Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» - адалдық жаршысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 12-сабақ.


Кезбе шолу(Walk around survey)

Кезбе шолу тақырыбы: Йасауидің өмірлік мұраттары

Сұхбаттасу мақсатында сынып бөлмесінің ішінде жүріңіз.

Сұхбаттар барысында өздеріңіздің «Даналық кітабы» туралы білетіндеріңізбен бөлісіңіздер.

Сұрақ: Йасауидің өмірлік мұраттарын қазіргі тәрбиемен ұштастыруға бола ма?

3 сыныптасыңызбен берілген тақырып бойынша сұхбат жүргізіңіз.

Сұрау жүргізу аяқталарда, сұрау жүргізуші респонденттің (жауап берушінің) аты-жөнін сұрау формасының сол жағына жазыңыз.

3 бос төртбұрышқа жауап берушіден үйренген үш фактіні жазыңыз.

Сөйтіп келесі жауап берушілерге ауысыңыз.

Өз орындарыңызға барып өз тобыңызбен әкелген ақпараттарыңызбен бөлісіңіз.

Сәйкестендіру

Ақынның даналық ойларын үндесетін тіркестермен сәйкестендіріңіз.

Сабақтың тақырыбы:

«Даналық кітабы» - адалдық жаршысы

Сабақтың мақсаты:

А/И4. Шығармашылық жұмыс

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу

1-тапсырма. 515

Берілген мәтін бойынша топпен 5 минутта 1мәселе бойынша 15 идея айтыңыз. Спикер топтың идеяларын жазып алып, үлкен топқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізіңіз.

«Қожа Ахмет Йасауи кемелдікке жету үшін адамда ашық (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашықсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Йасауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашық отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашыққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашық кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі.»

2-тапсырма. Қабырға газеті

Хикметтерден берілген үзінділерді оқып болған соң, түрлі-түсті қағаздардан өздеріңе ұнаған түсті таңдап, әртүрлі кескіндер қиыңдар (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, т.б.), жанр таңдап (өлең, әңгіме, аңыз), берілген шығарма үзіндісін қайта өңдеп, сезімдеріңді, креативті жазуларыңызды кескіндерге жазыңыз;

Қабырға газеті бөлме қабырғасына іліңіз;

Мұғалім белгі берісімен топтар қабырға газеттерін қарап, сараптайды және жапсырма қағазға пікір немесе сұрақ жазып кетеді.

Саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріңізге жазылған сыныптастарыңыздың пікірін сараптаңыздар, талқылап, сұрақтарға жауап беріңіздер және қорытынды жасаңыздар.

Бағалау критерийі

Рефлексия

Табыс сатысы

«Өзіңді танығаның-хақты танығаның»-дейді ұлы бабамыз Қожа Ахмет Йасауи. Хақ деп отырғаны-ақиқат, дүниенің мәні. Демек,әрбір адам,ең алдымен ,өз елінің өткенін, тарихын, ата-бабаларын білуі керек. Бүгінгі сабақта осы пікірге қатысты қандай табысқа жеттіңіз? Не ұттыңыз?

сатының 1 - баспалдағы

Мен.............. БІЛЕМІН

2 - баспалдағы

Мен.................. ТҮСІНЕМІН

3 - баспалдағы

Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН

Үй тапсырмасы

Ахмет Йасауи мен оның шығармашылығына қатысты пікірлерді зерттеңіз.

[attachment=28359:aza-debieti_-8-synyp_-1-tarau_-12-saba_-ahmet-jasaui-danaly-kitaby_-danaly-kitaby-adaldy-zharshysy_-prezentacija_-1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу