Өзге ғаламшарлықтар. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 9 сабақ.


Күні: ___________ Сынып:_______ Оқушының аты-жөні:______________________

Қалыптастырушы бағалау

Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Бағалау критерийі:

  • Мәтінді түсінеді
  • Сөйлемдерді толықтыра алады
  • Берілген сұраққа өзіндік пікірін білдіріп жауап бере алады

Тыңдалым мәтіні

Адамзат жаралғалы бері қиял-ғажайып ертегілер мен аңыз-әңгімелерге жаны құштар. Кез келген халықтың фольклорын қарасаңыз, онда алуан түрлі шытырман ситуациялар мен фантастикалық жан иелерін кездестіре аласыз. Әрқайсымыз русалка, минотавр, гарпийлер, сфинкстер туралы көп оқығанбыз. Алайда, мифтің, ертегі мен әр түрлі аңыздардың артында белгілі бір деңгейде шындық жатуы мүмкін екенін де ескергеніміз жөн. Мәселен, осы мақаланың өзегіне айналып отырған таңғажайып кентаврларды алайық. Кентаврлар жайлы аллегориялық оқиғаларды біз ең алдымен грек мифологиясынан білеміз.

Кентаврлар жайлы ақпарат ескі Еуропа әлемін дүр сілкіндіріп, ұлы үрейге бөледі. Отырықшы еуропалықтар үшін кентаврлар деген бөлек мәдениет иесі, салт-дәстүрі мен өзгеше дүниетанымы бар бейтаныс адамдар болып шықты. Егер ең алғаш атқа қонған адамдар – сақтар болса, ең алғаш Еуропаға үлкен соққы берген кентаврлар біздің ата-бабамыз – ғұндар болған десек, жалған сөзге ұрынбаймыз. Аммиан Марцеллин біздің аталарымызды суреттей келе: «Бұлар - соншалық дүлей күштің иесі. Олардың мойындары жуан, дене бітімі мығым, сымбатты келеді. Ат үстінен түспейтін бұл қорқынышты адамдарды төрт аяқты жануар деп те қаласың. Олар от жағып, ас әзірлемейді, жартылай қақталған етті тақымына басып алып, ат үстінде күнелтеді. Олардың тым құрығанда, төбесі қамыспен жабылған үйі де жоқ, бесіктегі баласы туа сала аштық пен шөлге төтеп бере алатындай тәрбиеде өседі» - дейді.

Жоғарыда айтқанымыздай, кез келген мифтің негізі болуы тиіс. Кентарвлар туралы аңыз-әңгіме біздің бабаларымыздың Еуропаны жаулау кезеңінде тууы ықтимал деген ой біздің көңілге қонатыны жасырын емес.

Тапсырма:

1) Төменде берілген сөйлемдердегі бос орындардың орнына мағынасына қарай қажетті сөздерді қойыңыз.

1. Мәселен, осы мақаланың өзегіне айналып отырған _________кентаврларды алайық. [1]

2. Аммиан Марцеллин біздің ______________ суреттей келе: «Бұлар соншалық дүлей күштің иесі» - дейді. [1]

3. Отырықшы еуропалықтар үшін кентаврлар салт-дәстүрі мен өзгеше дүниетанымы бар __________ ________ болып шықты. [1]

4. Олардың мойындары жуан, __________ ________ мығым, сымбатты келеді. [1]

5. Жоғарыда айтқанымыздай, кез келген мифтің ___________ тиіс. [1]

2) Берілген сұрақтарға өзіндің пікіріңізді білдіріңіз

1. «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деген сөз нені білдіреді?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]

2. Қиял адам өмірінде қандай маңызға ие? Өз пікіріңізді білдіріңіз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]

Тапсырма

Дескриптор

«+» белгісі

(әр бір дұрыс орындалған пунктің тұсына «+» белгісі қойылады )

1

Мәтінді түсінеді

+

2

Сөйлемдегі бос орындарды толтырады

3

Берілген сұрақтар бойынша өзіндік көзқарасын білдіре алады

4

Пікірін түсінікті, жүйелі жаза алады

+

5

Пікір білдіруде аргументтер қолданыла алады

+



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу