Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Шешендік сөздерСөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктеріҚазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу және мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру.
Бағалау критерийлері
- Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей алады;
- Тыңдаушыларға ықпал ете алады;
- Шешен сөйлей алады;
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
- Берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдейді және толықтырады;
Берілген суретке қарап сабақтың тақырыбын болжап көріңіз
Тыңдалым тапсырмасы
Мұғалім оқушыларға «АҚШ заңсыз мигранттарды жаппай кері қайтарады» тақырыбында тыңдалым мәтінін ұсынады.
«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылар тыңдалым мазмұнынан түсінгендері бойынша ойларын жинақтайды, сұрақтарға жауап береді.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырмасы
- Депортациялау науқаны дегенді қалай түсінесіздер?
- Неліктен АҚШ-та заңсыз мигранттар саны көп?
- Елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін АҚШ-қа қандай саясатты қолданған дұрыс. Ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Дескрипторлар
• Тыңдалым мазмұнын түсінеді;
• Сұрақтарға жауап береді;
• Мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап қайырады.
• Тақырып аясында қорытынды жасай отырып, өз ойын сенімді дәлелдейді;
Оқылымалды тапсырмасы
• Зияткерлік мигрант дегенді қалай түсінесіздер?
• Босқындар деген кімдер?
• Босқындардың жылдан-жылға көбеюі қандай жаһандық мәселеге әкелуі мүмкін?
Оқылым тапсырмасы
"Мигранттар мәселесі енді заңмен реттеледі
Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес елдің басшысымен бас-аяғы 9 құжатқа қол қоып, екі ел арасындағы мәселеге нүкте қойды.
1-топ. Жәнібек Арынов, ҚР Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысының жауабын талдайды.
2-топ. Вячеслав Додонов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкерінің жауабын саралайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырмасы
Оқылым мәтініндегі көтерілген мәселе төңірегінде ойларын SWOT кестесіне түсіреді.
Дескрипторлар
• Сұхбаттың мазмұнын түсінеді;
• Сұхбат берушілердің сөзінің мағынасын, негізгі идеяларын ашып түсіндіреді;
• Сұрақтарға жауап береді;
• Сұхбаттан деректер келтіре отырып, дәлелді жауап қайырады.
• Мәтіндегі көтерілген мәселелерді анықтайды;
• Мәселелерді бүгінгі өмірмен байланыстыра алады;
Рефлексия
«Ақылды қалта» әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған мәліметтері туралы пікірін тыңдау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?