Өзге ғаламшарлықтар. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі

10-бөлім:Ғылыми фантастика

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өзге ғаламшарлықтар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау

7.ӘТН 2 Орфоэпиялық норма

Оқу мақсаты

- Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

- Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақтың

мақсаттары

Оқушыларды өз пікірлерін дәйек келтіре отырып айтуға, өзгенің жауабын тыңдап, өзіндік пікірлерін білдіре алуға, өз пікірлерін өзгенің пікірімен салыстыра алуға, өз ойын түсінікті, жүйелі айтуға дағдыландыру.

Бағалау критерийі:

  • Әңгіме-ертегі-аңыздың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба алады
  • Әңгіме-ертегі-аңызға тән қасиеттерді жіктеу барысында пікірлерін дәлелдей алады
  • Берілген сұрақтарға өзіндік пікірін білдіре алады
  • Сұрақтарға сұхбат алды және сұхбаттан кейінгі берген жауаптарын өзара салыстыра алады
  • Ойын дәйекті, жүйелі жеткізе алады

Тілдік міндеттер

Пікірлерін айту барысында қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша....

Біріншіден...

Сондай-ақ

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

АКТ дағдылары

Презентация

Алдыңғы білім

Ғылыми фантастика: жазылым дағдысы

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың назарына «Беймәлім ұшатын табақшалар» бейнематериалы ұсынылады. Бейнематериалда айтылған түрлі көзқарастарыдң қайсысымен келісетінін не келіспейтіндігін айтып, өзіндік пікірлерін білдіреді.

Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты, сабақтың құрылымы таныстырылады.

Слайд №1-2

https://www.youtube.com/watch?v=TTSU6F_3JCg

Беймәлім ұшатын табақшалар

Сабақтың

ортасы

7 минут

8 минут

20 минут

Бағалау критерийі:

  • Берілген сұрақтарға өзіндік пікірін білдіре алады
  • Сұрақтарға сұхбат алды және сұхбаттан кейінгі берген жауаптарын өзара салыстыра алады
  • Ойын дәйекті, жүйелі жеткізе алады

Тыңдалымалды тапсырма

Оқушыларға алдын ала төмендегі сұрақтар ұсынылады. Оқушылар сұрақтарға болжаммен жауап береді.

  •  Ғылыми-фантастикалық шығармалардың өзге шығармалардан өзгешелігі неде?
  •  Жазушылар неліктен ғылыми-фантастика жанрын жазады деп ойлайсыз?
  •  Ғылыми-фантастикалық кейіпкерлерді және ертегі, аңыз әңгімелерді бір деңгейде қарастыруға болады ма? Неліктен олай ойлайсыз?
  •  «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» деген мақалды қалай түсінесіз?

Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушылар Ж.Сахиевпен болған сұхбаттан үзінді тыңдайды.

Жоғарыда келтірілген сұрақтарға тыңдалым материалының мазмұны бойынша жауап береді. Алдыңғы берген жауаптарымен салыстырады.

Сонымен, оқушылар:

  • Ғылыми-фантастикалық шығармалардың өзге шығармалардан өзгешелігі неде?
  • Автор неліктен ғылыми-фантастика жанрын таңдады?
  • Ғылыми-фантасикалық кейіпкерлерді және ертегі, аңыз әңгімелерді бір деңгейде қарастыруға болады ма? Неліктен олай ойлайсыз?
  • Автор «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» деген мақалды не себепті қолданып отыр?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Бағалау критерийі:

  • Әңгіме-ертегі-аңыздың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба алады
  • Әңгіме-ертегі-аңызға тән қасиеттерді жіктеу барысында пікірлерін дәлелдей алады

Топтық жұмыс. Венн диаграмма

Сынып санақ әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді

Әр топ өзбетінше төмендегі тапсырманы орындайды:

  •  Ғылыми-фантастикалық әңгіме-ертегі-аңыз арасындағы ұқсастық пен ерекшеліктерге талдау жасайды.

Әр топ өз жұмысын қорғайды.

Оқушылар мен мұғалім алдын ала белгілі болған жетістік критерийлері арқылы бағалайды.

Дескриптор

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Жұлдызша

Берілген сұрақтарға өзіндік пікірлерін білдіре алады

1

2

3

Сұрақтарға нақты жауап береді

Өзіндік көзқарасын білдіреді

Жауаптарын, пікірлерін салыстырады

1

1

1

Түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыра алады

1

2

Топта жұмыс жасайды

Ғылыми-фантасикалық кейіпкерлердің және ертегі, аңыз әңгімелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді

1

1

3

Ойларын еркін жеткізеді

1

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Топтық жұмыс барысында қабілеті жоғары оқушылар көшбасшылық жасап, қолдауды қажет ететін оқушыларға ықпал ете отырып бірге белгіленген мақсатқа бір уақытта қол жеткізеді. Мұғалім тарапынан қойылатын сұрақтар оқушылардың қабілеттеріне қарай бағытталады.

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Жұптар бір-бірін «Жұлдызшалар» арқылы мұғалім тарапынан бағаланады және мақтау сөздер авйтылып отырады.

Пәнаралық байланыс

Музыка пәнімен байланысады

АКТ-мен байланыс

Презентация, аудио

Сабақ барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары жүзеге асырылады.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу