Қазба байлықтарын тиімді пайдалану. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Сабақтың тақырыбы: Қазба байлықтарын тиімді пайдалану

Мектеп: Орал қаласы НЗМ

Пәні: Қазақ тілі Т1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Жакыпжанова А.С

СЫНЫП: 9Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Негтив

Мәтін мазмұнын түсінеді;

көтерілген мәселеге баға береді;

талқылау сұрақтарын құрайды.

 Тілдік мақсаттар

Мақал-мәтелдер

1. Ескі мата бөз болмас, Екі темір біз болмас.2. Арпа бидай ас екен, Алтын – күміс тас екен.3. Пәлен жерде алтын бар Барсаң мыста жоқ.4. Ақыл арымас, Алтын шірімес.5. Батыр майданда шынығады, Болат қайнаудан шынығады.6. Жалтырағанның бәрі – алтын емес.7. Аз сөз алтын, көп сөз көмір.8. Темірді қызғанда соқ.9. Жайсыз болған жаздан

Жайлы келген қыс артық.

Көріксіз соққан күмістен

Келісті соққан мыс артық.

10.Тауып сөйлесең — күміссің,

Таппай сөйлесең — мыссың.

 Бағалау крийлері

Мәтін мазмұнын түсінеді;

көтерілген мәселеге баға береді;

талқылау сұрақтарын құрайды

Алдыңғы білім

Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік.

Сабақ барысында жүзеге асатын құндылықтар

Өмір бойы оқу, құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы 5 минут

Мұғалім қазба байлықтарының атауларын атайды. Оқушылар қай аймақтарда өндірілетінін болжаммен айтады.

  • Көмір
  • Мұнай
  • Темір
  • Алтын
  • Мыс
  • Табиғи газ т.с.с

Кейін мұғалім қазба байлықтардың картасын көрсетеді. Картаны оқушылар жұпта талқылайды.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

10 минут

10 минут

Оқылым алдындағы тапсырма.

1. Ескі мата бөз болмас, Екі темір біз болмас.2. Арпа бидай ас екен, Алтын – күміс тас екен.3. Пәлен жерде алтын бар Барсаң мыста жоқ.4. Ақыл арымас, Алтын шірімес.5. Батыр майданда шынығады, Болат қайнаудан шынығады.6. Жалтырағанның бәрі – алтын емес.7. Аз сөз алтын, көп сөз көмір.8. Темірді қызғанда соқ.9. Жайсыз болған жаздан

Жайлы келген қыс артық.

Көріксіз соққан күмістен

Келісті соққан мыс артық.

10.Тауып сөйлесең — күміссің,

Таппай сөйлесең — мыссың.

Тапсырма. Оқушылар мақалдарды жұпта оқиды, мақалдың мәнін ашады.

  • Мақалдағы асты сызылған қазба байлықтарының рөлі қандай?
  • Ол мақалда қалай көрініс тапқан?

Оқылым тапсырмасы.

Тапсырма. Оқушылар оқылым мәтінін оқиды.

  • Оқушылар мәтінді оқиды.
  • Мәтінде көтерілген мәселені талқылайды.

Оқылым мәтіні.

Қазба байлық өндіру қарқынды жүргізілуі қоршаған ортаға, адам өміріне ешқандай зиян келтірмеуге тиіс. Осы ретте арнайы әлемдік стандарт бекітіліп, қауіпсіздік мәселесін жаһандық деңгейде реттеуді жүйелеу қолға алынған. Бұл туралы жиын барысында ERK Consulting (UK) Ltd. сарапшысы Джейн Джоуин толығырақ әңгімеледі. Оның айтуынша, стандарт бойынша кен орнын қазуға ниетті кәсіпорынға рұқсат қағазын алу қазір күрделеніп кеткен. Әсіресе АҚШ пен Еуропада арнайы зеттеу жүргізіліп, тиімділігі ғылыми тұрғыда дәлелденсе ғана рұқсат беріледі екен. Оның өзінде бұл процесс 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Оған қоса инвестор құйған ақшаның жартысы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, зерттеу жүргізуге кетеді. Ал Қазақстанда аталған құжатқа қол жеткізу небары 2 жылдың ішінде жүзеге асады, кәсіпорын зерттеу жұмыстарына аса шығындала қоймайды. Осыдан барып түрлі түйткілді мәселелер туындайды, ең күрделісі жауапкершіліктің кімнің мойынына жүктелетіндігі белгісіз күйде қалады.

Форумда сөз алған «Республикалық кен өндіру және кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец келер жылы елімізде жаңа Экологиялық кодекс әзірленетінін айтты.

– Осы орайда реформалауда маңызды рөл ойнайтын бірнеше мәселелерді атап өткім келеді. Біріншіден, Экологиялық кодекс кәсіпорындарға тек айыппұл салып қана қоймай, оларды қалдықтар көлемін азайтуға, ластануларды төмендетуге ынталандыруы керек. Біздің пікірімізше, бүгінгі күні экологиялық төлемдерді қолдану экологиялық жағдайды жақсартып, қалдықтар көлемін азайтуға бағытталмаған. Осыған байланысты, қауымдастық ретінде біз салынатын айыппұл сомасына кәсіпорындар өз бетінше экологиялық іс-шаралар қабылдауын қарастыратын нормалар енгізуді ұсынамыз. Қоршаған ортаның ластануынан болған залалды бағалау механизмі аса маңызды. Бұл ретте де экологиялық заңнама қаншалықты тиімді қызметтер атқаратыны жайлы сөз болып отыр. Қазіргі таңда құзырлы органның экологтары кабинеттерінен шықпай-ақ залал көлемін есептеп, компанияларға айыппұл сала алады. Бұл ең тиімді әдіс емес екенін айтқымыз келеді,– деді Н.Радостовец.

Парламент Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Галина Баймаханова қоғамдық институттар мен олардың ұстанымдарын күшейтудің, сондай-ақ сындарлы диалогтар құру арқылы оңтайлы шешімдер қабылдауға қолдау көрсетудің аса маңызды екенін жеткізді.

– Барлығымыз үшін жер қойнауындағы қазба байлықтарының ұзақ мерзімге жеткені, орнымен пайдаланылғаны маңызды. Сол себепті алдымен халықаралық тәжірибемен салыстыру арқылы геологиялық ақпарат жинау жүйесін қалыптастыру және оның жариялы, ашық болуын қамтамасыз ету керек. Бұған қоса кодекске және оның қолданылуы бойынша әр бабына сауатты түсініктеме бе­ретін заңгерлер тобын құру қажет. Заңнаманы кәсіби заңгерлердің түсіндіруі аса маңызды. Сонымен қатар кодекс барлығына түсінікті болатындай терминологиялық сөздік дайындап, оны ағылшын тіліне аударуды қолға алу керек, – дейді ол.

Тапсырма.

«Кейіпкерге сауал»

Мәтінде аты аталған кейіпкерлерге бағытталған талқылау сұрағын құрастырып, кейіпкерге қойыңыз.

Дескриптор

  • Жоғары дәрежелі екі сұрақ құрайды;
  • кейіпкерге бағыттайды;
  • талқылау жүргізуге негіз болатын сұрақ.

Оқушылар сұрақтарын құрап, бір-біріне қояды. Дескрипторға сай бағалайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

РАФТ стратегиясы арқылы оқушылар төмендегі тапсырманы орындайды.

Рөл

Экологияны қорғау ұйымының еріктісі

Аудитория

Жастар, оқушылар

Форма

Үндеу хат

Тақырып

Қазба байлықтарын өндіруде қоршаған ортаға зиян келтірмеу

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%BF%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D1%8B_%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B

Соңы

5 минут

Оқушылар оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне қайта оралып, қаншалықты қол жеткізгенін талқылайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары

жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу