Жануарларды ғылыми мақсатта пайдалану. Қазақ тілі, 6 сынып, презентация. 9 сабақ
Сабақтың тақырыбы
Жануарларды ғылыми мақсатта пайдалану
Оқу мақсаттары
6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу
себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
6.4.5.1 - қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану.
Бағалау критерийлері
келісетінін/келіспейтінін білдіріп, өз пікірін дәлелдей алады;
берілген сөздер мен тіркестерді орынды қолданады;
даралаушы тыныс белгілерді орынды қолдана біледі.
Екіжақты пікір білдіріңіз
«Ғалыми жаңалық ашу үшін жануарларға эксперимент жасауға келісесіз бе?» тақырыбында эссе жазыңыз.
Дескриптор:
келісетінін/келіспейтінін білдіріп, өз пікірін дәлелдей алады;
берілген сөздер мен тіркестерді орынды қолданады;
даралаушы тыныс белгілерді орынды қолдана біледі.
Эссе жазу қадамдары:
Берілген тақырыпты мұқият оқу.
1-абзацта (кіріспе бөлім) эссе тақырыбын түсінгені туралы сөйлем жазу. Аталған мәселе бойынша келісетінін немесе келіспейтінін білдіретін сөйлем жазу (тезис).
2-абзацта (негізгі бөлім) тезиске қатысты пікір жазу. Келісу/келіспеу себебін жазу. Пікірді қолдайтын кем дегенде 2 дәлел келтіру. Абзацты қорытындылайтын сөйлем жазу.
3-абзацта (қорытынды бөлім) кіріспе бөлімдегі келісу/келіспеуге қатысты пікірге (тезиске) қайтып келу. Ойын қорытындылайтын сөйлем жазу. Эссені қорытындылайтын сөйлем жазу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?