Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» - адалдық жаршысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 12-сабақ.


1-тапсырма. «Кезбе шолу(Walk around survey)»

 Мақсаты: әңгімелесу және қозғалыс арқылы бұрынғы білімді белсендіру.

Сипаттамасы: бұл активити білімді белсендіретін стратегия.

Кезбе шолу тақырыбы: Йасауидің өмірлік мұраттары

  • Сұхбаттасу мақсатында сынып бөлмесінің ішінде жүріңіз.
  • Сұхбаттар барысында өздеріңіздің «Даналық кітабы» туралы білетіндеріңізбен бөлісіңіздер.

Сұрақ: Йасауидің өмірлік мұраттарын қазіргі тәрбиемен ұштастыруға бола ма?

  • 3 сыныптасыңызбен берілген тақырып бойынша сұхбат жүргізіңіз.
  • Сұрау жүргізу аяқталарда, сұрау жүргізуші респонденттің (жауап берушінің) аты-жөнін сұрау формасының сол жағына жазыңыз.
  • 3 бос төртбұрышқа жауап берушіден үйренген үш фактіні жазыңыз.
  • Сөйтіп келесі жауап берушілерге ауысыңыз.
  • Өз орындарыңызға барып өз тобыңызбен әкелген ақпараттарыңызбен бөлісіңіз.

Сұрау жүргізу жұмыс парағы

 

 

2-тапсырма. Сәйкестендіру

Ақынның даналық ойларын үндесетін тіркестермен сәйкестендіріңіз.

Даналық ойлар

Халқыңа,еліңе қызмет

Қолыңа түскенді жоқ-жітіктен аямау

Дүниеқұмар,пейілсіз

Қанағат

Үндестік

ақыл, тура жол

нәпсі, мансап, байлық, атақ

жомарттық

жаның Отан құрбаны

Ғұлама сөзі,ұстаз сөзі

рақым

1-тапсырма. 515

Мақсаты: сыни ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытуға және оқу белсенділіктерін арттыруға арналған.

Берілген мәтін бойынша топпен 5 минутта 1мәселе бойынша 15 идея айтыңыз. Спикер топтың идеяларын жазып алып, үлкен топқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізіңіз.

«Қожа Ахмет Йасауи кемелдікке жету үшін адамда ашық (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашықсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Йасауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашық отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашыққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашық кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі.»

2-тапсырма. Қабырға газеті

Хикметтерден берілген үзінділерді оқып болған соң, түрлі-түсті қағаздардан өздеріңе ұнаған түсті таңдап, әртүрлі кескіндер қиыңдар (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, т.б.), жанр таңдап (өлең, әңгіме, аңыз), берілген шығарма үзіндісін қайта өңдеп, сезімдеріңді, креативті жазуларыңызды кескіндерге жазыңыз;

Қабырға газеті бөлме қабырғасына іліңіз;

Мұғалім белгі берісімен топтар қабырға газеттерін қарап, сараптайды және жапсырма қағазға пікір немесе сұрақ жазып кетеді.

Саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріңізге жазылған сыныптастарыңыздың пікірін сараптаңыздар, талқылап, сұрақтарға жауап беріңіздер және қорытынды жасаңыздар.

11-хикметтен

Арамды, күмәндіні тәрік қылып,

Адалдан дос талғай жүр парық біліп,

Залымға жүз мың пәле бердім міне.

Жаратқан залымның да мен түп-тегін,

Ұмытып Жаратқанды, сен күтпедің.

Ілестің Ібіліске елтіп керім,

Залымның бердім ашып жолын міне.

Жарлығым саған жаза кесті менің,

"Алла емес, нәпсі көкей тесті" дедің.

Сөйлеп ем хақиқат сөз - естімедің,

Залымның қылдым ұзын қолын міне.

Ей, мақұрым, Хаққа ойынды жуытпадың,

Қу нәпсі, харам дүние қуып қамын,

Безбедің, одан көңіл суытпадың,

Қан жұтып, қайран болып тұрмын міне.

Залымды сылтауратпа, өзің залым,

Өтпейді тамызсаң да сөздің балын.

Көз тоймас түгел берсем дүние малын,

Тоймастың көзіне құм құйдым міне!"

31-хикметтен

Ғашыққа баян қьшсам ғашық мұңын,

Қаза боп аза бойы, сезер, достар.

Елсіздің ебелексіз басып құмын,

Ел-жұрттан, үй ішінен безер, достар.

Ғашықтың азап-дертін ғашық білер,

Танымас артынан күл шашып күлер.

"Жынды" деп, таспен ұрып, тасып күлер,

Табанын табынғандар жалар, достар.

Иман жоқ сүймегенде, жаны да жоқ,

Болмайды Расул сөзін танып әлек.

Кереңге мың айтсаң да мағына жоқ,

Көңілі мақұрымның қалар, достар.

Түбінде дарияның жақұт жатыр,

Кім сүңгіп алса - сол жан бақытты ақыр.

Нәпсішіл нәпа таппас, сатып бақыр

Тиынға ар-иманың кетер, достар.

Алұрып күйдім-жандым, төзім қашты,

Бұл қай от: тіл байланып, сөзім қашты?!

Азабы махаббатгың көзімді ашты,

Мұратқа көзі ашылған жетер, достар.

Жарылқар жанардан жас сырғығанда,

Адассаң, жүрер жолың нұр ғып Алла.

Қызмет қыл, қолынды алсын, Пірмұғанға,

Жемісін бейнеттенген көрер, достар.

Болды да заманақыр, рақым қалды,

Уағдасы Алларасул жақындады.

Жақсы құл құлақ асып, ақылды алды,

Жаман құл түра қашып, өлер, достар.

"Өмір шақ,- Мұстафа айтты,- бауырласып,

Үмбеттер, бірге тұрың қауымдасып!"

Жақсылар ертең ұшпақ тауын басып,

Жамандар сазайын бір тартар, достар.

Ораза, намаз білмей, тасырлығын

Танытып, таза жүрмес пасық, зұлым.

[attachment=28360:aza-debieti_-8-synyp_-1-tarau_-12-saba_-ahmet-jasaui-danaly-kitaby_-danaly-kitaby-adaldy-zharshysy_-didaktikaly-materialdar_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу