3 сынып_Демалыс мәдениеті. Мерекелер_№14 сабақ_Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Күні: 4 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№14 сабақ. Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.5.1 Берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.2.2.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану

3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

Бағалау критерийлері

Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады

Негізгі және туынды зат есімдерді ажыратады

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

шатқал, әктас, аңғар

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- жазғы демалысты жоспарлауда ата-аналардың орны туралы не ойлайсыңдар?

Құндылықтарды дарыту

Жазғы демалысты пайдалы өткізуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, дене шынықтыру, музыка

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз мағыналары, сөз таптары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Ұйымдастыру кезеңі. (Т, Ұ)

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.

Үй тапсырмасы «Жазғы демалыс күнделіктері» ойымен бөлісу. Сөйлесу барысында бір-біріне:

- нақтылаушы сұрақтар қоюға;

- себебін сұрауға болады.

 Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. 1 минут ішінде қарама-қарсы тұрған оқушылар бір-біріне күнделік жазу туралы идеяларын баяндап, қойған сұрағына жауап беріп, диалогке түседі. Уақыт өткен соң, белгі беріліп, сыртқы шеңберде тұрған оқушылар бір қадам оңға жылжып тұрады. Оқушылар жаңа жұбымен диалогті қайта бастайды. Осылай жұмыс жалғасады. Мұғалім шеңбердегі оқушылардың сөйлеу дағыдысын бақылайды. Қажет жағдайда бағыт береді.

 Ата-аналардың мүмкіндігін ескеру, ата-ананың берген тапсрымаларын орындау, т.с.с отбасылық құндылықтарды игеруге бағытталған түсінік жұмыстарына мұғалім көңіл бөлуі керек.

Тапсырма соңында оқушылар өзара кері байланыс беруі ұйымдастырылады.

Маған ұнаған..., себебі...

Дескриптор:

- диалогке белсенді қатысады;

- сөйлеу барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды;

- тақырыптан ауытқымайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Слайд 2

Слайд 3-4

Сабақтың ортасы

11-34 минут

Негізгі бөлім

Жиынтық бағалаудың мақсаты, қандай оқу мақсаты тексерілетінін оқушыларға таныстырылады. БЖБ-ды орындау уақыты 15-20 мин, тапсырма саны мен түрі қысқаша таныстырылады. Оқушыларға түсінбеген тұстары бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік беріледі. БЖБ-ны орындау тәртіп ережесі еске түсіріледі.

  • Ешкімнен көмек сұрамау.
  • Тапсырмаларды өз бетінше орындау.
  • Қателескен жағдайда жай қарындашпен түзету.

1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

  • Берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендір.
  • Берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендір.
  • Сөз тіркесі қандай мағынада (тура немесе ауыспалы) қолданылып тұр? Жаз.

Көз тартарлық - ________________________________

Көз - ________________________________

  • Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемдерді белгіле ().

2-тапсырма

Мәтіннен 1 негізгі және 1 туынды зат есімді тауып жаз.

Негізгі зат есім: ________________________

Туынды зат есім: ________________________

Қосымша №1

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

2-қосымша

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия

Өзіндік талдау жасау.

Қазақ тілі сабағынан қандай дағдыларды игердім?

Үйге тапсырма: «Жазғы демалысты ұйымдастыру» жоба әзірлеуге дайындалу.

Слайд 9

3-қосымша

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушылар пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды өз бетінше құрады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сұрақ үлгілері ұсынылады.

Топтық жұмыстың нәтижелері бағалау дескрипторлары негізінде, сондай-ақ өзін-өзі тексеру, өзара тексеру және мұғалімнің түзетуі арқылы тексеру бағаланады.

Сергіту сәті жасатылады, белсенді оқыту әдістері қолданылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу