О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні________________________________________________________

Эссенің жазылу талаптары

Эссе жазуда абзац құрылымын ескеру.

Абзац жазудың негізгі шарттары.

Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады.

Бір абзацта бір ой толықтай ашып жазылады.

Әр абзац тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады.

Тақырыптық сөйлем – абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.

Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер.

Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.

Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.

Ең бастысы абзац жаңа азат жолдан басталып жазылады.

Эссенің жазылу жоспары:

- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)

- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);

- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);

Эссе

Кіріспе

Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?»

Негізгі

Дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеу қажет.

Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет.

Қорытынды

Тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет.

[attachment=27677:aza-debieti_6-synyp_3-tarau_5-saba_-didaktikaly-material_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу