Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.

Шешендік сөздер

Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу және мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру.

Бағалау критерийлері

- Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей алады;

- Тыңдаушыларға ықпал ете алады;

- Шешен сөйлей алады;

- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

- Берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдейді және толықтырады;

Берілген суретке қарап сабақтың тақырыбын болжап көріңіз

Тыңдалым тапсырмасы

«Қазақстандағы мигранттар мәселесі» тақырыбында тыңдалым мәтіні ұсынады.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылар тыңдалым мазмұнынан түсінгендері бойынша ойларын жинақтайды, сұрақтарға жауап береді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмасы

- Миграциялық мәселелерді реттеу үшін екі мемлекет арасында қандай шаралар жүргізілді?

- Екі елдің инвестиция саласындағы байланысы туралы не айтасыздар?

- Мигранттардың мәселесі қалай шешілмек?

Дескрипторлар

Тыңдалым мазмұнын түсінеді;

Сұрақтарға жауап береді;

Мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап қайырады.

Тақырып аясында қорытынды жасай отырып, өз ойын сенімді дәлелдейді;

Оқылымалды тапсырмасы

Зияткерлік мигрант дегенді қалай түсінесіздер?

Босқындар деген кімдер?

Босқындардың жылдан-жылға көбеюі қандай жаһандық мәселеге әкелуі мүмкін?

Оқылым тапсырмасы

"Миграция - проблема емес, басқаруды қажет ететін процесс"

Алматыда өтіп жатқан Қызыл Крест және Жарты Қызыл Ай ұлттық қоғамдарының 10-еуропалық конференциясы аясында Азаттық тілшілері халықаралық Қызыл Крест және Жарты Қызыл Ай қоғамдары федерациясының бас хатшысы Эльхадж Ас Симен кездесті. Азаттыққа берген сұхбатында Эльхадж Ас Си Орталық Азиядағы еңбек миграциясы процестері мен Таяу Шығыстағы дағдарысқа байланысты гуманитарлық қоғамдастық қандай қатерлерге тап болып жатқанын айтып берді. Бұған қоса, ол "Босқындар легі Ауғанстаннан Орталық Азия елдеріне ағылу ықтималдығы қандай?" деген сұраққа жауап берді.

Оқылымнан кейінгі тапсырмасы

• 1-топ. Орталық Азиядан Ресейге барған мигранттар жайын баяндайды.

• 2-топ. Ливандағы сириялық босқындар туралы мәліметті талдайды.

• 3-топ. Қазақстанның оңтүстігінде мақта теріп жүрген Өзбекстан мигранттары мәселелеріне тоқталады.

ЖЖ. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды. Мәселелерге өзіндік баға береді

Дескрипторлар

Сұхбаттың мазмұнын түсінеді;

Сұхбат берушілердің сөзінің мағынасын, негізгі идеяларын ашып түсіндіреді;

Сұрақтарға жауап береді;

Сұхбаттан деректер келтіре отырып, дәлелді жауап қайырады.

Мәтіндегі көтерілген мәселелерді анықтайды;

Мәселелерді бүгінгі өмірмен байланыстыра алады;

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған мәліметтері туралы пікірін тыңдау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу