Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 9-сабақ.
Мұғалімге әдістемелік нұсқаулық
«Қазақ әдебиеті» сабағында көркем шығарманы талдау жұмыстарын ұйымдастыру барасында әдеби талдаудың бірнеше түрлерін пайдалану қажет. Мәселен:
- Автор ізімен талдау: көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аудару.
- Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау: көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық эстетикалық табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алу.
- Проблемалық талдау жолдары: көркем шығарма негізіндегі проблеманы дәл тауып, нақты проблемалық сұрақтар әзірлеуді талап ету.
- Мәтіндік талдау: жан-жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерді назарға алып отырады.
Көркем шығармадағы эпизодқа анализ жасау
Көркем шығармадағы эпизодқа анализ жасау үшін көркем шығарманы талдаудың барлық аспектілерін қамтыған жөн.:
1.Көркем шығармадағы эпизод жігін анықтап, тақырып беру
2.Эпизодқа негіз болған оқиғаны сипаттау
3.Эпизодтағы негізгі кейіпкерлерді атай отырып
•Олар кім?
•Персонаждар жүйесіндегі орны қандай? (басты кейіпкер, негізгі кейіпкерлер, қосалқы кейіпкер, оқиғадан тыс кіріккен бейтаныс кейіпкер)
Оқушылар шығарманы талдаудың осы кезеңінде оқушыға эпизод жігін туралы бала жасына сай тілмен түсінік беру керек.
Мысалы Шерхан Мұртазаның «Жүз жылдық жара» (7) әңгімесіндегі Кенжекүл кемпірдің іс –әрекеті эпизодтың көрініс.
Кенжекүл кемпір жар ба¬сындағы жартыкеш үйінің үстіне ыршып шығып:
– Аттан, Бақтияр, аттан! Бақтияр, Бақ¬тияр! – деп айқай салады. Оның бұл алас-қалас ұранының Бақтияр баба естіді ме, естімеді ме, ол тірі жанға белгісіз, ал пірі¬лер¬ден әлгі Кенжекүл кемпірдің әзірейіл дау¬сын темір дүкендегі ақсақ Ахмет анық есітті.
Шығарманың осы тұсына назар аудара отырып, алдымен оқушылар негізгі оқиғаны анықтайды. Негізгі оқиғаға қосалқы оқиға болатынын, негізгі кейіпкерлермен бірге қосалқы кейіпкер болатынын айқындайды. Осы бағытта жұмыс істеген оқушы эпизодтың негізгі оқиға дамуы бойындағы жігін, шекарасын қиналмай табады. Бұл талдауларды орта буын оқушыларының жас ерекшелігіне сай жүргізілсе, төмендегі талдауларды орта буынның жоғары сыныптары үшін қажет:
4.Эпизодтың басталуындағы ерекшеліктерді табу (сол сияқты аяқталуында қандай ерекшелік бар?). Несімен ерекше?
5.Автордың көтерген проблемасын, ортаға тастаған сұрағын табу
•Эпизод-диалог арқылы, эпизод-монолог арқылы көрсету
6.Эпизод негізінде жатқан қарама-қайшылықты анықтау және сараптау
7.Эпизодқа қатысушы кейіпкерлерді сипаттау:
•Оқиғаға қатысын;
•Мәселеге деген көзқарасын;
•Басқа кейіпкерлермен қатынасы;
•Эпизодқа қатысушылар диалогына анализ жасау
•Кейіпкерлер сөзіне, мимикасына, іс-әрекетіне деген автор көзқарасын талдау;
•Автор көзқарасы немесе оқырман көзқарасы бойынша персонаждар іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді, себептерін анықтау;
8.Эпизод құрылымын сипаттау, қысқаша сюжеттік талдау жасау (байланысы, дамуы, шешімі)
9.Көркемді тәсілдерін анықтау, мағынасын ашу
10.портрет, пейзаж, интерьерді суреттеу сияқты көркемдік тәсілдерді табу, эпизодтағы орны мен мәнін айқындау;
11.Оқиғаға деген автор көзқарасын анықтау; көтерілген мәселеге деген автор көзқарасы, пікірі, автордың берген бағасы. Эпизодтың сюжеттік, образдық және идеялық байланысын талда және шығарма құрылымының түрлі элементтерін қамти отырып талдау. (автор сөзі, пролог, эпилог, арнау, эпиграф, кіріктірілген фрагменттер)
Осы аспектілерді жүйелі түрде жүзеге асырған мұғалім көркем шығарманы мазмұнын меңгерту сатысынан көтеріліп, оқушы бойында оқырмандық көзқарас, оқырмандық көзқарастан сыни көзқарас қалыптастыру сатысына көтерілері анық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?