Тірі табиғат_ТақырыбыӨмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Тірі табиғат

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.5.1 сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау

Сабақ мақсаттары

Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) анықтайды.

Бағалау критерийлері

Мәтін түрлерін анықтайды

 Сөздік қор

Тіршілік иелері, су тасбақасы,

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Тіршілік иелерінің өмір кезеңдерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

Оқушылар топта тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Өткенді бекіту.

Оқушыларға сөздер көрсетіледі: сәби,бала,ересек,жасөспірім,балғын жастық,кемел,мосқал,қарт.

Осы сөздерді оқығанда қандай ой туды?

Өткен сабақта не туралы айттық?

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Мұғалімнің сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыруы.

Презентация

Сабақтың ортасы

2 мин

1 мин

ІҮ. Негізгі бөлім

Сабақта ненің өмір кезеңі туралы айтатынын білу үшін жұмбақтар шешейік.

Жұмбақ шешу:

  • Тастан салған үйi бар,

Көшiп жүрер асықпай,

Қыста ұйықтап бұйығар,

Тамақ iздеп, ашықпай.    (Тасбақа)

Мұғалім:

1 тапсырма.

-Тасбақа туралы не білесіздер?

Оқушылар топ ішінде талқылап, тасбақа туралы айтады.

Тасбақа туралы өз білімдерін толықтыру үшін, оқушыларға бейнефильм тамашалауға ұсынылады.

2-тапсырма: Тасбақа туралы бейнематериал көреді.

Сұрақ:

-Осы бейнематериалдан тасбақа туралы не білдіңдер?

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Тасбақа туралы үш сөйлем дәптерге жазу.

Оқушыларға оқуға әңгіме беріледі. Оқушылар оқып, мәтіннің түрін анықтайды.

Мәтіннің түрлері:

  • Әңгімелеу
  • Сипаттау
  • Пайымдау

Оқушылар топ ішінде әңгіменің бөлімдерін анықтайды.

5-жол өлең құрастыру.

  • Не?
  • Қандай?
  • Не істеді?
  • Сөйлем
  • Мағыналы сөз.

Сабақтың соңы

10 мин

Рефлексия:

Мен бүгінгі сабақты жақсы түсініп, тапсырмаларды толық орындадым.

Мен тақырыпты толық түсіне алмадым және тапсырманы жартылай орындадым.

Маған осы тақырып бойынша көп жұмыс жасауым керек.

Оқушылар үлгі бойынша өз-өздерін бағалайды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды дифференциация бойынша беру.

Топтық жұмыс барысында берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтай алуын және

мәтіннің негізгі ойын анықтау арқылы түсінгенін көрсете алуын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1-топ

Жер бетіндегі ерекше тіршілік иелерінің бірі – тасбақалар. Олар орташа есеппен 200 жылдан астам өмір сүреді. Тасбақалардың ішкі ағзалары қартайған шағында да жастық шақ кезіндегідей жұмыс жасайды екен. Сондықтан олар ұзақ өмір сүреді.

2-топ

Жер бетінде ұзақ өмір сүретін тіршілік иесі болғанмен, тасбақалардың жауы көп. Мысалы, теңіз тасбақалары жұмыртқаны жарып енді теңіз бойына жол алған сәтте шағалалар немесе басқа құстар азықтанып той жасай бастайды.

3-топ

Кейбір жыртқыш құстар оларды тырнақ астына алып биікке ұшып, қатты шың-құздарға тастайды. Онымен қоймай көптеген тасбақалар аштықтан өледі. Себебі азығын табу қиынға соғады екен.

4-топ

Тасбақаның ерекшелігі – ұзақ уақыт қоректенбей, су ішпей жүре алады. Арқасындағы мықты сауыты тасбақаны температуралық толқулардан сақтайды.

5-топ

Қыстың қатты аязы мен боранында не жаздың аптапты ыстығында олар тіршілік етуді тоқтатады. Яғни мұндай сәттерде тасбақалар терең ұйқыға кетеді.

А)Мәтінді оқиды.

Ә) Ақпарат жинайды

Б) Түсінбеген сөздермен жұмыс жасайды.

В) Топта таныстырылым жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу