Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі.

Ел тәуелсіздігін аңсау

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

Б/С2. Заманауилығы мен жаңашылдығы

 Сабақ мақсаты

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

 Бағалау критерийі

Шығармадағы құндылықтарды салыстырып, жаңашылдығына баға береді

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: азаматтық, батырлық, тәуелсіздік, бодандық, сағыныш, ел тағдыры

Пән лексикасы және терминология: жаңашылдық, құндылық, заманауи

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

Топта жұмыс жасау

Тәуелсіздікке құштарлық

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, музыка

Алдыңғы білім

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі

Материалдық және рухани құндылықтарды бағалауға қатысты алған білімді кеңейту

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-7

Қызығушылықты ояту

Мен саған сенемін

Құрманғазының «Сарыарқа» күйі баяу ойнап тұрады. Оқушылар жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады.

Жұптағы оқушылар сыңарына «Мен саған сенемін, өйткені сен терең ойлы адамсың. Ақынның тәуелсіздікті аңсаудағы мақсатын түсіндіре алатыныңа сенімдімін» - деп бір-бірінің сөзін жалғастырып, дәлелдер келтіріп сұхбатқа түседі.

Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Құрманғазы «Сарыарқа» күйі

презентация

Сабақтың ортасы

8-20

21-31

32-35

Мағынаны тану

1-тапсырма. « PEST» әдісі

Мақалада көтерілген М.Мөңкеұлының шығармашылық қарымына қатысты мәселені жан-жақты қарастырады.

Мұрат сөздерінің елге тиген әсері өте күшті. Мұраттың сөзі өте қадірлі саналған, ел ішіне көп жайылған.

Мұратты білмейтін Бөкейлікте, Оралда, Маңғыстауда адам жоқ десе де болғандай.

Он тоғызыншы ғасырдың екінші бөлімінен соң шыққан қара ақындардың көбі Мұраттың шәкірттері.

Міне, қысқаша айтқанда, Мұраттың өлеңдерінің ішкі маңызы. Өлеңдердің сырт жағына келсек, Мұраттың тілі – әдебиетімізге негіз болған ел әдебиетінің тілі.

Мұраттың өлеңдерінде қазақтың ел әдебиетіндегі жыр, толғау, айтыс, мақтау, хат, асқақ, жоқтау секілді өлеңдерінің бәрі бар. Әдебиет тарихына Мұраттың сөздерінің керектігі шексіз нәрсе.

Халел Досмұхамедұлы

1-топ. Саяси мәселені қарастырады

  • Мақаладан қандай саяси мәселені көре алдыңыз?
  • Сіз анықтаған саяси мәселеге ақынның қатысы қандай?
  • Саяси мәселе бойынша автор қандай көзқарас танытады?

2-топ экономикалық мәселені қарастырады

  • «Үш қиян» өлеңінде қандай экономикалық мәселе қозғалады?
  • Сіз анықтаған экономикалық мәселеге мақаланың қатысы қандай?
  • Экономика мәселесіне байланысты автор қандай көзқарас танытады?

3-топ әлеуметтік мәселені қарастырады

  • Шығармада қандай әлеуметтік мәселені көре алдыңыз?
  • Сіз анықтаған әлеуметтің мәселеге мақаланың қатысы қандай?
  • Әлеуметтік мәселе бойынша автор қандай көзқарас танытады?

4-топ технологиялық мәселені қарастырады

  • Шығармада қандай технологиялық мәселені көре алдыңыз?
  • Сіз анықтаған технологиялық мәселеге мақаланың қатысы қандай?
  • Технологиялық мәселе бойынша автор қандай көзқарас танытады?

2-тапсырма. Үш қадамды сұхбат

  • Оқушыларға «Үш қиян» өлеңінен үзінділер таратылады.
  • Оқушылар топпен үзіндіні оқып, әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды.
  • Негізгі ақпаратты анықтайды.

Анықтау. М.Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі материалдық және рухани құндылықтарды анықтайды.

Салыстыру. М.Мөңкеұлының өлеңіндегі сәулет өнері, сөз өнері, туған жерге, тәуелсіздік, болашаққа деген сенім ұғымына қатысты құндылықтарды біздің заманымыздағы құндылықтармен салыстырады.

Бағалау. М.Мөңкеұлының өлеңіндегі материалдық және рухани құндылықтарды өз көзқарасын тұрғысынан қорытып, жаңашылдығына баға береді.

Топтық бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадағы құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді

бір-бірін сендіре отырып, сқхбатқа қатысады

топта « PEST» әдісі бойынша мәселені жан-жақты қарастырады

мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырады

сұраққа пікір айтып талқылайды

өлеңдегі материалдық және рухани құндылықтарды анықтайды

құндылықтарды біздің заманымыздағы құндылықтармен салыстырады

құндылықтарды өз көзқарасын тұрғысынан қорытындылайды

құндылықтардың жаңашылдығына баға береді

презентация

http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/66b/66bf893db8d08773c12bacd971f13382.pdf&ln=kz

А-4 қағазы, қалам

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия

Мен сабақта жұмыс жасадым ..., себебі ....

Сабақтағы жұмысыма мен ...

Сабақ маған ... көрінді.

Сабақ барысында мен ...

Сабақ материалы маған ...

Менің көңіл-күйім ...

Үй тапсырмасы

  • Х.Досмұхамедұлының М.Мөңкеұлы туралы қысқаша мағлұмат беретін еңбегін әдебиет порталындағы ресурстардан оқыңыз.
  • Зерттеу нысанына назар аударыңыз.

http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/66b/66bf893db8d08773c12bacd971f13382.pdf&ln=kz

206-бет

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу