Абай – ақылдың ақыны. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Бұл өлеңінде Абай әрі оқырман-тыңдаушыларына, әрі ақындарға қарап сөйлейді. Ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақындардың, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сары ала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтің «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап өлім тілеп» дегенде Шәкәрім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «кеңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті – күле тындаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің қүралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, үйғыр тілдеріне аударылған.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%

Т. Түсіндірме кестесімен жұмыс. Автордың ақын мен оқырманға қоятын бір талабын таңдап, талдаңдар.

Өлеңнен үзінді

Автордың ақынға қоятын талабы

Автордың оқырманға қоятын талабы

Менің ойым

Дескрипторлар:

Автордың ақынға қойған талабын анықтайды;

Автордың оқырманға қойған талабын анықтайды;

Өз көзқарасын білдіреді.

[attachment=27607:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_1-saba_-didaktikaly-material_2-nsa-3.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу