Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы. Эссе жазу. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 10-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4.Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Смагулова Р.А.

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы.

Эссе жазу.

Оқу бағдарламасына сілтеме

3) бағалау және салыстыру:

3. Әдеби эссе

Сабақтың мақсаты

9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Поэманың идеясына жан-жақты талдау жасайды;
  • Поэманың мазмұнын сыни тұрғыдан салыстырып, бағалайды.
  • Әдеби эссе жазады.

Тілдік мақсаттар

Мәтіннен негізгі тірек сөздерді таптыру.

Поэмадағы ауыспалы мағынадағы сөздерді, тұрақты тіркестерді таптыру.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық позиция, құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

5 минут

Қызығушылығын арттыру.

Бейнебаянды көреді. Песочная анимация Легенда Байтерек.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары айтылады.

https://www.youtube.com/watch?v=sKFNuAnxRJk

Ортасы

5 минут

5 минут

20 минут

Мағынасын ашу

1-тапсырма.

Мәтіннен негізгі тірек сөздерді таптыру:

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», - деді Н. Назарбаев.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.  Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.   Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.  Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Мемлекет басшысы  Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алғандығын айтты. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.  Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».

««Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы,   ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым!  Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!», - деді Мемлекет басшысы.

Дескриптор:

Мәтіннен негізгі тірек сөздерді табады.

2-тапсырма.

Мәтін мен поэмадағы ойдың ұқсастықтарын салыстыру.

Дескриптор:

Мәтін мен поэмадағы ойдың ұқсастықтарын салыстырады.

Бағалау.

3-тапсырма.

Жазылым

Эссе жазу: ««Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз сол армандарды ақиқатқа айналдыра аламыз ба?»

Дескриптор:

Поэманың идеясын ғаламдық тұрғыдан бағалап, әдеби эссе жазады.

Презентация

Мәтін

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.«БББ» тәсілі

Үйге тапсырма: Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасынан үзінді жаттау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дереккөздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырма мен екінші тапсырманы орындағаннан кейін, эссе жазуда сол алған ақпараттарды қолдануға бағыттаймын.

Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс.

Азаматтық позиция, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, ыңғайлы отырғызу т.б.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқу мақсаттары толық жүзеге асты. Оқушылар екі жанрдағы мәтіндерді салыстырып, олардың ұқсастықтарын анықтады. Жұптаса отырып, бір-біріне қолдау жасап, тапсырманы түсініп орындады. Эссенің құрылымын еске түсірді. Эссені жазуға қажет ақпараттарды жан-жақты меңгерді. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабақ өтуде Қазақстан тарихы пәнімен байланыс тығыз болды.

Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:Елбасының сөзі мен поэманың ұқсастығын таптыру.

2. Қазақстан тарихымен байланыстыру.

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Поэмадағы көркемдегіш тәсілдерді көбірек таптыру.

2. Эссе жазуға қажетті кілт сөздерді алдын ала жаздыру.

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?

Оқушыларға поэмадан үзінділер жаттату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу