Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 9-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Турлыбекова Салима Кеңесбековна

Сынып: 9 «» 1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы

Сабақтың мақсаты

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау

 Бағалау критерийлері

  • шығармадағы көтерілген мәселені түсінеді;
  • әдеби-шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті,тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Ж/ЖЖ/Т «Ойлан, бөліс,талқыла!»

 «Бәйтерек» ненің символы?

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

Слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану «Жорға сұрақ»

1.Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу кімнің идеясы?

2.Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қашан қабылдады?

3.Ақмоланың атауы Астана болып қай жылы ауысты?

Кері байланыс «Бас бармақ»

1-тапсырма. Ж Н. Айтұлының «Бәйтерек» поэмасынан үзіндіні оқыңдар.

2-тапсырма. ЖЖ «Кафель» әдісі.

Поэмадан алған ақпараттарыңды А3 парағына түсіріп, жұпта бір-біріне түсіндіріңдер.

3-тапсырма. Т

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасаңдар.

Дескрипторлар:

Білім алушы

  • шығармадағы көтерілген мәселені түсінеді;
  • ақпаратты анықтайды;
  • сюжеттік-композициялық талдау жасайды;
  • басталуын біледі; дамуын ажыратады;
  • байланысу кезеңін табады;
  • шарықтау шегін анықтайды;
  • шешімін біледі.

Жұптық бағалау және мұғалімнің кері байланысымен бағаланады.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «Иә, жоқ, себебі»

  • Оқу мақсатына жетуде қиындық болды ма?
  • Өзіңізге қажетті білім алдыңыз ба?
  • Қиындық туындаған тұсы болды ма?

Үйге тапсырма: поэманы оқу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Жұптық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Қазақ әдебиеті,тарих пәндерімен байланысып, құрмет құндылығы дамытылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

сы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу