Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 11-сабақ.


Мұғалімге арналған қосымша ресурс

Хат дегеніміз — біруге жазған хабарламаңыз. Хатты қағазға немесе басқа да материалдарға жазады. Жалпы айтқанда хат деп — бір немесе бірнеше адамдардың қағазға немесе басқа да материалдарды қолданып бір біріне хазған хабарламалары.Хаттың шығу тарихы.Алғашында хатты қолмен қағазға немесе басқа да заттарға (ағаш бөлікке, теріге) жазған хабарлама деп аталған. Қазіргі таңда хат жазуға электронды түрде қосылған. Яғни электонды почта немесе sms хабарламалар да жатады. Соған қоса әр түрлі медиа хаттар суреттер, видеолар да жіберуге болады.Қызықты деректер. Әлемдегі ең үлкен хат — пергаменттен жасалған. Оның ұзындығы 10 м, ені 7 метр. Бұл хат XVI ғасырда персиялық шах түрік сұлтаны ұлы Сүлейменге (Сулейман великолепный) жазған. Қазіргі таңда хат Анкараның этнографиялық мұражайында сақтаулы. Ең кішкентай хаттың қлшемі 23*36 м. Бұл хат 1983 жылы Стокгольмның почталық мұражайында сақталған екен. Хат бүкіл талаптарға сай мөрленіп, маркасы қойылып, сәйкес тарифпен ақшасы 1983 жылы төленген. Гинестің рекордтар кітабына сәйкес әлемдегі ең қымбат хат Линкольннің құлдықты жою туралы хаты. Бұл хат 2008 жылы Нюйорк қаласындағы Сотбис аукционында 3,4 милион доллорға сатылған. Сатып алушы жеке америкалық коллекционер.

1944 ЖЫЛЫ МАЙДАН ДАЛАСЫНАН ҚАЗАҚСТАН

КОМПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ

БАСШЫЛАРЫНА ЖОЛДАҒАН

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ХАТЫ

Мен әскери адаммын. Тіл мәселесіне араласарлық жөнім жоқ сияқты, бірақ айтылған мәселелер халқымыздың жауынгерлік мінез-құлқын тәрбиелеу, салт-санасы, ел намысы, адамгершілік ары, жауынгерлік мұра дәстүріне ерекше байланысты болғандықтан, көріп-біліп, сізіп тұратынымды айтпағанда, өзіме үлкен ар, кешпес күнә деп түсінемін.

Сондықтан тарихи, ғылыми, саяси әділеттік, меніңше, мынандай ұсыныстарды тілейді:

1. Аяқасты елеусіз болып кеткен қазақтандыру мәселесін қазақтардың өздерін тіл жөнінде тәртіптеуден бастап, барлық үкімет, кеңсе, ғылым, оқу, өндіріс, өнеркәсіп орындарында қайтадан әділеттікпен көтеріліп, қолға алынуы жөн.

2. Тиісті оқу орындарында қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы міндетті сабақ болу керек.

3. Осы кезде қаладағы қазақтың ұл-қыздарының төрттен үші орыс мектебінде оқитындықтан, ана тілінен хабарсыз болып өсуі молайып келе жатыр. Олардың ата-аналары орыс тілінде оқытуға өте әуес-ақ. Қазақ мектептерін менсінбейтіндері де екеудің біреуі болғандықтан, барлық қазақ ұл балалары, қыз балалары алдымен ана тілінде білім алатын болуы қажет.

4. Барлық ана тіліндегі әдебиет, оқу құралдары қайта қаралып, тіл шұбарлығынан тазаланып, елгезер мен елеуішпен еленгендей тазартылуы керек.

Тіл мәселесі бұдан былай аяқасты болып кетпес үшін:

Барлық сырттан алынған сөздер теріліп, әділ билік айтылып, сол мағынадағы «дауысы жайында» қазақтың ана тіліндегі сөздерге өз еркі өзіне қайта берілуі қажет. Қазақ тілінің бұқаралық қатарға қосылып, бұдан былай да ел аузында, жазушының қалам ұшында болуы керек.

Өзіміздің тіл байлығымызда жоқ, бұрын халқымыздың өмірінде кездеспеген жаңа заттардың аты мен атауы теріліп, заңды жүйеге салынуы керек.

Дәлдік үлгісімен атам заманнан бері қазақ сөздері жиналып, дұрыс талқыланып түсіндірілетін, ғылыми аумақты кітапты шығару шараларды қолдану керек.

Профессор Ушаковтың (Орфографиялық сөздігінің авторы) үлгісімен қазақ сөздерін дұрыс жазуға көмек болатын кітапша көп кешікпей шығарылуы керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу