Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

ӘТН2.Орфоэпиялық норма.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: тыңдалым мазмұнын түсінеді, талқылайды.

Көптеген оқушылар: сұрақтарға дәлелді жауап береді.

Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтар құрастырады, өмірмен байланысты нақты мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

  • Сұрақтарға мәтіннен деректер келтіріп, дәлелді жауап береді.
  • Өз жауаптарын басқа жауаптармен салыстырады, талқылайды.

Дескриптор

  • Сұрақтарға толық, дәлелді жауап береді.
  • Мәтіннен деректер келтіреді.
  • Өз жауабын басқа жауаптармен салыстырады.
  • Сұрақтарды талқылайды

Тілдік міндеттер

Ел ішіндегі бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық, бір шаңырақ астында, ұлттар мен ұлыстар, ассамблея, бірегей институт

Құндылықтар

Ұлтаралық татулық, достық.

Осыған дейін меңгерілген білім

Әлеуметтік желілер

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сәлемдесу.

Дерек

көздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту.

Адасқан әріптерді дұрыс орналастырып, 3 сөз жазыңыз. Тақырыпты анықтап көріңіз.

АЛЫТУҚТ, ҚСОТАДСТЫ, ІІКБРЛ, ХААРЛТЫҚ

Мұғалім ОМ мен БК таныстырады.

Үлестірме материалдар

Слайд №1,2,3

Сабақтың ортасы

5 мин

2 мин

20 мин

6 мин

5 мин

Тыңдалымалды сұрақтар:

1. Қазақстан қандай мемлекет?

2. Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?

3. Олардың арасындағы қарым-қатынас қандай?

https://www.youtube.com/watch?v=LKpLzxcROgY

Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы (1,49)

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Өз жауабыңызды өмірмен байланыстырыңыз:

  • Алғашқы этномәдени орталықтар қашан және не үшін пайда болды?
  • 1992 жылы барлық этнотоптардың орталығын құру мақсатында қандай шешім қабылданды?
  • Бірегей институт қалай аталады?
  • Қанша конфессия, ұлт өкілдерін біріктіреді?
  • Бүгінде бұл қандай орган?
  • Ұйымның сессиясы қаншалықты жиі өткізіледі?
  • Өз сессияларында ұйым қандай мәселелерді қарастырады?
  • Еліміздегі бұл ұйымның қызметі қаншалықты маңызды?
  • Халықтар арасындағы достастықты сақтауға қосқан үлесі қандай?
  • Осы ұйымнан басқа елімізде ұлттардың мәдениетін сақтауға қандай істер атқарылады?

2-тапсырма. Тақырып бойынша өз пікіріңізді жазыңыз.

Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы арқылы және оқушылардың өзара комментарий беруі арқылы жүзеге асады.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

  • Қазақстан-..................., ................., ................. мемлекет.
  • Елімізде ...................................ұлт өкілі тұрады.
  • Қазақстанда тұратын халықтар арасында ..................................., ......................қарым-қатынас орнатылған.
  • Әр облыста этномәдени топтардың салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға арналған ........................ үйлері бар.
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы -

........................................................................................................................................................................... ұйым.

Слайд №4

Слайд№5

Слайд№6

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар:

Кері байланыс

«3-2-1» әдісімен

3 маңызды мәселе

2 жаңа ақпарат

1 қорытынды түйін жасайды.

Рефлексия: «+ - қызықты»

Үйге тапсырма: Жергілікті «Достық» үйі туралы 2 минуттық ақпарат дайындап келу.

Слайд№7

Слайд №5

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Оқушының барлығы тыңдалым мазмұнын түсінеді, талқылайды.

Оқушылардың көбісі сұрақтарға дәлелді жауап береді.

Кейбіреулері

Проблемалық сұрақтар құрастыра алады, өмірмен байланысты нақты мысалдар келтіреді.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі өзара кері байланыс арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, әдебиет, әлеуметтану, саясат.

Құндылықтар: ұлтаралық достық, өзара құрмет, толеранттылық.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады. Оқушылар отбасындағы әженің рөлін көрсету үшін жағдаяттық сахналық көрініс қоя алады.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: таңдалған ресурс көздері

2: жеке және топтық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: жұптық жұмыс формасын қолдану

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу