Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 13-сабақ.


Мұғалімге қосымша ақпарат

Әдеби образдың тірі адамға айналу процесі — адам айтып түгесе алмас ұзақ әңгіме.

Мінез — адамның ішкі бітімі болғанда, тип — сом тұлғасы екені мәлім. Осылардың нақтылану сырының біз айтқаннан басқа да көп-көп қырлары, яки нақтылау тәсілдері бар.

Тек мінез жағына ғана назар аударып көрелікші. Осының өзін жазушы іс жүзінде қалай жасайды? Әр түрлі тәсілмен жасайды. Бірі — тура мінездеу.

Мысалы, жас қаламгер Е. Домбаев “Болмаған оқиға” деген повесінің бас кейіпкері Әбен Нысанбаевты былай мінездейді: “Дүниеде Әбекеңнің өлердей жек көретін үш нәрсесі бар. Оның бірі — музыка, бірі — шыбын, енді бірі —саясат” (“Жұлдыз”, 1964, №4, 30-бет).

Бұл —кәдімгі “өгіздің мүйізіне” шап бергендей тура мінездеу.

Тағы бір тәсіл — жанама мінездеу. Мұнда әлгідей төтеден сипаттау болмайды, жазушы мінез-құлқын, әдет-ғұрпын анықтағысы келген жеке адамның немесе бір топ адамның өзі емес, соның қатысіл бар өзге заттарды суреттеу арқылы әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды.

Мысалға Ғ. Мүсіреповтің “Этнографиялық әңгімесін” алып қарайық. Бұл әңгімеде жазушы Жаңбыршы деген ауылдағы төре тұқын дарының өмірге икемсіз, сөзге бар да, іске жоқ дәрменсіздігін, бүгінде сіңірі шыққан кедейлігіне қарамай, баяғы бай күндеріндегі құр кеуде, паң, керенау, кердең құлқы әлі өзгермегенін, “жыртық төбелерінен жүн жұлынып шығып тұрса да, тымақтарда бір такаббарлық бар” екенін уытты, ащы мысқыл мен масқара мазаққа айналдырады. Жаңбыршы ауылының ең ардақты үлкені — “опырық ауыз сары шал”,. одан кейінгі қадірлісі “сақалы ‘бар, мұрты жоқ еркек”, одан кейінгі аяулысы — “үңірейген көсе қара…” Сырт түрлеріне қарағанда, өзімізге таныс казақылықпен “кең далада, ашан астында орын талғасып, үлкендік жасасып отырған” өңшең бір ақсүйек мыктылар. Тосьш көрген кісіге өздерінің міяез-құлдын білу-ақ қиын: “көздері бүл дүниенің ар жағындағы бірдемеге қадалғандай, бет-ауыздарында қатып қалған тас менмендік” сірестіріп қойып, үлкенінін айтқанын қалғандары екі реттен аудармай қайталап, төрт құбыла-лары теп-тегіс отырған ылғи бір ығай мен сығайлар. Бұлармен қол алысып амандасудың өзінде жазылмаған заң, бүзылмаған сән бар. Бұл — өз күйлері. Ал енді осылардын, үйлері қандай? Енді соған келейік. Қонақтарды қадірлеп апарып түсірген үлкен үйінің сиқы мынадай:

Үлкен қара үйдің іші ертедегі байлықтың қазіргі ‘: үндегі жұтау кедейліктің жайын айтып тұр. Ең алдымен бұл — киіз үй біткеннің ішіндегі ең жыртық-тесігі көп ұй.. Бес-алты уығы алақандай жалпақ, бір кезде сырланғандығы, зерленгендігі байқалады. Өзге уықтары қырық ру — бірі жіңішке, бірі иінсіз, шаңырақка тік тіреліпті. Тағы бір бес-алты уықта жосаның ізі де жок, ыстың ізі ғана бар. Аңырайған іргеден бір төрт көз қара ала ит кіріп келе жатыр. Оң жақ босағада, аласа жүкаяқтың үстінде темірмен белдеуленген аруақты бір ескі сандық, бетінде екі-үш жерде ғана сүйектелген өр-

нектің ізі қалған ескі кебеже.. Көрпе-жастық дегеннің ізі байқалмайды. Екі басы қайықтай қақырайған ағаш төсектің үстінде сырмак сияқты, кұрамыс көрпе сияқты бірдемелер қоқып жатыр. Төр алдында тай, тайынша, ешкі, лақ терілері шикі күйінде төселген. Бір кезде көк сауыһлатқан, күмістеткен үйрек бас ер осы үйдің төріне мың жыл бұрьш ілінген күйі кала бергендей, қаусап тұр. Таралғылары қырқылып күмістеткен үзенгілері үзіліп түскелі тұр.

“Үйін көр де, түсінен түңіл” дегендей, ең қадірлі қонақ қабылдайтын үлкен үйінің сиқы мынадай болса, әлгі жайсаңдардың әлгідей керіліп-созылып, “тәрбиені тай өгізге жегуінде” не мағына бар? Түк те мағына жоқ. Олай болса, бұдан асқан парықсыздық бола ма?..

Міне, бір топ төренің төл мінезін жазушы оқырманға осылай аңғартады. Бұл арада әр адамның не бар адамның мінезін тікелей баяндау жоқ, солар тұратын үйді суреттеу арқылы танытьш отыр. Мұндай мінездеу— жанама мінездеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу