Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 6-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі

Ұлт тағдыры жолындағы қасірет

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

Б/С3. Әдеби эссе

 Сабақ мақсаты

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

 Бағалау критерийі

Шығармадағы көркемдік-идеялық құндылықты талдап, әдеби эссе жазады

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: азаттықты аңсау, ұлтты езгіден құтқару, шерлі шындық, бұғауда бұлқыну, отаршылдыққа наразылық, ұлт қамы, рухты ояту, күрескерлік сана

Пән лексикасы және терминология: эссе, идея, гуманистік тұрғы

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

адамгершілік, ізгілік

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері

Алдыңғы білім

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі

Эссе жазу бойынша алған білімді кеңейту

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

7-8

Қызығушылықты ояту

«Алты сұрақ» әдісі

Ортаға 6 оқушы шығып сұрақтарды таңдап алады. Сол сұрақтар арқылы «Үш қиян» өлеңінен жауап іздейді.

Мысалы:

Кім? – Асанқайғы немесе Қазтуған, т.б.

Қашан?- ------------

Қайда? --------------

Қалай?---------------

Неліктен?-----------

Не істеді?-----------

Сабақ мақсаты мен жұмыс жоспары таныстырылады.

Сабақтың ортасы

9-13

14-20

21-31

32-35

1-тапсырма. Кім жылдам?

1-жұп. «Келісемін/ Келіспеймін» әдісі бойынша «Үш қиян» өлеңінде анықталған өзекті ойды жұбымен жылдам анықтау керек.

2-жұп. «Келісемін/ Келіспеймін» әдісі бойынша «Үш қиян» өлеңіндегі көркемдік бітім мен көңіл-күйге қатысты ойды жұбымен жылдам анықтау керек.

2-тапсырма. Өзімді байқап көрейін...

Тірек сөздерді пайдаланып, шығармадағы көркемдік-идеялық құндылыққа сыни шолу жасайды.

Тірек сөздер: азаттықты аңсау, ұлтты езгіден құтқару, шерлі шындық, бұғауда бұлқыну, отаршылдыққа наразылық, ұлт қамы, рухты ояту, күрескерлік сана, т.б.

3-тапсырма. Еркін жазу

Оқушы шығармадағы көркемдік-идеялық құндылықты гуманистік тұрғыдан талдай отырып, өзі таңдаған тақырыпта әдеби эссе жазады.

Мұғалім эссе жазудан бұрын оның құрылымы мен түрі жағынан ерекшеліктерін еске түсіреді.

Эссе екіге бөлінеді:

1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту.

2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Эссенің жазылу құрылымы:

1.Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

2. Тақырыпты дамыту. Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, параллелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

Мысалы:1.Аргумент, түсіндіру, мысал, (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент, түсіндіру, мысал, (факт) байланыстырушы сөйлемдер;

3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы.

Әдеби эссе

Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді.

Эссенің үлгі тақырыптары:

  • Елі мен жері үшін қасірет шеккен саналы суреткер.
  • Халқының басына түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі.
  • Ел тарихын емірене жырлап, ержүрек батырлардың образдар галереясын қалдырған эпик ақын.

Өздік бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадағы көркемдік-идеялық құндылықты талдап, әдеби эссе жазады

сұрақтарға жауап береді

өзекті ойды жұбымен анықтайды

көркемдік бітім мен көңіл-күйге қатысты ойды жұбымен анықтайды

шығармадағы көркемдік-идеялық құндылыққа сыни шолу жасайды

суреттерді тірек сөздермен байланыстырады

әдеби эссе жазады

көркемдік-идеялық құндылықты гуманистік тұрғыдан талдайды

эссе құрылымы мен стилін сақтап жазады

сауаттылықты сақтап жазады

презентация

http://adebiportal.kz/kz/news/view/465

https://www.inform.kz/kz/kozha-ahmet-yasaui_a2182932

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия

«Интервью» әдісі

  • Сабақ сізге ұнады ма?
  • Сабақтың қай жері ең қызықты болды?
  • Сіз үшін сабақ тақырыбының маңызы қандай?
  • Бүгін сабақта үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен?
  • Осы тақырып бойынша тағы не білгіңіз келеді?
  • Топта жұмыс жасаған сізге ұнады ма?

Үй тапсырмасы

  • Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңімен идеялық тұрғыдан мазмұндас шығармаларын іріктейді.
  • Өзіне ұнаған өлеңін таңдап, танысады.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу