Бокс өнері. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 7 сабақ
ЕТІС
Етіс – қимылдың іс-әрекеттің орындаушыға қимыл иесімен тура істелетін істің қатысын білдіру үшін, етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын етістіктің түрі.Яғни, етістіктен етістік тударатын жұрнақтардың жүйесі етістер я етіс категориясы деп аталады. Мысалы: Ол жуынды. Ол баласына кітап оқытты. Әңгіме айтылды. Ол бір-бірімен хат жазысты. Етістер жинақтарының түрлеріне қарай бес түрге бөлінеді. 1.Негізгі етіс - өзге етіс формаларына негіз болатын форма. Негізгі етістің арнаулы жалғаулары болмайды. Оған түбір я туынды етістерінде күрделі етістерінде негіздері жатады. Мысалы: Бар, кел, сөйле, қуан, шөлде, ақта, қарайла, боян, ән сал, түсінп ал, сұрап қой және т.б. 2. Өздік етістік - қимылдың, іс-әрекеттік орындаушысынан, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден –ін, -ың, -н, жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрі. Мысалы: таң атқанша тарандық. (Махамбет). Қимыл сол іс иесіне бағытталғандығын білдіріп тұр. 3. Өзгелік етіс-қимылдың іс-әрекеттің сөйлемдегі іс-иесі тікелей өзі емес, екінші басқа субъекет, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, мына жұрнақтар арқылы жасалынып тұр: - ғыз, -гіз, -қыз, -кіз: -отыр-ғыз, -кір-гіз, т.б. -дыр, - дір, - тыр, -тір, -ыр, -р: сал-дыр, сен-дір, тік-тір, т.б.-т: жаса-т, сөйле-т, т.б. Іс-әрекетті біреу арқылы істеп отыр.4. Ырықсыз етіс - іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелгендігі көрінеді. Мына жұрнақтар арқылы жасалады: -ыл, - іл, - л, -ын, -ін, -н: айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды.5.Ортақ етіс – қимыл іс-әрекеттің иесі орныдаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы негізгі етіс формасынан жасалатын етіс. Мысалы: Айтыс, әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс, көмек көрсетіс, іздеу салыс, ат салыс және т.б. Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Ол бізге үй сал-ыс-ты. Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та беріледі: сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-іл-ді, айт-ыс-тыр-ды, т.б. - ла+ с формаларының біріккен құранды –лас (-лес,-дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер ортақ етіс мағынасын білдіреді. Мысалы: ақыл-дас, араз-дас, мұң-дас, пікір-лес, және т.б.
Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.
Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:
- ол онан жөн сұрады;
- олар бір-бірінен жөн сұрасты;
- ол онан жөн сұратты;
- онан жөн сұралды;
- ол өзі сұранды
деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір бола тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.
Сондай-ақ: | тасы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын; |
жу, жуыс, жудыр, жуыл, жуын | |
айт, айтыс, айттыр, айтыл | |
тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады. |
Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді:
- негізгі етіс,
- ортақ етіс -с (-ыс, -іс),
- өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір),
- ырықсыз етіс -ыл (-іл, л),
- өздік етіс -ын (-ін, -н)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды