Ахмет Йассауи «Даналық кітабы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 12-сабақ.


  • тапсырма «Кубизм» ТЖ.

Анықтау. Өз бойыңызға «Даналық кітабынан» қандай өмірлік азық алдыңыздар? Кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.

Талдау. Қожа Ахмет Йассауидің бұл дүниенің қызығынан бас тартып, қылуетте өмір сүруі неліктен және өз өмірін өнеге ете отырып, ойшыл мақсатына қаншалықты жете алды?

Қолдану. Қожа Ахмет Йассауидің орнында болсаңыз, замандастарыңыздың бойындағы қандай кемшіліктерді сынар едіңіз? «Даналық кітабынан» кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.

Салыстыру. «Даналық кітабы» мен Қорқыт Атаның нақыл сөздерін Венн диаграммасы арқылы салыстырып, ортақ тұжырым жасаңыздар.

Табыс. Қожа Ахмет Йассауи ілімінің өміршең болуының сыры неде? «Даналық кітабынан» кемінде 2 не 3 дәлел келтіріңіздер.

Сәттілік. Қожа Ахмет Йассауи жерленген кесене орналасқан Түркістан қаласы «екінші Мекке» атанса, енді облыс орталығына айналып отыр. Келешекте мұнда туристер саны тіпті көбейері анық. Қожа Ахмет Йассауи ілімінің рухани жаңғыруға қосар үлесі қандай болмақ? «Даналық кітабына» сүйеніп, пікіріңізге кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.

  • тапсырма Ж. «Соңғы  сөзді  мен  айтайын» 
  • Үзіндіні қайта өңдеп, өзіңіз қалаған жанрда креативті жазу жазбас бұрын «Даналық кітабынан» ұсынылған біреуін таңдап алыңыз;
  • Сыныппен өзара ақылдасып, бағалау критерийін ұсыныңыздар.

Үзінділер:

1. Даналардың айтқаны келер болды,

Қияметтің қияпаты төнер болды,

Ақымақтар айқаймен жеңер болды,

Бұл не деген замана болды достар.

2. Халайықтан мейірім мен рақым кетті,

Момынға телі-тентек зақым етті,

Тал түсте талапайда ақыл кетті,

Бұл не деген замана болды достар.

3. Азған заман ғалымы залым болар,

Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,

Анығын айтқан адалдар жазым болар,

Бұл не деген замана болды, достар.

4.Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,

Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,

Шындықты айтып осылай шырқыраған

Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.

[attachment=28341:aza-debieti_8-synyp_1-tarau_12-saba_ahmet-jassaui_-osymsha-resurs_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу