Бокс өнері. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 7 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Бокс өнері

Оқу мақсаты:

6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;

Бағалау критерийлері:

  • Етіс түрлерін түсінеді;
  • Етісті тілдесім барысында қолданады;

Ойын ойнайық

Екі топқа бөлініп, сапақа тұрыңыздар.

Рет-реттеріңізбен шығып, бір етістіктен жазыңыздар.

Етістіктердің қайталанбауын ескеріңіздер.

Жазған сөздеріңізді санаңыздар.

Мәтінді мұқият оқып, етістіктерді анықтаңыздар және етістіктің қай түріне жататындықтарын ажыратыңыздар.

Бокс спорты

 Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап шайқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген.

Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған. Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiлген. Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.

Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Майк Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мақтанып жазады.

4-тапсырма

Айтыс, жүзу, ойнау, айту, кию, қою, жазу, көру.

Берілген етістіктерден етістер жасап, сөйлемдер құраңыздар. Сөйлемдердің спорт тақырыбында болуын ескеріңіздер.

Дескрипторлар:

  • Етістіктерді жазады;
  • Етіс түрлерін біледі;
  • Мәтіннен етіс түрлерін анықтайды;
  • Етістіктерден етістер жасайды;


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу