Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.


1-топ:

Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң,

Шын інім болсаң, бас ұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған.

Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,

Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.

Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға,

Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға.

Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,

Бұлбұлдың даусын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.

2-топ:

Сағынбай барсаң таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,

Ойлауы мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап.

Үмітке толы, арманға толы, әр жерде бір түп қарағай,

Сағынбай жүрсе қалуы мүмкін жамырасуға жарамай.

Биікте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған,

Сені мен менің ғасырлап күткен сағынышымнан оянған.

Бабалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін,

Әжелер бізді сағынған, жаным, талдырып асқар иығын.

3-топ:

Көкірегіңде сағыныш барда, мұрат та сенде бар жаным,

Алдыңда тұрған қыраттың сағын көрінбей жатқан ар жағын.

Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,

Алыңнан орман кес-кестеп шықса, сағынышыңмен көктеп өт.

О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,

Ондағы жандар көз ашпас еді ау, сағыну менен шаршаудан.

Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық беу, дүние,

Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан.

4-топ:

Сағыныш деген молшылық қазына, бола да берер артық-кем,

Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар тіптен.

Мен мынау ыстық жүрегімменен қара тасты да сағынам,

Қаланып қалса тәртіппен.

Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,

Бірге қанат қақ қасымнан қалмай, сағынып көрген қарағым.

Жалғасын сен айт, бұл асқақ әннің жабылып кетсем мен егер,

Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.

1-қадам. Жазушы тілі

1.1 Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіндегі жазушы тілінің сөздігі.

 Жазушы тілі

 Мысал

Мақал – мәтел

Шешендік сөздер

Басқа тілден енген сөздер

Тұрақты тіркес

Көнерген сөз

Жазушы жиі қолданатын сөздер

1.2 Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (троп пен фигура) анықтау

Шығарманың үзіндісін кесте бойынша талдау.

Көркемдегіш құрал

Үзінді

Беретін мағынасы

Дескриптор:

  • Шығармадағы жазушының тілін анықтайды;
  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды тауып, талдай алады.

Топтар жұмыстарымен алмасып, бір-біріне кері байланыс береді.

2-тапсырма. Зерттеу сұрақтары арқылы автор стилін анықтау мқсатында әр топ ашық сұрақтарын құрастырады.

(Оқушылардың топта өзара сұрақ құрастыруына мүмкіндік беріңіз. Егер уақыт жетімсіздігі болса, дайын клишелерді беруге болады.)

1. Ақынның поэмасына негізгі арқау болған тақырып не?

2. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

3. Автордың стиліне баға беріңіз

Бағалау. Кері байланыс бере отырып, топ арасында төмендегі бағалау кестесі арқылы бір-бірін бағалайды:

Дескриптор:

1- топ

2-топ

3-топ

4-топ

1

Әр топ бір-бірінің сұрақтарына жауап бере алады

2

Автор стиліне баға бере алады

Ұсыныс:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу