Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 15-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Қиял мен шындық

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

А/И4. Шығармашылық жұмыс

 Сабақ мақсаты

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу

 Бағалау критерийі

«Дабыл» әңгімесінен алынған үзінділерді өңдеп креативті жазады

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: ай беті, жасыл желек, мәңгілік мұз, саф ауа

Пән лексикасы және терминология: креативті жазу

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

Ұлтжандылық, жаңашылдық

 Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, астрономия

Алдыңғы білім

Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі.

Шығармадағы автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

7-8

Қызығушылықты ояту

«Телеграмма» әдісі

Оқушылар 10-15 сөзден тұратын Жер ғаламшары туралы Күнгей ғаламшарының ғарышкерлеріне телеграмма жазу ұсынылады. 2-3 минут телеграмма құруға беріледі, содан соң барлығы өз телеграммаларын оқып, болжау жасайды.

Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Сабақтың ортасы

9-18

19-24

25-32

33-35

Мағынаны тану

1-тапсырма. «Кейіпкерді таны» әдісі

Оқушыларға «Кейіпкерді таны» кестесі жазылған қима қағаздар таратылады.

  • Оқушылар «Дабыл» әңгімесін көз жүгіртіп оқып шығады.
  • Кейіпкерлердің өзара қатынасын топ ішінде талдап, әр оқушы кесте толтырады.

Кейіпкер

Іс- әрекеті мен мінезі

Автордың осы кейіпкерге көзқарасын әңгіме арқылы дәлелдеу

Жасаған

Төлен

Таңатар

Жантас

Қазыкен

Балбек

Баламұрат

Жанқуат

2-тапсырма. « Кейіпкерге хат» әдісі

1- қадам: Шығарма кейіпкерлерін бөліп алады.

2 - қадам: Берілген кейіпкерлерге олардың іс – әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек екенін түсіндіріледі.

3 - қадам: Мұғалім бұл сұрақтар күрделі болу керектігін есіне салады. Төмендегі құрылымды үлгі ретінде тақтаға жазып қоюға болады:

 Егер ... , не болар еді? Неге...? Неліктен ...?

4-қадам: Осы сұрақтарға оқушылардың өзі мүмкіндігінше

балама жауап ұсынуы қажет екенін түсіндіріледі.

  Мүмкін,... ... болған шығар?

3-тапсырма. «Креативті жазу»

Мұғалім «Дабыл» әңгімесінен бірнеше үзінді таратады. Оқушылар оларды өз таңдауы бойынша бөліп алып, қиялгер жазушы ретінде берілген үзіндіні қайта өңдеп, креативті жазады.

Өздік бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

«Дабыл» әңгімесінен алынған үзінділерді өңдеп креативті жазады

10-15 сөзден тұратын телеграмма жазады

өз телеграммаларын оқып болжау жасайды

кейіпкер кестесін толтырады

кейіпкердің іс- әрекеті мен мінезін анықтайды

автордың кейіпкерге көзқарасын дәлелдейді

кейіпкерге сұрақ түріндегі хат жазады

Үзіндіні өңдеп креативті жазады

презентация

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия

Үй тапсырмасы

  • Ж.Сахиевтің «Дабыл» фантастикалық әңгімесі бойынша зерттеу жұмыстарымен танысу.
  • Зерттеу нысанына назар аудару.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу