Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 16-сабақ.


Шығармашылық жұмыстың бір түрі – фанфик жазу

Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік оқушы бойында кішкентай кезінен бастап болады. Оқушының шығармашылық қабілетін әдебиет сабағында қалай жүзеге асыруға болады? Мұғалім алдымен, екі мәселеге көңіл бөлгені дұрыс:

  • Алға қойған мақсат айқын, түсінікті болу керек
  • Нәтиже сараланып, оқушыны ынталандыру, тарту, көтермелеу, қызықтыру, мадақтау, мақтау, марапаттау болу керек.

  «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасында көркем мәтін бойынша, көркем шығарма бойынша дамытыла жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың келесі түрлері қарастырылған:

а) автор стиліне жақындап, еліктей отырып шығармашылық жұмыс жүргізу;

ә) көркем мәтін ішіне авторлық идеяға, оқиғаға, кейіпкерлер табиғатына өзгеріс әкелмейтіндей «өз мәтінін» енгізу;

б) кейіпкерлердің мәтінде жоқ монолог, диалогын жазғызу;

в) мәтіндегі кейіпкерлердің портретін өзі жасау, тура мінездеуді толықтыру;

е) автордың шығармасындағыдан басқадай тың көркемдік шешім табу.

Мұғалім осы мақсаттарды қалай жүзеге асырғаны жөн? Нәтижеге жету үшін қай мақсатқа басымдылық берген дұрыс?

Анализ және интерпретация

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

10-сынып

А/И4. Шығармашылық жұмыс

6.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап

жазу

7.А/И4. Шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу

8.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

9.А/И4.Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп

креативті жазу

10.А/И4. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Орта буын оқушыларымен осы мақсатты жүзеге асыру үшін сипаттап жаз, дамытып жаз, шығармашылық жұмыс жаса деген іс-әрекеттерді қызықтырып қалай жүзеге асыруға болады? Осындай ізденістің нәтижесінің бірі – фанфик жазу.

Фанфик (Фанфикшн, Фанаттың әңгімесі) — шығармашылық жанрдың бір түрі, оқыған шығарма немесе көрген кино желісі бойынша әсерін өзіндік тұрғысына дамытып жазу. Фанфик оқырманның оқып отырған сәттегі алған әсерін сипаттайды.Бұл шығармашылық жұмыс түрі 70-жылдардың бас кезінде, фанаттардың шығаратын әуесқой журналында жазыла бастады. Оның кеңінен таралуы-ғаламтор желісінде:автор бірден өз мәтінін сайтта жариялайды,сөйтіп бірден өз оқырманын табады.

Шығармашылықтың бұл түрін «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша А/И4 бөлімшесіндегі «Шығармашылық жұмыс» оқу мақсаттарын іске асыруға бағытталған сабақтар барсында қолдануға болады.

Фанфик шығармашылық жұмыс түрін пайдаланып осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қандай жазылым тапсырмаларын ұйымдастыруға болады?

  • Шығармадан тыс қалған көрініс. Оқушыларға осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін деген сұрақты қоя отырып, жаздырту.
  • Жалғастырып жазу. Шығарма кейіпкерлерінің тағдыры әрі қарай қалай болуы мүмкін?
  • Фокусты ауыстыру. Шығармадағы қосалқы кейіпкер туралы жазу. Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол бұл шығармада болмағанда оқиға желсі қалай болар еді?
  • Моральдық қайта бағдарлау. Жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкер ретінде таныту немесе керісінше.
  • Жанрлық трансформация. Шығарманың бір сюжетін газеттік мақала, пьеса түрінде ұсыну;комедиялық сюжетті трагедиялық сюжетке айналдыру, немесе керісінше.
  • Кроссовер. Шығарма кейіпкерлерінің диалогын жазу.

7-сыныпта Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаятын мазмұнын меңгернен кейін, түсіну білу деңгейінен анализ жасау, интерпретациялау деңгейіне өту үшін қызығушылығын ояту мақсатында фанфик термині туралы ғылыми мағлұмат берілді.

Оқушылар алынған ақпаратты бір-бірімен талқылайды, сабаққа қатысын талдау үшін мұғалім төмендегі сұрақты қояды:

  • Фанфик бағыты шығармашылық жұмыс болуы мүмкін бе?
  • Әдебиет сабағымен қалай байланыстыруға болады?
  • Біз 7-сыныптың жеке әуесқой журналын шығара аламыз ба?

Талдау кезінде ерекше құлшыныс тудырып, жаңа леппен сабақ басталғанда топтарға бөліну арқылы тапсырмалар жүзеге асырылды:

1- топ тапсырмасы

Тағы қандай оқиға болуы мүмкін? Жалғастырып жаз.

Таңдайымыз кеуіп, қаңырығымыз түтеп, қарнымыз ашып, қамшы сілтеугеәліміз құрып, бас айналып, көз қарауытып, қалғып-мүлги бастаған кезіміздесоқа ұстаған әйел баяу үнмен:

– Әй, ұл, айдасаңшы өгізіңді, – дейді.

2- топ тапсырмасы

Ары қарай қандай оқиға болуы мүмкін ? Бапай мен кемпірінің тағдыры қалай болуы мүмкін? Оқиғаны жалғастырып жаз.

«Кей күні ойыннан кейін мен кешкі тамақты ішіп ап, Бапайдың үйіне баратынмын. Мен келгенде Аян ылғи темір пештің аузында от жағып отырады.»

3- топ тапсырмасы

Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол бұл шығармада болмағанда оқиға желісі қалай болар еді? Әңгімеге Есікбай қатысқан бір эпизод қос.

Тек бір кезде Есікбай:– Ой-бай!.. – деп баж ете түсті де, бір жағына қарай бұраңдап жығыла берді. Аян оның қолын бұрап жіберген екен. Енді Аян күш алды. Ол аузы қан-қан болып атып тұрып, Есікбайды алқымынан бүре түсіп, жер сүздіріп тұқырта берді. Өздері апыр-топыр қылған қара топыраққа Есікбайдың бетаузын бір-екі рет көміп-көміп жіберген.

– Ойбай, болды, болды... – деп айқай салды Есікбай. Аян оныңбасынан аттап тұрып кетті. Ұшып тұрған Есікбай тағы да тап берген. Аян оны белдесуге жібермей екі қолынан ұстай алды да, жата беріс тұстан ыңқ еткізді. Бірақ үстінен басып соққан жоқ. Қатты жығылған Есікбай біразға дейін тұра алмай ыңқылдап жатты. Аян болса бұлаққа барып бет-аузының қанын жуып, ақ жейдесін киіп түк білмеген, түк көрмегендей үйіне қайтты.

4- топ тапсырмасы

Үзіндіні оқы. Тұржан бейнесін іс-әрекеті арқылы жағымды кейіпкерге айналдыр.

Тұржан жүгіріп жеткен бойда, қораның артында төрт бүктеліп шырқырап жатқан Аянды дәу табан кирзі етігімен теуіп кеп жіберді. Аян қалпақша қалқып барып анадайжерге түскен. Тұржан енді оны қолындағы қамшымен тулақты сабағандайкөміп-көміп алды да, тағы да тепті-ай кеп. Бас демей, көз демейбылшылдатып тебе берді. Әуелде құлындағы даусы шығып шырқырап:«Ағатайлап» шыңғырған Аянның біраздан кейін үні өшті. Кирзі етіктің астында жансыз заттай илектеніп жата берді.

5- топ тапсырмасы

Үзіндіні оқы. Аян айтатын ертегіні шытырман оқиғалы детективке айналдыр.

«...– Біраз жер жүргеннен кейін жетім баланың қотыр тайына тілбітіпті, – дейді Аян. – Қотыр тай тұрып оған: «Мынау алда тұрған асқар таудан күндіз құс ұшып өте алмайды, қанаты күнге күйіп қалады. Тек түнде ғана ұшып өтеді, сондықтан да біз түнді күтуіміз керек. Түнде маған да қанат бітеді. Сен тек жығылып қалмай, көзіңді тарс жұмып, менің жалымнан мықтап ұстап отыр. Мен: «көзіңді аш!» дегенде бір-ақ аш. Сонда, мына асқар таудың арғы жағында, мұнан гөрі аласа, шошайған қоңыр таутұрады. Ол жалғыз көзді дәудің мекені», – дейді. Жетім бала қотыр тайдың айтқанын түгел орындайды. Түнде қотыр тайға қанат бітіп, асқар таудан ұшып өтеді... Бір кезде қотыр тай: «Енді көзіңді аш!» – дегенде, жетім бала көзін ашса, дәл алдында ақырын теңселе қозғалып шошайған қоңыр тау тұр екен...»

6- топ тапсырмасы

Диалогты ары қарай дамытып жаз. Диалогты қызықты құрастыр.

Аян басын жастықтан әзер деп көтеріп, екі қолы дірілдеппальтоның жағасына тұмсығын тығып жіберіп құшырлана иіскеп-иіскепалды да:

– Тез іліп қой, әйтпесе ұрсады, – деді

Байқағанымыздай, бұл тапсырмалар фанфик бағыттарының алты түрін де қамтып тұр.

2-тапсырма арқылы фанфиктің қай түрін жүзеге асырғанын анықтату арқылы теорияны бекіттік. Шығармашылық жазбаларынан алған әсерлерін талдайды. Әр оқушы төмендегі аңдатпаны толтыру арқылы іс-әрекетіне рефлексия жасайды. Мұғалімдер көбінесе көңіл күйге рефлексия жасатуды әдетке айналдырғанмен, теориялық біліммен байланыстыра отырып:

  • Жанрын анықтату
  • Кейіпкерлерін көрсету
  • Жұмысының мәртебесін анықтату
  • Өзіндік жеке ескертепелер жазу арқылы да рефлексия жасауға болады. Мысалы бір оқушы тым әсершіл адамдарға оқуға болмайды деп анықтап көрсетуі –

Тақырыбы

Қай шығарманың негізінде жазылғаны

Басты кейіпкерлер

Рейтинг

Жанр

Көлемі

Мәртебесі/статус

Кімге оқуға болатыны

Қысқаша мазмұны

Арнау

Басқа жерде жариялануы

Автор ескертпелері

Бета

Шығармашылық жанрдың тиімділігі қандай?

1.Оқушылардың қиялы мен эмпатиясын оятады.

Фанфик оқушылардың шығармадағы кейіпкерлерді шынайы адам ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл жерде қосалқы Т/Ж 3 «Көркем шығармадағы образ» оқу мақсаттарын іске асыруға болады.

2. Оқушылардың назарларын шоғырландырып оқуға мүмкіндік береді.

Жақсы фанфик жазу үшін тек қана қиял жеткіліксіз.Ол үшін шығарманы мұқият оқып шығу қажет:оқушылар сюжетті, кейбір оқиғалардың мән-жайларын, детальдарды, кейіпкерлердің сөйлеу мәнерлерін қайта-қайта жадында еске түсіріп отыр қажет.Бұл жерде қосалқы Т/Ж1. «Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні» оқу мақсаттарын іске асыруға болады.

3. Автордың өзіндік қолтанбасына назар аудартуға үйретеді.

Тапсырма беріп, жазылған мәтінді күту маңызды емес,маңыздысы мәтін жазылып болғаннан кейінгі жұмыс: талқылау, жазылған мәтін автордың көркем әлеміндегі қаншалықты орынды. Бұл жерде қосалқы А/И2. «Автор бейнесі» оқу мақсаттарын іске асыруға болады.

4. Мәтін арқылы өзінің күйзелісі туралы айтуға көмектеседі.

Фанфик шығармашылық жұмыс түрін пайдаланып отырып оқушы өз жазған мәтінінде тек қана оқыған шығарма туралы ғана сөз етпейді, ол өзінің қиялы, көзқарасы туралы сөз етеді. Еңбектінің бірінде француз әдебиеттанушысы, философ Ролан Барт «Оқу - жазудың жолсерігі болуы тиіс» деген екен.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
Пікір жазу