Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 10-сабақ.


"Ұшқан ұя" романындағы образдар жүйесі

 Имаш-Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.

Қызтумас –әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.

Момыналы –Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.

Рәзия –Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.

Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.

Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.

Үбіш –Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.

Серкебай –әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.

Қожамқұл –ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.

Орманқұл –Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.

Зейнеп апаның жазбалары

 Бауыржан Момышұлы атамыздың дара келіні көненің көзін көрген өрелі сөзін өрген қазақ келіндерінің айнасы салт-дәстүрді жете түсінген жазушы Зейнеп Ахметованың атасы туралы жазған естеліктерінен бөлек «Апамнан түртіп алғандарым» деп жазған жазбаларынан:

1. Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады. Бізсонаутарихымыздансалт-дәстүрге бай елміз.

2. Қазір Қазақты батысы жалаңаштап шығысы тұмшалап жатыр. Рухы əлсіздер еріп кетіп жатыр. 3. Сауысқан тоты боламын деп жүрісінен жаңылыпты. Қазір қазақтар қазақ болып қалғысы келмейді.

4. Үндінің киноларының əр сериясында салт-дəстүрін көрсетеді. Бізде де киноларқаптапжатыр. Ішіндебірсалт-дəстүрберілмейді.

5. Он еркектолтыраалмағандыбірəйелтолтырады. Сондықтанжүргенжердеанаболатынқазаққыздарынаазырақбілгенімдіайтажүремін.

6. Қызға қырық үйден тыю құлақты тескен сəттен басталады.

7. Бізде Ұлттық мектеп Ұлттық балабақша жоқ.

8. Ұлттың тірегі ана. Қыз тəрбиесіз болса сол елдің ұрпағы жүнжиді.

9. Көйлек қыздың сəні.

10. Жігіттер қуу. Шалбар киген қызбен қыдырады. Көйлек киген қызға үйленеді.

11. Қазақта Қыз ұзату тойға қызыл көйлек кигізген. Қыз күнімен қоштасу іспетті. Үйлену тойға ақ көйлек киген.

12. Тойда гүллақтырып не көрінді? Анажердеқыздарəкешешесініңкөзіншебайсұрағандайболыпталасады.

13. Қыз ұзату тойында қыз əкесімен вальс билейді. Қай қазақ қызын билеп шығарып салған ?

14. Үйлену тойда шаңырақты ұстайтын жігітке пышақ беріп торт кестіреді. Келін атасының енесінің аузына торт салады. Ертең сөйтіп енесінің көзін шұқиды. Қазақта тойдан кейін "Келін шəй" деген болған. Көрші қолаң үлкендер шəй құйысына жүріс тұрысына қарап батасын берген. 15. Қазақ киноларында ұлттық өнеге жоқ.

16. Журналисттер жайына қалды. Əртістер журналист болды.

17. Менің өмірімде бақыттың үш сатысы бар - қыз дəурен - жар болу - Ана атану.

18. Ұлттық перзентхана жоқ. Кесілген кіндік итке тасталған соң ұрпағымыз бір-бірімен итше қырылып жүр. Кіндік шеше дегенді ақшасы көп адамнан сайлап қоямыз. Бала оған ұқсамайды дə. 19. Күріш Атасы Бауыржан арқасында күрмек су ішкенмін.

20. Ықтырмаң болмаса желге өкпелеме.

21. Жаһанданудан қашып құтылмаймыз. Ықтырма - Ұлттық құндылық.

22. Қазір мынадай адамдар бар. Қазақша сөйлемейді. Түсінеді. Ит те түсінеді. Сөйлей алмайды. 23. Сыйластықта сатулы болып жатыр.

24. Жазушы боламын. Жазамын деп еш ойлаған емеспін. Атамның сөздерін асханада тұратын май-май күнделігіме жылдам жазып алатынмын. Аманатты жеткізу жолында жазушы болып кеттім.

25. Бір кісі келініне «Шуақты күндерді» апарып: «Мә, оқы. Зейнеп Ахметовадай келін бол» деп берсе, келіні: «Ондай болу үшін Бауыржандай атаң болуы керек қой» депті)

26.Қазір қыздардың бәрі еркек шора. Тойға да, киноға да, театрға да шалбар киіп барады. Шалбарды да киетін жер болады ғой айналайын.

27. Жігіттерге жаным ашиды. Бәрінен айырылды. Темекісінен де, көлігінен де, енді шалбарынан да айырылды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу