Табиғат қорларын пайдалану мәселелері. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: Табиғат қорларын пайдалану мәселелері

Мектеп: Орал қаласындағы НЗМ

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні: Мунбаев С. Х.

СЫНЫП: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың оқу мақсаттары

9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру

 Сабақтың мақсаттары

Мәтінде көтерілген мәселені түсіну;

Мәтіндегі мәселе бойынша талқылау сұрақтарын құру.

 Бағалау критерийлері

Мәтінде көтерілген мәселені түсінеді;

Мәтіндегі мәселе бойынша талқылау сұрақтарын құра алады.

 Тілдің мақсаттар

Табиғат, тіршілік, жер, су, сарқылатын және сарқылмайтын табиғат қорлары

 Құндылықтар

Ашықтық, құрмет

 Пәнаралық байланыс

География

Алдыңғы сабақта

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

7 минут

Мұғалім интербелсенді тақтадан кроссвордты көрсетеді. Дұрыс жауап берген оқушылар жауапты жазады. Барлық жауап табылған соң, мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, сабақтың оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін түсіндіреді.

Талқылау сұрақтары:

  • Бұл заттардың ортақ атауы бар ма?
  • Табиғат қорларымен байланысты қандай мәселе көтеруге болады?

https://learningapps.org/display?v=pefmqyqxk19

8 минут

5 минут

5 минут

10 минут

Оқылым тапсырмалары.

Мұғалім оқушыларға графикалық органайзер түрінде мәтінде таратады. Оқушылар мәтіннің бөліктерін оқып, сол бөліктің мазмұны бойынша маңыздылығын және тақырыбы бойынша мәселені жазады.

Тапсырманың дескрипторлары:

  • Мәтіннің маңыздылығын анықтайды;
  • Мәтін мазмұны бойынша мәселені көрсетеді.

Бағалау:

Мұғалім бірнеше оқушының жауабын тыңдап, кері байланыс береді. Қалған оқушылар өзін-өзі бағалайды.

ІІ. Мұғалім сыныппен бірге талқылау сұрағының талаптарын жазады. Оқушылар өздерінің ойларын айтады. Мұғалім айтқандарын талдап, талаптарды тақтаға жазады. Мысалы:

  • Тақырып бойынша маңызды мәселе қамтылады;
  • Жауап берушінің ойы сұралады.

Критерийлер құрылған соң, әр оқушы мәтін мазмұны бойынша талқылау сұрағын құрады. Өз сұрақтарын стикерге немесе бір қағазға жазады.

  • Тапсырма дескрипторлары:
  • Мәтін мазмұны бойынша 1 талқылау сұрағын құрады.
  • Сұрақтар сауатты құрылған.

Бағалау:

Әр оқушы сұрақты жазып болғаннан кейін (өзінің атын жазбайды) 5 оқушыдан тұратын топқа бірігеді. Стикерлерді жинап сағат тілі бойынша көрші топқа береді. Көрші топ барлық сұрақтарды бір-бірден оқып шығып, әр сұрақ бойынша кері байланыс дайындайды. Уақыт аяөталған соң, топтан бір оқушы тұрып, әр сұрақты дескриптор мен талаптар бойынша бағалайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Жұптар дайындаған сұрақтарды бір-бірінен кезек-кезек қояды. Әр оқушы сұраққа 3-4 сөйлеммен жауап береді.

Тапсырма дескрипторлары:

  • Өз ойын айтады;
  • Өз ойын дәлелдейді;
  • Өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

Бағалау:

Оқушылар бір-бірінің сұрағы мен жауабына дескриптор бойынша кері байланыс береді. Мұғалім сыныпты аралап, жауаптарды тыңдап, сұрақты жақсы құрастырған оқушылардың жұмысын үлгі ретінде оқытады. Қажетінше сыныптың жұмысына кері байланыс береді.

https://baribar.kz/student/25849/qazaqstan-tabighatynynh-ekologiyasy-zhaghdayynynh-zerttelui/

Рефлексия

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Оқушылар Блоб ағашы арқылы рефлексия жасайды.

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу