
Автордың тыңдарманы - кім? Оған автордық қарым-қатынасы қандай?
Автордың көңіл-күйі қандай?
Авторды қандай мәселе мазалап тұр?
Дескриптор:
Жауаптарына өлеңнен дәлел келтіреді;
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде - ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн - бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қалпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?
3-тапсырма: Өлеңнің тілін талдау
Мақсаты: шығармадағы көркемдегіш құралдарының қызметін талдау.
Берілген кестені толтырыңыз.
Өлеңнен үзінді | Көркемдеуіш құрал түрі | Анықтамасы | Астарлы мағынасы |
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың | |||
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? | |||
Аузымен орақ орған өңкей қыртың. | |||
Сапырылды байлығың, баққан жылқың |
Дескриптор:
Жауаптарына өлеңнен дәлел келтіреді;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?