Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.

Шешендік сөздер (5 сағат)

Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері

Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-матемаикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова Алтынай Батырхановна

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру

 Сабақтың мақсаттары

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу және мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру.

 Бағалау критерийі

  • Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей алады;
  • Тыңдаушыларға ықпал ете алады;
  • Шешен сөйлей алады;
  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
  • Берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдейді және толықтырады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сөз мәдениеті, шешендік сөздер, сөзталас т.б

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Қоғамның басты құндылығы сөз мәдениеті, дұрыс сөйлеу, шешендік өнер тақырыбы аясында түсініктерін кеңейту.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих пәндері

Бастапқы білім

Шешендік өнер

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылықты ояту.

Берілген суретке қарап сабақтың тақырыбын болжайды.

 Сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты таныстырылады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

 

слайд

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

Мағынаны тану

Тыңдалым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға «АҚШ заңсыз мигранттарды жаппай кері қайтарады» тақырыбында тыңдалым мәтінін ұсынады.

 «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылар тыңдалым мазмұнынан түсінгендері бойынша ойларын жинақтайды, сұрақтарға жауап береді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмасы

  • Депортациялау науқаны дегенді қалай түсінесіздер?
  • Неліктен АҚШ-та заңсыз мигранттар саны көп?
  • Елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін АҚШ-қа қандай саясатты қолданған дұрыс. Ойларыңызбен бөліссеңіздер.

Дескрипторлар:

  • Тыңдалым мазмұнын түсінеді;
  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап қайырады.
  • Тақырып аясында қорытынды жасай отырып, өз ойын сенімді дәлелдейді;

Бағалау. Өзара бағалау.

Оқылымалды тапсырмасы

  • Зияткерлік мигрант дегенді қалай түсінесіздер?
  • Босқындар деген кімдер?
  • Босқындардың жылдан-жылға көбеюі қандай жаһандық мәселеге әкелуі мүмкін?

Оқылым тапсырмасы

  Жұмыс алгоритмі:

  • Оқушылар топта жұмыс жасайды.
  • Мәтіндегі мәліметтерді өңдейді.
  • Тапсырмаларды орындайды.

"Мигранттар мәселесі енді заңмен реттеледі

Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес елдің басшысымен бас-аяғы 9 құжатқа қол қоып, екі ел арасындағы мәселеге нүкте қойды.

ТЖ. Оқылым материалдарының мазмұны негізінде төмендегі сұрақтарға дәлелді жауап береді.

  • 1-топ. Жәнібек Арынов, ҚР Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысының жауабын талдайды.
  • 2-топ. Вячеслав Додонов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкерінің жауабын саралайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

ТЖ.

Оқылым мәтініндегі көтерілген мәселе төңірегінде ойларын SWOT кестесіне түсіреді.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатер

Дескрипторлар:

  • Сұхбаттың мазмұнын түсінеді;
  • Сұхбат берушілердің сөзінің мағынасын, негізгі идеяларын ашып түсіндіреді;
  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Сұхбаттан деректер келтіре отырып, дәлелді жауап қайырады.
  • Мәтіндегі көтерілген мәселелерді анықтайды;
  • Мәселелерді бүгінгі өмірмен байланыстыра алады;

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы оқушыға қиындық келтірген аспектілерді тыңдаумен жүзеге асырылады.

слайд

https://khabar.kz/kk/news/item/113684-aksh-zansyz-migranttardy-zhappaj-keri-kajtarady

АҚШ мигранттары

https://khabar.kz/kk/news/item/112042-m-ra-ttar-m-seles-e-d-za-me-retteled

Сұхбаттан үзінділер, таратпа материалдар

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Ақылды қалта» әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған мәліметтері туралы пікірін тыңдау.

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу