Саяхат және демалыс. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Саяхат және демалыс

Сабақтың тақырыбы

Саяхат және демалыс

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы.

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А4. Негізгі ойды анықтау

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

ӘТН 1. Орфографиялық норма

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

Тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен негізгі ойды анықтай отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескеру.

Барлық оқушылар:

Мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Көптеген оқушылар:

Тыңдалым материалының негізінде әңгіме жаза алады, орфографиялық норманы сақтайды.

Кейбір оқушылар:

Барлық талаптарды толық орындай алады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады;
  • Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, сауатты жазады.

Дескриптор

  • Сабақтың тақырыбын анықтайды;
  • Сабақтың мақсатымен танысады;
  • Саяхат туралы туралы ой бөліседі;
  • Кестедегі 5 жауап дұрыс;
  • Сөздерді баламаларымен сәйкестендіреді;
  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
  • Концептуалды сұрақтар дайындайды;
  • Құрған жоспарыңның негізінде өз ойыңнан 100-150 сөзден тұратын шағын әңгіме жазады;
  • Жұмыс нәтижесін бағалау критерийлері арқылы өзара бағалайды.

Тілдік міндеттер

Пән лексикасы және терминология: алтын бесік, алпауыт қарлы пирамида, ұлы әмірші, Хантәңірі, оазис

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Менің ойымша.....

Мен келісемін…

Мен келіспеймін…

Құндылықтар

Елжандылық

Туған елге тағзым

Осыған дейін меңгерілген білім

Аспан әлемінің құпиялары

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;

Топқа бөлу

Оқушылар демалыс дегенде көз алдына не елестейтінін түрлі-түсті қағазға жазады. Жазған сөздерін ортаға салады, сосын мағынасы жуық сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

Сабақтың ортасы

35 минут

Тыңдалым алды сұрақтары

1.Саяхатқа шыққанда қай жерлерде болдыңыз?

2. Жылдың қай мезгілі саяхаттағанға қолайлы деп ойлайсыз?

3.Қазақстанда саяхаттауға қолайлы жерлерді білесіз бе?

Тыңдалым тапсырма:

«Жетісу»

https://www.youtube.com/watch?v=ehlLztLYkvs

үзінді (3:40 минут)

1-тапсырма. Қазақстанның Жетісу өңірі туралы бейнебаянды тыңдайды және «шын», «жалған», «айтылған жоқ» кестесін толтырады

Жетісудың жергілікті жері өте құнарлы болғанмен, табиғаты жұтаң

ж

Күннің ең алғаш сәулесі мөлдіреген су бетіне түседі

ж

Хан Тәңірі – мұздықтарының жалпы ауданы 2500 км2

а

Хан Тәңірін бірінші көрген адамның бағы жанған екен

ж

Қасиетті тауға тіл-көз өтіп кетпеу үшін, бұлттардың арасында жасырынып тұрады екен

ш

Жетісу түріктің көне сөзі

ш

Су көздері өзара бірігіп, бұл жерді көркем оазиске айналдыра алмады.

ж

Таудан соққан ызғарға қарамастан гүлдердің көп түрі өседі.

ш

2-тапсырма. Сөздерді баламаларымен сәйкестендіріңіз.

алтын бесік

жергілікті жері

алпауыт

мұз шыңы

өте құнарлы

тәңір

ұлы әміршінің үйі

қарлы пирамида

аспан әміршісі

деп атауы тегін емес

3-тапсырма. Бейнебаян бойынша концептуалды сұрақтар дайындаңыз.

  • Қазақстанның шығысы неліктен Жетісу деп аталады?
  • Мақалаға қандай тақырып қояр едің?
  • Журналдың қандай айдарына жариялар едің?
  • Дерек, дәлелдер бар ма?
  • Біздің сезімімізге әсер ететін сөздер бар ма? т.б.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

  • Тыңдалым тапсырмасының сюжеті негізінде әңгімеге жоспар құр.
  • Әңгіменің атауын бер.
  • Құрған жоспарыңның негізінде өз ойыңнан 100-150 сөзден тұратын шағын әңгіме жаз.

Бағалау критерийі

1.Әңгіменің жоспарын жүйелі құра алады.

2.Әңгіменің атауы тақырыбын ашады.

3. Орфографиялық нормаға сай жазады.

https://www.youtube.com/watch?v=fdBxh55WuIg

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Борт журналымен» жұмыс

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Тақырып бойынша жаңадан не білдім?

- мәтіннен?

- сабақтан?

- сыныптастарымнан?

- мұғалімнен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу