Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер (5 сағат) Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері | Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-матемаикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова Алтынай Батырхановна | |||||
Сынып: 11 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу 11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру | |||||
Сабақтың мақсаттары | Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу және мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру. | |||||
Бағалау критерийі |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Сөз мәдениеті, шешендік сөздер, сөзталас т.б Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны... | |||||
Құндылықтарды игерту | Қоғамның басты құндылығы сөз мәдениеті, дұрыс сөйлеу, шешендік өнер тақырыбы аясында түсініктерін кеңейту. | |||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих пәндері | |||||
Бастапқы білім | Шешендік өнер | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылықты ояту. Берілген суретке қарап сабақтың тақырыбын болжайды. Сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты таныстырылады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
| слайд | ||||
Сабақтың ортасы 5-15 15-30 30-35 | Мағынаны тану Тыңдалым тапсырмасы Мұғалім оқушыларға «Қазақстандағы мигранттар мәселесі» тақырыбында тыңдалым мәтінін ұсынады. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылар тыңдалым мазмұнынан түсінгендері бойынша ойларын жинақтайды, сұрақтарға жауап береді. Тыңдалымнан кейінгі тапсырмасы
Дескрипторлар:
Бағалау. Өзара бағалау. Оқылымалды тапсырмасы
Оқылым тапсырмасы Жұмыс алгоритмі:
"Миграция - проблема емес, басқаруды қажет ететін процесс" Алматыда өтіп жатқан Қызыл Крест және Жарты Қызыл Ай ұлттық қоғамдарының 10-еуропалық конференциясы аясында Азаттық тілшілері халықаралық Қызыл Крест және Жарты Қызыл Ай қоғамдары федерациясының бас хатшысы Эльхадж Ас Симен кездесті. Азаттыққа берген сұхбатында Эльхадж Ас Си Орталық Азиядағы еңбек миграциясы процестері мен Таяу Шығыстағы дағдарысқа байланысты гуманитарлық қоғамдастық қандай қатерлерге тап болып жатқанын айтып берді. Бұған қоса, ол "Босқындар легі Ауғанстаннан Орталық Азия елдеріне ағылу ықтималдығы қандай?" деген сұраққа жауап берді. ТЖ. Оқылым материалдарының мазмұны негізінде төмендегі сұрақтарға дәлелді жауап береді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма ТЖ. «ФИШБОУН» әдісі арқылы оқушылар сұхбат мазмұнынан түсінгендері бойынша ойларын жинақтайды, көтерілген мәселеге баға береді. Дескрипторлар:
Мұғалімнің сындарлы кері байланысы оқушыға қиындық келтірген аспектілерді тыңдаумен жүзеге асырылады. | слайд https://khabar.kz/kk/news/item/112042-m-ra-ttar-m-seles-e-d-za-me-retteled Мигранттар мәселесі
https://www.azattyq.org/a/world-migration-crisis/29208844.html Сұхбаттан үзінділер, таратпа материалдар | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған мәліметтері туралы пікірін тыңдау. | слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?