1. Қазақ тілі_3 сынып_ 8 бөлім_Мерекелер. Демалыс мәдениеті_№121-сабақ_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Күні:.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№121-сабақ. Мәтін және сөйлемді қайталау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, стилистикалық қателерді тауып, түзетеді

- сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді

Оқушылардың көбі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

- жіберілген пунктуациялық, стилистикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді

-диалогке белсенді қатысады;

Оқушылардың кейбірі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді

- жіберілген пунктуациялық, стилистикалық қателерді тауып, түзетеді

- диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады

 Бағалау критерийлері

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып және жауап бере алады;

- жіберілген пунктуациялық, стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді;

- түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлейді

 Сөздік қор

 

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Наурыз, ұлттық, дәстүр, Ұзынсары

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

 Құндылықтарды дарыту

Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге баулу

 Пәнаралық байланыстар

«Әдебиеттік оқу», «Дүниетану» пәндерімен байланыс

 АКТ қолдану дағдылары

-

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөйлем мүшелеріне талдау. Мәтін бойынша сұрақ қою, жауап беру дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Т,Ұ) «Мозайка» тәсілі. Наурыз мерекесіне орай сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін анықтап, ізгі тілек, баталарды құрастыру тапсырмасы. Оқушылар тобына қосымшада берілген материалды жеке сөздерге бөліп жазып, үлестірме материалды алдын ала дайындап, тарату керек.

1. ұлыс ақ болсын оң мол болсын

қайда жол барсаң болсын

2. құт наурыз келеді келсе

Наурыз болсын мейрамы құтты

3. уайым-қайғы болсын жоқ

көп қуаныштарың болсын

4. бақты ұлыс болсын

болсын төрт ақты түлік

Талдау:

Қандай сөздер пайда болды?

Бұл сөздер қай уақытта айтылады?

Тағы қандай бата тілектер білесіңдер?

Талқылау:

  • Бүгінгі сабақ қандай мереке туралы болады деп ойлайсыңдар?
  • Наурыз мерекесін атап өтудің 2 ұнайтын жағын айтып, ойыңмен бөліс.

Сабақта пысықтауға арналған оқу мақсатын хабарлау. Дескрипторн белгілеу.

Сабақтың ортасы

ІІ. Негізгі бөлім

3.2.3.1 ; Ж; Қ) Мәтінді түсініп оқу. Сұрақтарды топта талқылып, өз көзқарасын білдіру.

9-жаттығу.

Мәтінді іштей оқу. Сұрақтарға жұбымен ақылдасып, жауап жазу.

А. Наурыз сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

В. Ұзынсары сөзі қандай мағынаны білдіреді?

С. Күннің төбеге биік көтерілуінің табиғатқа қандай әсері бар?

Сынып оқушыларымен жауаптарын талқылау және өзара тексеру.

«Сұраулы сөздер» статегиясы. Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру. Жұбымен ақылдаса отырып, мәтін негізінде 2 сұрақ құрастырып жазу.

Қашан?

Қалай ойлайсың?

Неліктен?

Келісесің бе?

Cаралау.

Тірек сөздер, сөз тіркестер арқылы қолдау: «Неліктен», «қалай ойлайсың?», «келісесің бе», «басқаша қалай болуы мүмкін».

(Ж; Қ) Мәтін мазмұны бойынша құрастырған сұраққа жауап беру.

Жұптар өзара сұрақтарын алмасады. Әр жұп өздеріне түскен сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар ең ұтымды жауаптар мен құрастырылған тиімді сұрақтарға «лайк» береді. Оқушылардан өз берген бағаларын Дескриптор бойынша негіздеуін талап етіңіз. Бұл оқу мақсаттарын саналы игеруіне ықпал етеді.

Дескриптор

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді;
  • сұрақтарға жауап беруде өзіндік көзқарасын білдіреді;
  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.

Көркем жазу. Нн ниет, намыс, нар, нақыл. Наурыз нұрымен нұрландырды.

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Тиісті тыныс белгілерін қойып жазу. Жай сөйлем түрін ажырату. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіру. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

10-жаттығу. Оқушылардың каллиграфиялық талаптарға сай жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Бірінші және үшінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.

Наурызжыл басы. Бұл кезде кұн ұзарады, түн қысқарады. Наурыз ұлттық дәстүрді дәріптейтін мейрам.

Дескриптор

  • жіберілген пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді;
  • жіберілген стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.

Жұбымен дәптерлерін алмасып, бір-бірінің жұмысын тексереді. Қатесін тауып, жай қарындашпен түзетеді. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен талдап, қатемен жұмыс ұйымдастырылады.

Саралау

Сөйлем мүшелері сызбасы

3.1.3.1 (Т; Қ) Шығармашылық үзіліс.

12-жаттығу. Жасырынған сөзді табу. Торкөздерге суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерін жазады. Жауабы: наурыз. Шыққан сөзді қолдану мақсатында жағдаят құрастыру:

  • Наурыз мерекесін зерттеуші ғалыммен кездесу;
  • Үлкен ата әжемен кездесу;
  • Елімізге Наурыз мерекесі қарсаңында келген шетелдік туристпен кездесу:
  • Наурыз жыл басы тікелей эфир.

Топ оқушылары өзара рөлдерді белгілеп, жағдаят төңірегінде диологті жоспарлайды. Айтар сөздерін ақылдасып, дайындалады.

Сынып алдында топ жұмысын таныстырады.

Саралау. Ой түрткі

  • Сұхбатты қалай бастауға болады?
  • Қандай сұрақтар туындауы ықтимал?
  • Қандай игілікті істер атқаруға болады?

Дескриптор

  • жағдаят тақырыбын ашатын диалогті жүйелі түрде жоспарлап құрастырады;
  • өзгенің сөзін тыңдап, ой жалғап, тақырыптан ауытқымай сөйлейді;
  • тілдік нормаларды, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді.

Топтар өзара жұмыстарын критерийлерге сәйкес 1 ұпайдан беру арқылы бағалау:

3 ұпай – диалогке өте жақсы қатысады.

2 ұпай – диалогті жақсы жалғастырады

1 ұпай – диалогке қатысуда өзгенің сөзін тыңдауға, ойды жалғап сөйлеуге көңіл аудармайды.

Оқулық

Түсіндірме сөздік

Оқулық

№4 дәптермен жұмыс

Оқулық

№4 дәптермен жұмыс

Оқулық

№4 дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

5 минут

ІІІ Рефлексия

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау.

Дескриптор

Өз бағам

Мұғалім бағасы

сұрақтарға жауап беруде өзіндік көзқарасымды білдіремін

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра аламын

жіберілген пунктуациялық қателерді тауып, түзете аламын

жіберілген стилистикалық қателерді тауып, түзете аламын

өзгенің сөзін тыңдап, ой жалғап, тақырыптан ауытқымай сөйлеймін

тілдік нормаларды, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлеймін

Үйге тапсырма: 11-жаттығу.

№4 дәптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу