Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция.Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1) | Мектеп: | ||||||||
Күні: 1 -сабақ, 40 минут | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатысқандар: | |||||||
Лексика-грамматикалық бөлім | Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер | ||||||||
Грамматикалық материал | Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері | ||||||||
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым және айтылым | ||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау; 11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану | ||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Мақсатты аудиторияға лайық ұғымдарды анықтай алады Оқушылардың көбісі: Мақсатты аудиторияға лайық терминдер мен ұғымдарды анықтап, сөйлеу кезінде қолдана алады Оқушылардың кейбірі: Мақсатты аудиторияға лайық терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтап, сөйлеу кезінде қолдана алады | ||||||||
Бағалау критерийлері | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: Миграция, қоныс аудару, Заңсыз иммиграция, депортациялау, Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер: Менің ойымша... Бір жағынан... Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін. | ||||||||
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | Жауапкершілік Құрмет Адалдық | ||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | |||||||||
Жоспар | |||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер, қажетті құралдар | |||||||
Сабақтың басы 1 минут | Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі: І. Амандасу ІІ. Оқушыларды түгендеу ІІІ. Сабақ мақсатын анықтау | ||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 10 минут 5 мин 2 мин 10 мин | 1 –тапсырма География пәнінен алған білімдеріңді пайдаланып, миграция сөзіне түсінік бер. Миграция деген не? Оның себептері? Қандай түрлері бар? Дескриптор Миграция сөзінің анықтамасын еске түсіреді; Оның негізгі себептерін атайды; Миграция түрлерін айтады. 2-тапсырма Миграция туралы мәтіндерді оқып, тарауларға жіктеп, оларға тақырып қой. Құстардың немесе жануарлардың қоныс аударуы туралы естіген боларсыз, сол сияқты адамдар да көшеді. Миграция – адамдардың бір жерден басқа жерге орын ауыстыруы. Жалпы алғанда, бұл біраз уақытқа созылады (айлар немесе жылдар), және тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін. Демографтар (халықты зерттеушілер) миграцияны бірнеше түрге бөледі. Кейбір миграциялар мәжбүрлі түрде болады, енді біреулері ерікті түрде орын алады. Кейбірі елдің өз ішінде болады, қалғандары басқа елге көшуді қамтиды. Әрқайсымыз күн сайын қысқа мерзімді қозғалыстарға қатысамыз. Жұмысқа не мектепке барамыз, достарымыздың үйінде не сауда орталықтарында уақытымызды өткіземіз. Кешке қарай үйге ораламыз да, ертеңіне өз саяхатымызды қайталап, қайта жалғастырамыз. Бұл миграциядан гөрі айналымға көбірек жақын. Көпшілігіміз өміріміздің бір сәтінде қоныс аударуымыз мүмкін, бұл үйлену, ары қарай білім алу, отбасыны тастап, сыртқа кету немесе жаңа жұмысқа ауысу сияқты өміріміздегі маңызды оқиғалармен байланысты. Кейбір елдерде адамдар зейнетке шыққан кезде, медициналық көмекке жақын немесе климаты жылы жерлердегі кішірек үйге көшуіне байланысты да миграция орын алады. Адамдар түрлі себептерге байланысты көшеді. Мұны түсіндірудегі себептерді “итеруші” және “тартушы” факторлар деп бөлуге болады. Итеруші факторларға адамдарды аймақтан көшуге мәжбүрлейтін азық-түлік жетіспеушілігі, құрғақшылық, жұмыстың болмауы тәрізді факторлар жатады. Ал тартушы факторларға адамдарды басқа жерлерде қызықтыратын факторлар жатады, бұлар итеруші факторларға қарама-қайшы болуы мүмкін. Негізгі факторларға өмір сапасын арттыру мүмкіндіктері, әсіресе мигранттарды балаларына ашылатын мүмкіндіктер қызықтырады және жұмысқа орналасу мүмкіншілігінің артуы жатады. Кез-келген адамға миграциялық таңдау жасау мүмкіндігі берілмеген. Кейбір адамдардың таңдауы болмай, елді тастап кетуге мәжбүр болады. Мұнда да итеруші және тартушы факторлар болуы мүмкін, алайда олардың шешімге еш әсері болмайды. Мәселен, басқа елдерде баспана іздеп жүрген босқындар өз елдерін мәжбүрлі түрде тастап кеткен. Кейбір елдер адамдарды өз елдеріне белгілі бір ережелер мен квоталарға сәйкес келсе ғана кіргізеді. Өз елінің шекарасынан шыққан, әсіресе жұмысқа тұруды мақсат еткен адамдардың керекті ресми құжаттары мен визасы болуы қажет. Кейбір адамдар мұндай құжаттарсыз шекараларды кесіп өтіп, билік өкілдерінен қашумен болады, бұлар – “заңсыз иммигранттар”. Ал енді біреулері ресми виза алып, заңды түрде баспана іздейді, бірақ визаның мерзімі аяқталса да, сол елде қала береді. Заңсыз мигранттар көбінесе төмен жалақы алып, нашар жағдайларда жұмыс істейді. Заңсыз санатына байланысты, олардың құқықтары қорғалмайды. Сондықтан, әділетсіз түрде еңбектері қолданылып, көп сағат жұмыс істеуге тартылып жатса да, олар ешкімге шағым түсіре алмайды. Кейбір бизнес орындары төмен жалақы әсерінен пайда табады, олар салық пен зейнетақы жарналарын төлеуден жалтарады, бұл өз кезегінде еңбек күшін әділетсіз қолдану болып табылады. Мигранттар көбінесе аз төленетін жұмыстарда, мәселен, тамақ өнеркәсібінде немесе тазалау қызметінде істейді. Бұл, әрине, сол елдегі жұмыс іздеушілерге аз ғана мүмкіндіктің болатынын және үлкен әлеуметтік теңсіздікке алып келетінін көрсетеді. Барлық мигранттардың 10%-ы заңсыз екені анықталған. Елдердің көпшілігінің шекаралық агенттігі, немесе соған ұқсас бөлімі болады, олар осындай жағдайларды тексереді. Егер АҚШ-та заңсыз мигранттар анықталса, алдымен тұтқындалып, кейін оларды депортациялайды (өз елдеріне қайтарады). Кейбір мигранттар “саяси баспана” іздеуді жалғастырып, өз елдеріне оралуды қауіпсіз емес деп санайды. Ал Ресейдегі заңсыз иммигранттар тұтқында ұсталады. “Саяси баспана” іздеушілер – өз елдерін тастап шығып, басқа елдің үкіметінен баспана мен өзін қорғауды сұрайтын адамдар. Ал босқындар – өз елдерінен қашып шығып, жасаған қылмыстары үшін жазадан қорқып, елдеріне орала алмай жүргендер. Болашақта экономикалық себептерден гөрі экологиялық себептерге байланысты миграциялар орын алады деген болжам бар. “Экологиялық босқын” деп қоршаған ортаның үлкен өзгерістерге: шөлге айналу, ормандардың жойылуы не құрғақшылық тәрізді апаттарға ұшырауына байланысты өз елдерін тастап шыққан адамдарды айтамыз. “Климаттық босқындар” ұғымы да қолданылады, себебі босқындардың елдерін тастап шығуы климатқа да байланысты орын алады. Тынық мұхитындағы Картерета аралынан адамдардың алғашқы толқыны көшіп үлгерді. Арктикадағы теңіз мұзының еруі эрозияға ұшырау деңгейі жоғары көп жағалық қауымдастықтарға да қауіп төндіруде, сондықтан мұндағы халық та көшуі мүмкін. Түсетін ылғал мөлшерінің өзгеруі жаңа шөл аймақтарын тудыруы мүмкін, нәтижесінде халық бұл жерлерден де қоныс аударуы мүмкін. Миграция – оңай қабылданар шешім емес. Өз елдерін тастап кететін адамдар өз қабілеттерін қоса ала кетеді, жақсылап жайласқаннан кейін өз отбасыларын да көшіреді. Әсіресе, білімі мен бағалы қабілеттері бар адамдар мобильді болады, “ақылдың сыртқа ауысуы” ұғымы бұрынырақ та, арнайы білімі мен қабілеттері бар адамдардың тобы жақсырақ жалақы мен жұмыс жағдайлары үшін шетелге кеткенде қолданылған болатын. Олар көп жағдайларда жас адамдар болып келеді, олар халық пирамидасын өзгертіп, елдің экономикалық жүйесіне әсер етеді. Мұның бір пайдалы тұсы – мигранттар үйлеріне қарағанда сыртта көбірек ақша таба алады, сондықтан олар өздерінің тапқан табысының бір бөлігін үйіне жіберуі мүмкін. Филиппин тәрізді елдерде бұл табыс – ел экономикасының маңызды бөлігі. Мигранттар көбінесе “көзге көрінбейтін” және аз ақша төленетін, қала қажеттілігіне жарайтын жұмыстарды істейді. Еуропалық Одақ мигранттары арасында жүргізілген сауалнама негізгі жұміс көзі өнеркәсіп (зауыттағы жұмыс орындары) екенін көрсетті. Қойма жұмысшылары мен тазалаушылар, фермаларда жұмыс істейтіндер мен даяшылар да көп кездеседі. Алайда, Ұлыбританиядағы заңды мигранттар үшін өнеркәсіптің түрлі салаларында жақсы төленетін жұмыс орындары да бар. Сонымен қатар, жоғары деңгейлі мигранттар – атақты әртістер мен саясатшылар да өздері туылмаған елде табыс тауып, өмір сүріп жатыр. Болашақта мигранттар үшін маңызды жұмыс көзі қарт адамдарға қарау болуы мүмкін, себебі халық қартайып жатқандықтан, оған сұраныс та артуы мүмкін. Дескриптор Мәтінге тақырып қояды; Оны дәлелдейді; Негізігі құрамды бөліктерін (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін) ажыратады; Әр бөлікке тақырыпша қояды. 3-тапсырма Миграция тақырыбына байланысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жазып ал. Оларды қатыстырып құрмалас сөйлемдер құрастыр. Дескриптор Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтайды; Олардың мағынасын сөздіктен табады; Оларды қатыстырып құрмалас сөйлем құрастырады. Грамматикалық тақырып
Сөзталас(орысша -прения) - бірдеңені,қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау. Сөзталас, ойбөліс сияқты, баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда , жиналыстар мен конференцияларда орын алады. 4-тапсырма Сөзталас туралы ақпаратты оқып, оның ережелерін белгіле 5-тапсырма Мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып, «Болашақта миграция баяулай ма әлде көбірек таралады ма?» тақырыбындағы сөзталасына қатыс Бағалау критерийі Тақырыпқа сай терминді қолданады; Миграция туралы тілдік қолданыстарды дұрыс қолданады; Өз пікіріне дәлел кетіреді; | https://www.slideshare.net/AisuluMaksotova/ss-77044020 https://twig-bilim.kz/uploads/material-group/75/kz/kktwig-sayakhat-zhne-migratsiya.pdf | |||||||
Үй тапсырмасы | Мигранттарды өз еліне көп кіргізетін елдерді анықтап, осы елдер арасында мұндай байланыстардың неліктен орнап жатқандығын ментальді картаға түсіру | ||||||||
Сабақтың соңы 1 минут | |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||
Қарапайым деңгей: . Орта деңгей: Жоғары деңгей: | Оқуды қадағалау. Сұрақ – жауап. Өзара жұптағы бағалау. Бағалау критерийі арқылы жеке, жұпқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын. | Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Тарих пәнімен байланыс. АКТ қолдану мүмкіндіктері(презентация). Жұппен жұмыс істеу дағдылары, құндылықтарды есте ұстау (бір-біріне құрмет, ісіне жауапкершілікпен қарау, бағалауда адал болу). | |||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Ең жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? |
| ||||||||
Қорытынды бағалау Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?