3 сынып_ 8 бөлім_Мерекелер. Демалыс мәдениеті_№124-сабақ_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» | |||||||||||||||||||||||||
Күні:. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | №124-сабақ. Ардагерлерді ардақтайық! Нұсқаулық жазу | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру. 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды; - жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді; - мұғалімнің көмегімен сызба, график пайдаланып нұсқаулық жазады | |||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор
| Пәндік терминология мен тірек сөздер Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік қасиеттерін қалыптастыру. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | ||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (МК, Ұ, Ө) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/ диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау Қазақстандық Ұлы Отан соғысы батырларының фото галлереясын ұйымдастыру. Білген ақпараттарымен бөлісу. Сабақ мазмұнын болжау. Бауыржан Момышұлы Нұркен Әбдіров Мәлік Ғабдуллин
- Қазақстандық Ұлы Отан соғысы батырлары туралы не білесіңдер? Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын белгілеу. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| (Ө,Т ) «1 минуттық жазу» әдісі. Жеңіс күні тақырыбына сөздер жазу. Сөз санын белгілеу. І кезең. (Ө) 1 минут ішінде Жеңіс күніне қатысы бар сөздер тізбегін жазу. Сөз санын анықтау. ІІ кезең. (Т) 1-2 нұсқада отырған оқушылардан топ құру. Өзара топта идея алмасу, сөз қатарын толықтыру. Сөздердің аясын кеңейту, толықтырып жазып алу. Сөз санын анықтап, белгілеу. (Ж) Өзара жұмыстарын тексеру. Қателерді белгілеу. (МК,Ұ) Қатемен жұмыс. Қате түрлерін талқылау. 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау (МК; Ө; Ұ; Қ) Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлең мазмұнын талдау. 22-жаттығу. Өлең мазмұны бойынша не түсіндің? Жеңіс күні мерекесінің шығу тарихы туралы не білесің? Жеңіс күніне кімдердің арқасында жеттік? Өлең авторы балаларға қандай өнеге айтқан? сұрақтарына өз пікірлерін білдіріп жауап береді. Өлең авторының сендерді неге «батырлардың ұрпақтары» деп атады сұрағы бойынша топта талқылаулар жасап, өз ойларымен бөліседі. Дескриптор
(Ж; Ұ; Қ) Өлең мазмұны бойынша әңгімелеу. «Жас жазушы» дидактикалық ойыны. «Балапан» телеарнасының кішкентай көрермендеріне арналған бағдарламаға сені жас жазушы ретінде шақырды. Телебағдарламада «Жеңіс күні» туралы бұлдіршіндерге түсінікті әңгімелеп беру қажет. Әңгімелеу барысында өлеңнен ақпараттарды қолдану міндетті. Сергіту сәті: Бейбіт өмір болсын әлемде әнін тыңдау, бірге орындау. https://www.youtube.com/watch?v=Jr6mj_vs5e8 3.3.5.1 (Ө; Ж; Қ) 23-жаттығу. Өлеңді қатесін түзетіп көшіріп жазу. Отан үшін от кешкен, Өліммен де беттескен. Омырауын оқ тескен Менің атам – майдангер. Майдангер сөзін дауыссыз дыбыс түрлеріне ажыратады. Көркем, сауатты жазуға назар аударту. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды. Саралау: дауыссыз дыбыс түрлері кестесі. Дескриптор
(Ө; Қ) Мақал құрастырып, мағынасына талдау жасау. Сөздерден мақал құрастырып, мағынасына талдау жасайды. Шешуі: Отан үшін күрес – елге тиген үлес. 3.3.4.1 (Ө; Ж; Т) «Бірлесіп жазу» стратегиясы. «Ардагерлерді ардақтайық!» Нұсқаулық жазу. 25-жаттығу.
3.3.5.1 (Ж,Қ) Жұмыстарын таныстыру. Өзара орындаған жұмыстарын тексеру. Қатемен жұмыс ұйымдастыру. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі. Дескриптор
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | ІІІ. Рефлексия (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау.
Үй тапсырмасы: 24-жаттығу. Мақалды оқып, мағынасын түсіндіру. Х, һ дыбыстары бар сөздерді тауып, олардың айтылуы мен жазылуын естеріне түсіріп, игерген білімдерін бекітеді. | |||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?