Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.
Қосымша ақпарат
Білгенге - маржан!
Жиренше шешеннің не айтқысы келгенін жұп болып түсіндіріңіздер:
«Әкесі өлген — асқар тауы құлағанмен бірдей,
Шешесі өлген — ағар бұлағы суалмағанмен бірдей,
Ағасы өлген — оң қанаты қайырылғанмен бірдей,
Інісі өлген — сол қанаты қайырылғанмен бірдей,
Апа-қарындасы өлген — өрісі тарылғанымен бірдей»
«Көзбен көрген — шын, құлақпен естіген — өтірік»
«Қадірлі болғысы келген кісіге үш серік керек: бақ, дәулет, ырыс»
Есіңе сақта!
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?