Қазақ тілі_3 сынып_ Тірі табиғат_ТақырыбыӨмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу


Сабақтың тақырыбы:

«Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу»

Қыркүйектің жетісі

Сынып жұмысы.

1-бөлім:Тірі табиғат.

Сабақтың мақсаты:

Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтау, түсіну және түсінгенін көрсету.

Жетістік критерийі:

Мәтіннің негізгі ойын, бөлімдерін анықтау арқылы түсінгенін көрсете алады.

ЖОЛБАРЫС

БАРЫС

Барыстың баласын марғау

немесе мәулен деп атайды

Барыс, ірбісмысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Барыстың баласынмәулен немесе марғау деп атайды. Барыс екі жылда бір рет көктем мезгілінде, әдетте, бірден беске дейін, мәуленді дүниеге әкеледі. Мәуленнің салмағы бес жүз грамм болады. Дүниеге соқыр боп туады. Тек бес-алты күннен кейін көздері ашылып, ал оныншы күнінде аяқтарына тұрады. Екі айында апанынан шығып, анасымен серуендейді. Бірақ аңға анасымен бірге бес-алты айында ғана шығады.

Өмір кезеңдеріндегі екінші қыста ересек барыс деп айтайды. Оның дене тұрқы жүз жиырма бес – жүз отыз бес см, биіктігі алпыс см, салмағы отызқырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың болады. Ол басын мәңгі қар басқан таулы жерлерде ең көп жүреді. Барыс арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді ұстап жейді. Табиғатта барыс он жүз жыл өмір сүреді. Ал бостандықсыз жиырма бір жылға дейін өмір сүре алады.

Қазақстандағы барыстың саны жүз сексенекі жүздей. Олар қорықтарда мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы. Барыс Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген.

Snow Leopard

Снежный барс

Қарлы барыс

теңбіл шұбар

дақтар

РЕФЛЕКСИЯ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу