Хат жазу _ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні:. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | №1-сабақ. Хат жазамыз. Сөз таптарын қайталау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды; - негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды; - мұғалімнің көмегімен кесте пайдаланып ашықхат құрастырады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор
| Пәндік терминология мен тірек сөздер: негізгі зат есім, туынды зат есім,негізгі сын есім, туынды сын есім, негізгі етістік, туынды етістік, түбір, жұрнақ. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ата ананы сыйлау, құрмет көрсетуге баулу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану, дүниетану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз таптары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. «1 минуттық жазу» әдісі. 3.4.2.4 Негізгі және туынды сөз таптары туралы білімін еске түсіру. Оқушылардың тақырып аясында сөздік қор деңгейі анықталады, сауатты жазу қабілеті дамытылады. 1. Оқушылар «ана» сөзіне қатысты сөздерді 1 минут ішінде жазып шығады. Жазған сөз санын жай қарындашпен белгілеп алу ұсынылады. 2. 1 және 2 -нұсқада отырған оқушылар сынып бөлмесінің екі жағына топтасып, өз жазған сөздерімен бөліседі. Бір оқушы жазған сөздерін оқиды, тыңдап тұрған оқушылар өздерінің жазбасында сөз кездескен жағдайда белгілеп, болмаған жағдайда сөзді толықтырып жазып алады. Келесі кезекте оқушылар тек аталмаған сөздерді ғана оқиды. Топта идея алмасуға 2-3 минут уақыт беріледі. Жазған сөздері санын анықтайды. Сабақ тақырыбы болжатылады. Сабақ мақсаты мен оқу мақсаты, бағалау критерийлері белгіленеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| 3.4.2.4 (Ж, МК, Қ) Оқушылар өзара дәптерлерін алмасып, бір бірінің жазуын тексереді. Қате кездескен жағдайда жай қарындашпен белгілеп, түзетуге мүмкіндік береді. Сынып оқушылары жіберген қателерді бақылап, классификация жасап, дер кезінде қатемен жұмыс ұйымдастыру міндетті болып табылады. Талқылау
(Т) Оқушыларды 1-4 – ке дейін санау арқылы немесе көршілес парталар бойынша шағын топтарға топтастыру. Сызба бойынша жазған сөздерді топтастыру. Өз жауаптарын таныстыру және негіздеу.
Саралау
Топтар өзара орындалған жүмыстарды таныстыру барсында тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойып бағалайды. Дескриптор:
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; ( МК;Ұ;Ө;Қ) Мәтінді мәнерлеп оқу. Мәтіндегі негізгі ойды табу. Анаға құрмет Мерекелі көктем келіп, кең дала гүлдеді. Аналар күні қарсаңында біздің отбасымыздағы балалардың үлкені Асқар:
Асқар мектеп шеберханасынан үлкен қондырғы жасап әкелді. Мен оған ақ мата керіп, оның ортасына күннің суретін салдым. Маржан мен салған сурет бойынша кесте тікті. Бүкіл ғаламға сәулесін таратып тұрған күннің ортасына анамыздың суретін орналастырдық. Күлімдеген күн. Асқақтаған Алатау. Гүлжазира кең дала. Анамыз күннің кеудесінде күлімдеп тұр. Суреттің астына: «Ана –біздің күніміз!»–деп, мен көркем етіп жаздым. Аналар күнінде ерте тұрып, үй жинадық. Маржан тамақ дайындады. Біз оған көмектестік, анамызды дастарқан басына шақырдық.
Маржан сыйлығымызды ұсынды. Ананы құшағымызға алып сүйдік. Анамызға арнап: Ғаламда бар адам Анадан тараған: Ақылгөй, балажан, Аман бол, анажан!–деп, тақпақ айтып бердім. Асқар күй тартты. Маржан мен Асқар үшеуміз қосылып: Ана – біздің күніміз! Ананың біз – гүліміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз! – деп ән айттық. Анамыз күндей жайнап, мейірлене күліп, бәрімізді құшырлана сүйді де: «Өмірлерің мәнді болсын, тірліктерің сәнді болсын! Татулықтарың осылай тәтті болсын, әрбір әрекеттерің сәтті болсын!» – деп, аналық батасын берді. Біз масаттана қуандық. Әдібай Табылды Оқушылардың мәтінді оқуында мәнерлеп оқу элементтері (логикалық, психологиялық, грамматикалық кідірістер, дауыс ырғағы т.б.) басшылыққа алынады. Талқылау
Мәтінге қойылған «Анаға құрмет» атының негізгі ойдың қысқаша атауы екендігі оқушыларға байқатылады. Тақырыптың қысқаша атауы ретіндегі оқушылардың нұсқалары сыныпта талқыланып таңдалады: «Мереке күні», «Аналар мерекесі», «Сыйлық» т.б. Мәтінге жоспар құру жұмысы жүргізіледі:
Бағалау критерийлері
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен кестені қолданып ашықхат құрастыру (МК,Т,Ө) Ашықхат мәтінін жазу. Кестені бірлесіп толтыру. Үлгі бойынша ашықхат мәтінін дайындау.
Мұғалім ашықхат мәтінінің қандай бөліктерден тұратындығына оқушылардың назарын аударады:
Кестенің сол жақ бөлігіндегі сұрақтар бойынша жұмыс жүргізіледі. Ашықхат мәтіні бөліктері бойынша берілген сұрақтарға назар аудартылады. Ұжымдық жұмыс арқылы кестенің оң жақ бөлігі толтырылады. Осындай жұмыстардан кейін әр оқушының өзбетімен ашықхат жазуы жүзеге асырылады. Саралау «1 минуттық жазу» барысында жазған сөздерін қолдану. Дескриптор:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | ІІІ Рефлексия Өзін өзі бағалау кестесі
Оқушының бағалауы мен педагогтің бағалауы сәйкес келді ме? Неліктен? Оқушылармен қандай оқу мақсаттарын әлі де пысықтау керек? Үй тапсырмасы: «Менің анам» тақырыбында таныстыру әзірлеу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?