Ахмет Йассауи «Даналық кітабы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 13-сабақ.


Сұрақтар жаңбыры

Йасауидің өмірі мен шығармашылығы бойынша пайымдау және талдау сұрақтарымен жұмыс жасаңыз.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы не білесіз?

Ақынның лирикалық шығармалары несімен құнды?

Өмір сүрудің мәнін қалай суреттейді?

« Даналық кітабы» әрбір адамды неге бағыттайды?

Йасауи қандай әдебиеттің өкілі?

Йасауи сепкен ізгілік дәнін тағы қай ақындардан кездестіруге болады?

Йасауи шығармасында қандай нәрселерден сақтану керектігін ескертеді?

Автор «Қам көңілдің қайғысына дауа болғын» деп нені меңзейді?

Сұрақтар жаңбыры

Оқушылар Йасауидің өмірі мен шығармашылығы бойынша пайымдау және талдау сұрақтарымен жұмыс жасайды.

Уа, дариға, махаббаттың дәмін татпай,

Жар да сүймей, үйді ойлап, дүние таппай.

Ойсыз, қамсыз, шайтандықтан бойды тартпай,

Жан берерде жанталасқа түстім, міне.

 

Кәміл пірім қызметінде тынбай жүрдім,

Дамыл таппай, көз ілмей, зырлай жүрдім.

Әзәзілдің арбауына қыңбай жүрдім,

Сосын да мен қанат қағып ұштым, міне,- деген шумақтарда автордың эпифораларды қолдану ерекшелігіне тоқталыңыз.

Сабақтың тақырыбы: Өмірдің мәні

Сабақтың мақсаты:

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

1-тапсырма. Салыстыру кестесі

«Даналық кітабынан» үзінділерді және Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқыңыз.

Хикметтердің идеясын, тақырыптарын, стилін, әдеби құралдарын талқылап, көркемдік құндылығын Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен салыстырыңыз.

 1.Жұпта стиль, идея мен тақырыптар және тарихи, көркемдік құндылықтар бойынша ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңыз.

2. Екеуін салыстырып, кестені толтырыңыз.

Сыныппен ақындар не туралы жазғанын және шығармаларды қалай жазғанын қорытындылаңыз.

3-тапсырма. Бұрыш

Бөлме қабырғаларында ілініп тұрған «Даналық кітабының» тарихи және көркемдік құндылығына қатысты тұжырымдарды аралап оқыңыз. Өздерің талқылауға лайықты деп тапқан тұжырым тұсында қалып, сыныптастарыңызбен топтасыңыз.

Өздерің таңдаған тұжырым бойынша «Даналық кітабының» тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, талдау жүргізіңіз.

3-тапсырма. Бұрыш

1-бұрыш: «Қожа Ахмет Йасауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді, сондықтан «Даналық кітабының» тілі бай, сөздік қоры мол. Оған хикметтердегі кірме ...

2-бұрыш: Ақынның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті, сондықтан «Даналық кітабының» көркемдік құндылығы басым, оны мына көркемдегіш ...

3-бұрыш: Йасауи Фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері болды. Сонымен қатар Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды, сондықтан «Даналық кітабы» эпикалық тұрғыдан құндылығы жоғары, неге десеңіз...

4-бұрыш: «Даналық кітабынан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады, сондықтан ол баға жетпес тарихи жәдігер. Оны мына мысалдармен ...

Бағалау критерийі

Рефлексия

ПОПС формуласы

«Ахмет Йасауи –ақын,ойшыл,бүкіл түркі жұртының рухани атасы, білімпаз ғалым»,- деген тұжырымға «ПОПС формуласы» бойынша қорытынды жасаңыз.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен ... қорытынды шешімге келдім.

Үй тапсырмасы

А.Йасауидің хикметтерінен үзінді жаттаңыз.

[attachment=28355:aza-debieti_-8-synyp_-1-tarau_-13-saba_-ahmet-jasaui-danaly-kitaby_-mirdi-mni_-prezentacija_-1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу