Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер

САБАҚ: 2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тарихи жәдігерлерді сақтау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

 Сабақтың мақсаттары

Тыңдаушыларға ықпал етіп сөйлеу

 Бағалау критерийлері

Экспрессивті-эмоционалды сөздерді, риторикалық сұрақты ықпал ету мақсатында орынды қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

«Карусель» әдісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберлерде тұрады. Мұғалім ұсынған тақырыптар бойынша білімдерімен бөліседі. Ұсынылатын тақырыптар:

  • Экспрессивті-эмоционалды сөздер және оларды қолданудың маңызы;
  • Риторикалық сұрақтар және олардың сұраулы сөйлемдерден айырмашылығы.

Сабақтың ортасы

Ж. Тыңдалымалды тапсырма.

Оқушылар келесі сұрақтарды талқылайды:

  • Көне жәдігерлерді сақтаудың маңызы қандай?
  • Көне жәдігерлердің экономикаға, мемлекеттің дамуына қандай әсері бар?

Оқушылар пікірлерін білдіреді.

Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушылар «Тарихи ескерткіштерді сақтау» тақырыбындағы мтінмен танысады(мұғалім мәтінді оқып беруіне болады немесе алдын ала аудио ретінде жаздыруға болады).

Оқушылар тыңдау барысында мәтіннен экспрессивті-эмоционалды сөздер мен риторикалық сұрақты анықтап, қолданылу мақсаттарын табады, мәліметтерін кестеге толтырады.

Анықталатын сөздер

Мәтіннен мысал

Қолданылу мақсаты

Экспрессивті-эмоционалды сөздер

Риторикалық сұрақ

ЖЖ. Оқушылар кестелерімен алмасып, ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтайды, сыныпта талқылайды.

Ж. Айтылым тапсырмасы.

Оқушылар «Тарихи жәдігерлерді болашақ ұрпақ үшін сақтайық» тақырыбында РАФТ әдісі бойынша әңгімелейді.

Рөл

Қоғам қайраткері/ мұражай қызметкері/ қала тұрғыны/ археолог

Аудитория

Қала тұрғындары/ мемлекет басшылары/ көпшілік қауым/ жастар

Форма

Монолог

Тақырып

Тарихи жәдігерлерді болашақ ұрпақ үшін сақтайық

Тапсырма.

«Тарихи жәдігерлерді болашақ ұрпақ үшін сақтайық» тақырыбында монолог құрастырыңдар.

Дескриптор:

1. Монолог құрылымын сақтап айтады.

2. Таңдалған рөлге сәйкес қажетті аудиторияны таңдайды.

3. Аудиториямен байланыс орнатады.

4. Аудиторияны сендіру, назарын аудару мақсатында экспрессивті-эмоционалды сөздерді орынды қолданады.

5. Аудиторияны белгілі бір әрекетке шақыру мақсатында риторикалық сұрақты орынды қолданады.

6. Тақырыпты ашады.

Бағалау. Оқушылар жұпта бір-бірін тыңдайды, дескриптор бойынша кері байланыс береді.

Мәтін

https://kazakh-tv.kz/kz/view/culture/page_184919_

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар сабақтың мазмұны мен сабақтағы әрекеттері бойынша кері байланыс береді.

  • Не қызықты болды?
  • Не қиындық тудырды?
  • Олқы тұстарды жақсартудың қанда жолын ұсынар едіңдер?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тақырып туралы қосымша мәліметтер арқылы оқушылар білімдерін кеңейтеді.

Өзара, топтық бағалау жүзеге асады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу