Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 2 сабақ. 1 нұсқа.


Сабақ тақырыбы:

Шешендік сөздер

Оқу мақсаттары:

11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу.

11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей алады.

Тыңдаушыларға ықпал ететіндей шешен сөйлейді.

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдана алады.

Бағалау критерийі:

Жұпта талдай отырып, үзіндіде кімнің шешендік сөзі берілгендігіне болжам жасай біледі.

Жұпта жасаған болжаулары бойынша өз ойын, көзқарасын жан–жақты тұжырымдап, дәлел арқылы дамытып айта алады.

Ой қозғау сұрақтары:

Жер деген не?

Ел деген не?

Жердің сәні не?

Елдің сәні не?

Жерді кім көтереді?

Елді кім көтереді?

Жердің құты қайда болады?

Елдің құты қайда болады?

Ердің құты қайда болады?

Бағалау критерийі:

Өз ойын жүйелі жеткізеді.

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей алады.

Тыңдаушыларға ықпал ететіндей шешен сөйлейді.

Тыңдалым

«Елдің құты қайда болады?» тақырыбында ұсынылған шешендік сөзді мұқият тамашалаңыздар.

Бағалау критерийі:

Мәтінді мұқият тыңдап, тыңдалым материалындағы ақпараттардың қажеттісін жазып алады.

Тапсырма

Жұпта қазіргі заманға сай шешендік сөз құрастырып айтыңдар.

Бағалау критерийі:

Ойды жүйелі айта алуы (1 ұпай).

Астарлы ой, тәрбиелік мәннің болуын қамтамасыз ете алуы (2 ұпай).

Шешендік сөз айту барысында көркемдеуіш құралдар (2 эпитет, 2 теңеу, 1 метафора) орынды қолдануы (5 ұпай).

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдана алуы (1 ұпай).

Ойын сауатты жеткізуі (1 ұпай).

Үй тапсырмасы

Үш бидің бірінің шешендік сөзін жаттап келу және түсініксіз сөздермен жұмыс жасау.

Бағалау критерийі:

Қазақтың үш биінің бірінің шешендік сөзін жатқа айта алады.

Шешендік сөзден, кем дегенде, 5 сөзге түсінік бере біледі.

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу