2. Қазақ тілі_3 сынып 8 бөлім_Мерекелер. Демалыс мәдениеті_№121-сабақ ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Қазақ тілі
3-сынып 8-бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениетіСабақ тақырыбы: №121. Мәтін және сөйлемді қайталау(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра», 2018 ж.)Бастауыш сынып мұғалімі: Сарыева А.Т.
Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Оқу мақсаты
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.
Бағалау критерийлері
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып және жауап бере алады;
жіберілген пунктуациялық, стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді;
түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлейді
«Мозайка» құрастыр
1.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,
Қайда барсаң, жол болсын!
2.Наурыз келсе, құт келеді.
Наурыз мейрамы құтты болсын!
3.Уайым-қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
4.Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Талдау:
Қандай сөздер пайда болды?
Бұл сөздер қай уақытта айтылады?
Тағы қандай бата тілектер білесіңдер?
Талқылау:
Бүгінгі сабақ қандай мереке туралы болады деп ойлайсыңдар?
Наурыз мерекесін атап өтудің 2 ұнайтын жағын айтып, ойыңмен бөліс.
9-жаттығу
Сұрақтар құрастыру
Сұрақтарға жауап беру, бағалау
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді;
- сұрақтарға жауап беруде өзіндік көзқарасын білдіреді;
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.
Сұрақтарға жауап жазу
А. Наурыз сөзінің мағынасын қалай түсінесің?
В. Ұзынсары сөзі қандай мағынаны білдіреді?
С. Күннің төбеге биік көтерілуінің табиғатқа қандай әсері бар?
5-жаттығу
Белгі қойып оқу
Ақпаратпен бөлісу
Талқылау
Аналар мерекесі қай күні аталып өтеді?
Балалар анасына қандай сыйлық жасады?
Бұл күні тағы кімдерді мерекемен құттықтауды естен шығармау керекпіз?
Бауырлар сыйлықты жасауға қалай үлес қосты?
Бұл отбасында неше бала бар деп ойлайсың?
Балалардың бойынан қандай жақсы қасиеттер байқадың?
Мәтінге тағы қандай тақырып ұсынар едің?
Көркем жазу
Нн ниет, намыс, нар, нақыл. Наурыз нұрымен нұрландырды.
10-жаттығу
Наурыз – жыл басы. Бұл кезде кұн ұзарады, түн қысқарады. Наурыз – ұлттық дәстүрді дәріптейтін мейрам.
Шығармашылық жұмыс
Жағдаят құрастыру
Наурыз мерекесін зерттеуші ғалыммен кездесу;
Үлкен ата әжемен кездесу;
Елімізге Наурыз мерекесі қарсаңында келген шетелдік туристпен кездесу:
Наурыз жыл басы тікелей эфир.
Саралау. Ой түрткі
Сұхбатты қалай бастауға болады?
Қандай сұрақтар туындауы ықтимал?
Қандай игілікті істер атқаруға болады?
Бағалау
3 ұпай – диалогке өте жақсы қатысады.
2 ұпай – диалогті жақсы жалғастырады
1 ұпай – диалогке қатысуда өзгенің сөзін тыңдауға, ойды жалғап сөйлеуге көңіл аудармайды.
Өзін бағалау
Үй тапсырмасы
11-жаттығу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?