Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: №5 | Мектеп | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | 8.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау | ||||||||||
Сабақтың мақсаты | Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: көркемдегіш құралдар, тұрақты тіркес, астарлы мағынадағы сөздер, риторикалық сұрақтар, әсірелеулер, автор стилі т.б. Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша... менің байқауымша... жайында былай ойлаймын...мына жолдардан анық байқалады: Қорытындылай келе: | ||||||||||
Мектеп құндылықтары |
| ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясынан алған білімдерін еркін қолданады. | ||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау» | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарлана тын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөз дер | |||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Қызығушылықты ояту Оқушылар 1,2,3,4 сандары бойынша топтарға бөлінеді. «Пазл әңгіме» Топтарға жыр бөлімдері қиылып таратылады. Оқушылардан берілген бөліктерді 2 минут ішінде рет-ретімен құрау сұралады. Соңында оқушылар бір-бірінің жұмыстарын дайын мәтін арқылы тексереді. Қай топ бірінші аяқтаса және пазлды дұрыс құраса, сол топ жеңімпаз атанады. Оқушылар сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады. | Қазақ әдебиеті: Хрестоматия. ЖББ мектептің сыныбына арналған оқу құралы Құраст.: /Ұ.Асыл, Т.Жұмажанова, Ғ.Бейсенбаев/ Алматы: «Мектеп» баспасы 2009ж | |||||||||
Сабақтың ортасы 4-13 14-18 19-31 32-38 | Мағынаны тану 1-тапсырма ТЖ. Топтар төмендегідей бөлімдерді бөліп алады: 1-топ 1-7- бөлім; 2-топ. 8-13- бөлім; 3-топ. 14-20- бөлім; 4-топ. 21-26- бөлім; 5-топ. 27-31- бөлім. Оқушылар «Фишбоун» әдісі арқылы мәтіннен көркемдегіш құралдарды, тұрақты тіркес, астарлы мағынадағы сөздер, риторикалық сұрақтар, әсірелеулер т.б. тауып, мағынасын анықтайды. Орындалу барысы:
Көркемдегіш құралдарды тауып, талдай отырып, автор стилін анықтайды. Қалыптастырушы бағалау Бағалау парағы
2-тапсырма. ЖЖ. Жұпта талқыла! Өлеңнен алынған шумақтардың (тармақ) қайсысын бүгінгі күнмен байланыстыра алар едіңіз? Жұпта талқылап, өз пікірлеріңізді топта білдіріңіздер. Әр топтан үздік жұп қорғайды. Алғашқы боп аяқтаған үш жұптың жауабы тыңдалады. 3-тапсырма. «Дәйексөз» ТЖ. A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? B. Интерпретация: Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз. C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру: дикция, детальдар, суреттеу, диалог.
2. Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады. 3. Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. 4-тапсырма. «Постерге саламын!» ТЖ.
таңдаңыздар.
автор идеясын ашатындай етіп, постерге сурет салыңыздар.
| ||||||||||
Сабақ соңы 2мин | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||
Қызығушылықты ояту кезеңінде сұраққа жедел жауап беру кезінде ізденісі мол оқушы бірден байқалады. Алғашқы тапсырмада сұрақ қою, талдау, сыни тұрғыдан жауап беру тапсырмалары оқушыны сыни пікір жазуға дайындауға бағытталған. Ғалымдар еңбектерін оқып, оқушы дүниетанымы кеңейе түседі. Осындай қолдау көрсетулерден кейін оқушы өзіндік сынды жаза алады. Оқушылар сыни пікір жазу бойынша жетістіктер мен кемшіліктерді саралап, келешекте кемшіліктерді болдырмаудың жолдарын ұсынады. | Өзіндік сыни пікірді бағалау кезінде оқушыға өзі қалаған оқушының сыни пікірін оқып, бағалау критерийіне сай бағалау ұсынылады. Өзіне жазылған сыни пікірмен келісетінін не келіспейтінін дәлелмен айту керек. Даулы жағдайда мұғалім әділ төрелігін береді. | Мұғалім «Жедел жауап», «Сұрақтар қорабы» тапсырмасы, Өзіне жазылған сыни пікірді оқып, келісетінін не келіспейтінін айтқан кезде сынып ерекшелігін ескеріп, оқушылардың шулап кетпей, тәртіп сақтап жауап беруін алдын ала ойластыруы қажет. Осы сабақ барысында төмендегідей НЗМ құндылықтары дамытылады:
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?