Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 15-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ :

Мектеп:

Пән:

Күні :

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

«Қиял мен шындық»

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А/И 4 Шығармашылық жұмыс

Сабақ мақсаты:

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

Жалпы адамзат құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Көктен келген көшпенділер doc.nlrk.kz/result/ebook_54

Бағалау критерийлері:

  • Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады.

Дескриптор

  • үзіндіні мақсатына сай таңдай біледі;
  • үзінділерді қайта өңдеп, креативті жаза алады.

Тілдік мақсаттар:

ай беті, жасыл желек, мәңгілік мұз, саф ауа

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығармадағы автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Оқу мақсаттарымен таныстыру

Бағалау критерийлерін хабарлау

«БББ»

Оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады

- Олар нені біледі?

-Олар нені білгісі келеді?

-Олар нені білді?

1-слайд

Сабақтың ортасы

10 мин

8 мин

10 мин

8 мин

1-тапсырма « Жалғастырып жазу» әдісі

Оқушылар берілген үзіндіні өңдеп, әңгімені жалғастырып жазады.

«...Содан сәл жүргенде көлік айнасына бірдеме жарқ етіп шағылысқандай болды. Төлен көлікті кілт тежеді де, есігін ашып жерге қарғып түсті. Шағылысқан дене шынында аспанда екен. Алып транзистор тәрізденген бірдеме тарбия қалықтап сай аңғарына қарай түсіп барады.

 Аспан кемесі біршама уақыт тым-тырыс тұрды. Сонан соң астыңғы жағынан сыр етіп кішкене кабина жерге түсті.»

2-тапсырма «Ақпараттағы ақаулық» тәсілі

Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. 1-оқушы шығарманың елу пайызы жазылған үзіндісі, 2-оқушыға қалған бөлігі беріледі. Жұптағы оқушы бір - біріне өз бөлігіне қатысты түсініктеме береді. Жұптар сыныппен кері байланыс орнатады.

3-тапсырма « Кейіпкерге хат» әдісі

1- қадам: Шығарма кейіпкерлерін бөліп беріңіз.

2 - қадам: Берілген кейіпкерлерге олардың іс – әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек екенін түсіндіріңіз.

3 - қадам:Бұл сұрақтар күрделі болу керектігін есіне салыңыз. Төмендегі құрылымды үлгі ретінде тақтаға жазып қоюға болады:

 Егер ... , не болар еді? Неге...? Неліктен ...?

4-қадам: Осы сұрақтарға оқушылардың өзі мүмкіндігінше балама жауап ұсынуы қажет екенін түсіндіріңіз.

  Мүмкін,... ... болған шығар?

4-тапсырма «Креативті жазу»

Мұғалім шығармадан бірнеше үзінділерді таратады. Оқушылар оларды өз таңдауы бойынша бөліп алып, қайта өңдеп, креативті жазады.

Ұсынуға болатын үзінділер:

«Жазулар құпиясын ашу», «Көктен түскен тас сыры» т.б.

2-слайд

3-слайд

4-слайд

Сабақтың соңы

2 мин

Кері байланыс. Оқушылар стикерлерге мұғалімге ұсынстарын жазады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

1-тапсырмада оқушылардың спортшылар арқылы қызығушылығы артты. Осылайша өмірбаян, мінездеме жазу оларға қызықты бола түсті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу