Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 10 сабақ.


Оқушының аты-жөні: Сыныбы:

Бөлім

5-БӨЛІМ: МУЗЫКА ӨНЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ КИЕЛІ ДОМБЫРАСЫ

Оқу мақсаты

7.О6 Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.

Ойлау деңгейі

талдау

Бағалау критерийі

Оқылым стратегияларын қолданады.

1-тапсырма: Мәтінді түсініп оқыңыз.

Домбыра

 Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары халқымыздың тұрмысы мен тіршілік қам-қарекетіндегі, салт-дәстүрі мен дүниетанымындағы, тарихы мен өнеріндегі бірегей заттық мұрасы, рухани-мәдени байлығы болып табылады.

 Қазақтың шертпелі аспаптарының ішіндегі ең көп қолданылатыны және көптеген үлгі нұсқалары бары – домбыра. Домбыраның шанағы тұтас ойып та, құрап та жасалады. Домбыралардың сырт нұсқалары әртүрлі болып келгенімен, жасалу әдіс-тәсілдері мен бөлшектері ортақ. Домбыра негізінен бес бөліктен тұрады.Олар бас, мойын, кеуде, шанақ, қақпақ. Осыларға қосымша құлақ, тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, шек, үндік (ойық), пернелер, қалқа, серпер, желкелік, түйме, өрнек, желбезек тақтайша деп аталатын қосалқы бөлшектері де бар. Тиектің де бірнеше түрі бар. Олар: бас (жоғарғы), негізгі тиек, түйме тиек, табалдырық (шайтан) тиек. Бұл бөлшектерсіз домбыра үн шығармайды, ойнауға келмейді.

Қазақ дүниетанымы бойынша, домбырада қолөнер, орындаушылық, күйшілік секілді танымдық құндылықтар жинақталған. Адам көкірегіне нұр құятын, жамандықтан сақтайтын күшке ие аспап ретінде оған үкі, қоңырау тағып, төрге іліп қастерлейді.

Шағын үлгіде жасалатын, балаларға арналған екі шекті түрі – шіңкілдек. Шіңкілдектің үні басқа аспаптардың дыбысымен қосылғанда , ашық естіліп, ерекшеленіп тұрады.

 Домбыра тобындағы әлі де болса сирек қолданылатын нұсқасы – үш шекті домбыра. Аспап шек саны, бұрауы және үш шекте орындалатын күй шығармаларымен ерекшеленеді. Ұлы Абайдың кезінде өз ән-күйлерін сүйемелдеген үш шекті тарихи домбырасы сақталған.

2-тапсырма

Бірінші абзацқа бір сөйлеммен комментарий айтыңыз.

3-тапсырма

Кестедегі «Біздің анықтама» бөлігіне берілген сөздің мағынасын өзіңіз қалай деп ойлайсыз, соны жазыңыз. Ол сөздің нақты мағынасы қандай екенін сөздіктен қарап «Сөздіктегі анықтама» бөлігіне жазыңыз. Сол сөздерді кірістіріп, сөйлем құраңыз, оны «Сөйлем» бөлігіне жазыңыз.

Сөз

Біздің анықтама

Сөздіктегі анықтама

Сөйлем

Бас

Тиек

Перне

Түйме тиек

1-кесте

Сөз

Біздің анықтама

Сөздіктегі анықтама

Сөйлем

Мойын

Кемер ағаш

Қалқа

Желкелік

2-кесте

Сөз

Біздің анықтама

Сөздіктегі анықтама

Сөйлем

Кеуде

Бастырма

Түйме

Негізгі тиек

3-кесте

Сөз

Біздің анықтама

Сөздіктегі анықтама

Сөйлем

Шанақ

Құлақ

Өрнек

Табалдырық Тиек

4-кесте

Сөз

Біздің анықтама

Сөздіктегі анықтама

Сөйлем

Қақпақ

Тұжым ағаш

Шек

Бас тиек

5-кесте

Бағалау критерийі

Дескриптор

Оқушы...

Оқылым стратегияларын қолданады

абзацқа комментарий айтады

сөздердің мағынасын анықтайды

сөздіктегі мағынаны табады

ұсынылған сөзге сөйлем құрай алады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу